1. Lexus Kostanay
Байланысу
LEXUS ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚОСТАНАЙДА ЖАҢА ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Lexus өз желісін кеңейтуді жалғастырып жатыр: Қостанайда жаңа дилерлік орталық ашылды

Жаңа «Лексус Қостанай» дилерлік орталығының салтанатты ашылуы 2023 жылдың 25 сәуірінде өтті. Абай даңғылы 26в мекенжайында орналасқан жаңа Lexus дилерлік орталығы Қостанай қаласындағы премиум санатының және кербездіктің тағы бір символына айналды. Енді қала тұрғындары мен қонақтары премиум санатты Lexus көліктерінің кең ауқымын тамсана тамашалап, брендтің жоғары білікті мамандардың үздік қызметіне бөлене алады.

Қостанай қаласында жаңа Lexus дилерлік орталығының ашылуы – бренд үшін Қазақстан аумағындағы тұтынушыларға көбірек мүмкіндіктер сыйлайтын маңызды қадам. Дилерлік орталық айрықша ілтипатпен қызмет көрсету және жайлылық қағидаларына негізделген және әр клиентті өз үйіңдегі қонақ деп қабылдауды талап ететін жапондық Омотенаши қонақжайлылық философиясының үздік дәстүрлерін басшылыққа ала отырып жабдықталған.

«Лексус Қостанай» интерьері брендтің дәстүрлі дизайны мен философиясына, ал әрбір бөлшек-тетігі L-finesse – озық технологиялар мен көп ғасырлық жапон эстетикасының үйлесімі қағидаларына сай. Жоғары сапалы материалдар мен заманауи технологияларды пайдалана отырып тұрғызылған «Лексус Қостанай» ерекше жайлылыққа, мамыражай рахатқа бөлейді.

«Лексус Қостанай» Lexus брендінің кең ауқымды қызметтерін ұсынады

«Лексус Қостанай» шоурумында қонақтар жаңа Lexus көліктерінің артықшылықтарымен көзбе-көз танысып, модельдер қатары туралы толық ақпарат ала алады және өз қажеттіліктеріне сай жинақтама таңдай алады. Дилерлік орталық қызметтердің толық ауқымын ұсынады: күрделілік дәрежесі әртүрлі білікті жөндеу, жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді уақытылы өткізу және көліктерге сатудан кейінгі қызмет көрсету.

«Лексус Қостанай» ұсынатын қызметтердің толық ауқымы келесілерді қамтиды:

  • Trade-in бағдарламасы бойынша айырбастау мүмкіндігімен жаңа көліктерді және Lexus Select бағдарламасы бойынша ескі көліктерді сату
  • тест-драйв
  • «Лексус Финанс» ұсынған несиелер
  • «Лексус Сақтандыру» ұсынған сақтандыру
  • жаңа «KINTO» брендінен жалға көлік алу
  • Lexus көліктеріне кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету
  • барлық мерзімді техникалық қызмет көрсету және маусымдық қызмет көрсету
  • шанақ жөндеу және компьютерлік диагностика
  • жүріс бөлігін жөндеу, соның ішінде күрделі жөндеу
  • тораптар мен агрегаттарды жөндеу
  • түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен аксессуарлар сату
  • қосымша жабдық мен күзет жүйелерін орнату

«Лексус Қостанай» клиенттерін демалыс күндерін қоса алғанда күн сайын қабылдауға дайын. Өзіңізге ыңғайлы уақытта баруды ұйымдастыру үшін немесе егжей-тегжейлі кеңес алу үшін көрсетілген байланыс мәліметтері арқылы хабарласыңыз.

Телефон: +7 714 239 04 04

Сайт:https://lexus-kostanay.kz/

 

Қазақстан мен Қырғызстандағы Lexus дилерлік желісі туралы

«Лексус Қостанай» – Қазақстан мен Қырғызстан аумағындағы алты ресми Lexus дилерлік орталықтарының бірі. Брендтің ресми дилерлік орталықтары Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент және Бішкек қалаларында да ұсынылған. Брендтің сервис орталықтары Ақтау, Атырау, Қарағанды, Павлодар және Орал қалаларында жұмыс істейді. Lexus дилерлік және сервис орталықтарының байланыс мәліметтері осы жерде.