10 қарашада Lexus Қазақстан жаңа «Қара Қабылан: Ваканда мәңгілікке» Marvel фильмінің жабық алдын-ала көрсетілімі аясында кең ауқымды иммерсивті тест-драйв өткізді.
Бренд амбассадоры, актер және режиссер Санжар Мәдимен бірге трендсеттерлер, БАҚ өкілдері және танымал блогерлер, соның ішінде: Әли Оқапов, Қуаныш Шонбай, Айна Исаева, Индира Ғаббасова, Дияс Валихан, Тимур Мұстафаев және басқалары қызықты квестке қатысып, барлық премиум Lexus модельдеріне өз бағасын берді.