Байланысу
LEXUS ЖАҢАЛЫҚТАР

Lexus Kazakhstan Astana Open - 2023

Lexus Kazakhstan Astana Open-2023 халықаралық теннис турнирінде LM премиум минивэнін ұсынды

2023 жылдың 3 қазанында Астанада Lexus Kazakhstan ресми автосеріктесі болған ATP 250 - Astana Open әлемдік сериясындағы теннистен ерлер арасындағы турнир аяқталды. Astana Open Қазақстан елордасында осымен үшінші рет өткізіліп жатыр – бұған дейін осы санаттағы турнир Астанада 2020 және 2021 жылдары өтті. Биыл Astana Open жүлдесін француз Адриан Маннарино жеңіп алды – финалда турнир фавориттерінің бірі америкалық Себастьян Корданы 4:6, 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Ынтымақтастық туралы меморандумға теннис әлем3ндегі ең беделді шара Қазақстанда өтер алдында бірнеше апта бұрын қол қойылып, Lexus-ты Astana Open матчтары кезінде бренд пен үлкен теннис жанкүйерлері үшін бірегей көрмелер мен іс-шаралар өткізуге шабыттандырды

Турнирдің ресми автосеріктесі ретінде Lexus Kazakhstan ойыншылар мен олардың командаларының жайлы жүріс-тұрысы үшін премиум көліктер, соның ішінде өздігінен қуатталатын жаңа гибридті Lexus RX 500h ұсынды.

Турнирдің барлық қонақтары үшін Lexus «Lexus Match Point» атты тақырыптық іс-шараларын дайындады, онда ракеткамен және доппен қарапайым, бірақ көңілді сайыстарға қатысып, Astana Open шарасынан естелік ретінде жағымды тосын сыйлар ұту мүмкіндігі болды.

Beeline Arena кіреберісінің жанында ерекше айна экспозициясының ортасына жаңа Lexus RX 500h орнатылды: онда әсерлі фотосурет түсіріп қана қоймай, модель және жалпы бренд туралы көбірек білу үшін қысқа тест-драйвқа жазылу да мүмкін болды.  

Astana Open кезінде лимузин сән-салтанатын және премиум минивэн жайлылығын біріктірет3н Қазақстан нарығы үшін жаңа әрі бірегей гибридті Lexus LM 350h моделінің тұсаукесері баршаны тамсандырды. Lexus LM — жол үстіндегі сән-салтанат түсінігінде жаңа стандарттар белгілейтін, жолаушыларға іскерлік кездесуге қысқа сапар болсын, басқа қалаға ұзақ сапар болсын, әр саяхатта теңдессіз жайлылық пен ләззат сыйлайтын көлік. Lexus LM жол үстінде барынша жайлылық пен үйлесімділік сезіміне бөлейтін керемент мекен болу үшін жаралған.
Lexus LM тұсаукесері үшін Beeline Arena аумағында “Lexus LM Experience Exhibit” кеңістігі жасалып, онда бренд жанкүйерлері мен турнир қонақтары Lexus әлеміне саяхаттап, көлікпен жақынырақ таныса алды. Жеңіл классикалық музыка, жайлы атмосфера, Lexus ұсынған welcome-ілтипат – ұсақ-түйегіне дейін мінсіз ойластырылған шара қонақтарға өздерінің ерекшелігін және Lexus LM ұсынатын үздік санаттағы саяхат сән-салтанатын сезіндірді.
Lexus әлемімен жолы тоғысқан әрбір келушіге «Омотенаши» деген атпен танымал терең жапондық қонақжайлылық философиясы негізінде ерекше сый-құрмет көрсетілді. Мұндай сәттер айтып жеткізгісіз тәжірибе сыйлау үшін қамқорлық пен ықыласқа толы болды. Қонақтар Lexus LM көлігінің сән-салтанатына және керемет интерьеріне, оны безендіру өнеріне, кеңдігіне және озық технологияларына тәнті болып қана қоймай, премиум минивэнның аса үлкен экранынан Beeline Arena-дағы матчтарды рахаттана тамашалады. Массаж функциясы бар орындықтарға жайлы жайғасып, қонақтар тынығып қана қоймай, мамыражай релакс атмосферасында хош иісті кофе дәмін татуға болатын ерекше жайлы премиум атмосферада демалды.

Lexus және ATP Tour үшін жоғары сапа, инновацияларға, кемелдікке және ұлы нәтижелерге ұмтылыс сияқты құндылықтар ортақ. Көптеген жылдар бойы Lexus өзінің Lexus Electrified атты кешенді тұрақты ұтқырлық стратегиясын жүзеге асыру арқылы премиум көліктер өнеркәсібін электрлендірудің негізгі ойыншысы болып қала береді. Сондықтан Lexus пен ATP Tour арасындағы серіктестік ұзақ жылдар бойы жалғасады және ең алдымен қос брендтің, соның ішінде ATP Serves бағдарламасының және БҰҰ «Спорт климат үшін» бастамасының жаһандық климатқа қатысты идеяларын қолдауға бағытталған. Серіктестік теннис әлемінде де, Lexus  көліктері әлемінде де аса көрнекті сапа мен шеберлік эмблемасына айналатын сыңайлы.

«Бұл серіктестік біздің көрнекті спортшыларды қолдауға деген ниетімізді, өңірде және бүкіл әлемде спорттың дамуына өз үлесімізді қосқымыз келетінін көрсетеді», - деп атап өтті Джон Томсон, Lexus Kazakhstan Президенті.

Оған қоса ресми серіктес ретінде Lexus жылдам дамып келе жатқан ATP Tour цифрлық және әлеуметтік медиа платформаларына, оның ішінде үлкен теннис жанкүйерлеріне ATP Tour ойыншыларының жеке кездесулері бойынша ұпайлары туралы ақпарат беретін танымал ATP Head2Head сервисіне белсене араласатын болады. 

Lexus Kazakhstan – Lexus брендінің Қазақстандағы және Қырғызстандағы ресми дистрибьюторы. Компания миссиясы –клиенттерге брендті сипаттайтын стильді, сапаны, инновацияларды көрсететін Lexus көлігін иеленудің бірегей және қайталанбас тәжірибесін ұсыну. Lexus ерекше технологиялар, мұқият шеберлік, сәнді кербездік және «Омотенаши» – брендпен әрбір өзара әрекеттестіктегі дәстүрлі жапондық шынайы қонақжайлылық арқылы «дербес сән-салтанат сыйлауға» ұмтылады.

ATP  250 әлемдік туры  –  жыл сайынғы төрт «Үлкен дулыға» турниріне қоса әлемнің 30 елінде өтетін санаулы жаһандық спорттық іс-шаралардың бірі. Ерлер арасындағы кәсіби турдың бұл санатына 40 турнир кіреді, олардың кез келгенінде жеңіске жету теннисшіге ATP рейтингінде 250 ұпай әкеледі. Жеке сында 28, 32 немесе 48 орын және жұптық сында 16 орын сарапқа салынады. Қосымша ақпаратты www.ATPTour.com сайтынан табуға болады.

Astana Open (26 қыркүйек-3 қазан аралығында) — ATP 250 санатындағы турнирлердің бірі. Биыл турнирдің жүлде қоры 1 000 000 АҚШ долларынан астам соманы құрады. 2020 жылы ерлер турнирі Нұр-Сұлтан ашық чемпионаты (2022 жылдан бастап Астана ашық чемпионаты) атауымен ATP Тур күнтізбесіне енгізілді. 2020-2021 жылдары ол ATP 250 санатына, ал 2022 жылы ATP 500 санатына, ал биыл қайтадан ATP 250 санатына жатқызылды. Жарыстар күзде өткізіледі.

Қазақстан теннис федерациясы халықаралық теннис ұйымдарымен және шет мемлекеттердің соған ұқсас федерацияларымен ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының уәкілетті өкілі болып табылады. Федерация Азия теннис федерациясының және Халықаралық теннис федерациясының мүшесі болып табылады, онда жеті дауысқа ие. Федерацияның негізгі жобалары — Қазақстанда балалар теннисін дамыту, түрлі жастағы елдің кәсіби TeamKazakhstan құрамасы, теннисті өңірлерде дамыту, Қазақстандағы теннис жаттықтырушылары мен нұсқаушыларын сертификаттау бағдарламасы, турнирлер өткізу, төрешілерді даярлау, теннисті әуесқойлар арасында дамыту. 2007 жылдан бері федерация президенті - Болат Өтемұратов.