Байланысу
КӨПТЕН КҮТКЕН LEXUS LM ЖАҚЫНДА

ҚАЗАҚСТАНҒА ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗСТАНҒА КЕЛЕДІ

Жаңа Lexus LM — лимузиннің керемет сән-салтанатын минивэннің кеңдігімен біріктіретін флагман көлік. Модель алғаш рет Қазақстанда және Қырғызстанда бірден 2,5 литрлік қозғалтқышы бар LM 350h гибридті нұсқасында ұсынылады.
LM тұжырымдамасын әзірлеу барысында Lexus шеберлері жеке меншік ұшақ өндірушілердің тәжірибесінен шабыт алды, әрі талғампаз және ықпалды клиенттердің қалауын талдады. Алынған ақпаратты инженерлер жолаушылар өзін босаң, жайлы, емін-еркін сезінетін көлік жасау үшін пайдаланды. Мысалы, бір түйме арқылы салондағы климатты реттеуге, жарықты басқаруға, орындықты қалаған қалыпқа қоюға болады. Сән-салтанатты жеке-дара ету арқылы Lexus жол үстіндегі уақытты ұмытылмас эмоцияларға толтырады.

Сән-салтанатты минивэінің ресми тұсаукесері Қазақстанда 2023 жылдың қыркүйек айының аяғында  аймақтағы ең ірі теннис турнирі – Astana Open, ерлер арасындағы ATP Tour дүниежүзілік жоғары деңгейдегі теннис турының кезеңінде өтеді.

ТӨҢКЕРІСШІЛ ГИБРИДТІ КҮШТІК ҚОНДЫРҒЫ

Қазақстан мен Қырғызстанда LM 350h көлігінің 2,5 литрлік қозғалтқышы және өзін-өзі қуаттау функциясы бар толық жетекті гибридті нұсқасы ұсынылады. Ол жүрістің барынша бірқалыпты болуын, ширақтықты, жанармайдың аз жұмсалуын қамтамасыз етеді. Гибридті күштік қондырғының ең жоғары қуаты 245 а. к. құрайды.

LM моделінің арқасында Lexus көліктері клиенттердің қажеттіліктері мен өмір салтын жан-жақты қанағаттандырады.

ТӨРТ ДӨҢГЕЛЕКТІ ОМОТЕНАШИ: ТУҒАН ҮЙДІҢ ЖАЙЛЫЛЫҒЫ, ЖЫЛЖЫМАЛЫ КЕҢСЕНІҢ ЫҢҒАЙЛЫҒЫ

LM моделі, барлық жаңа Lexus көліктері сияқты, толығымен жолаушыларға сән-салтанатты жайлылық сыйлауға, сонымен қатар арқаны кеңге салатын керемет мекен болу үшін жаралған.

Жолаушылардың жайлылығының қамын жасау және олардың күткенінен де асып түсу сән-салтанатты минивэнмен кездесудің алғашқы сәттерінен-ақ басталады. Жолаушылар көлікке кіру үшін көтерілуге немесе отыруға ыңғайлануға тура келетін әдеттегі жағдайлардан айырмашылығы Lexus LM өз үйіңіздің есігінен кіріп бара жатқандай ыңғайлы кіруге және шығуға мүмкіндік береді.

Модель екі нұсқада ұсынылады: төрт және жеті орындықты.

Төрт орындықты нұсқасы — сән-салтанаттың шарықтау шыңы: бар-жоғы екі көп функционалды артқы орындық және ішінде бәрі бар жабдық әр сапарды өте жайлы және жағымды етеді. Ерекшеліктері арасында — HD-ажыратымдылығы және күңгірттенетін әйнек панелі бар 48 дюймдік кең форматты дисплей орнатылған салонның алдыңғы және артқы жағы арасындағы қалқа. Үш көру режимі қарастырылған: толық экран, бөлек экран (құлаққаптар арқылы дыбыс бөлек шығарылады) және кинотеатр.
Пайдаланушылар материалдарды тікелей смартфондарынан немесе планшеттерінен ойната алады немесе екі HDMI ұяшығы арқылы дисплейге қосыла алады. Жүйені ойын-сауық немесе іскерлік кездесулер үшін пайдалануға болады (мысалы, онлайн келіссөздер өткізу үшін). Мультимедиаға сүйемел болатын Mark Levinson 3D Surround Sound премиум санатты аудиожүйесі 23 динамикпен жабдықталған, теңдессіз дыбыс сапасын қамтамасыз етеді.

Толығымен жатқызуға болатын кең үздік санатты VIP-орындықтарының арқасында төрт орындықты нұсқа Омотенаши қонақжайлылық философиясын жаңа деңгейге көтереді. Орындықтардың жастықтары мен арқалықтары жамбас, арқа және иық массажы технологиясымен жабдықталған, ал реттелмелі табан тіреуіштер, оттоман, аяққа мықты сүйеу болады.

Lexus компаниясында жайлы демалуға және ыңғайлы жұмыс істеуге, арқаны кеңге салып, өзді-өзіңіз бола алатын үздік санатты салон жасауға тырысты. Мұндай артықшылықтар нарықта сирек көліктерге қолжетімді.

Сондай-ақ салон жабдығына смартфон түріндегі бөлек панельдің көмегімен сән-салтанатты көліктің түрлі функцияларын басқаруды атап өткен жөн. Ол аудиожүйені, климат-бақылауды, ішкі жарықты және күннен қорғайтын перделердің орнын басқаруға мүмкіндік береді.

Lexus Climate Concierge климат жүйесі бұрынғыдан да кеңейтілген функционалға ие болды, оған орындықтардың қалпын реттеу, ішкі жарықты және күннен қорғайтын перделердің орнын басқару (бір түрту арқылы барлық дербестендірілген баптауларды бірмезгілдендіру) кіреді. Жүйе тіпті дененің түрлі бөліктері — бас, кеуде, жамбас, аяқ үшін әртүрлі температура орната алады. Таңдау ыңғайлы болуы үшін бес Climate Concierge режимі бар: Relax, Dream, Focus, Energise және My Original (пайдаланушының баптаулары).

Сән-салтанатты LM жасау кезінде мамыражайлыық пен тыныштық атмосферасын жасау басты басымдық болды.

Оған қоса Lexus инженерлері дыбыс өткізбейтін бөлмеге немесе дыбыс жазу студиясына тән табиғи тыныштыққа қол жеткізуге тырысты. Lexus брендінің мамандары мұндай тыныштықты таза ауада тым-тырыс жатқан орман ішіндегі барлық сезімдерді оятатын серуенмен салыстырады.

ЭКСТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ: ЛАЙЫҚТЫ КЕРБЕЗДІК

Жаңа LM Lexus өзегінде Next Chapter дизайнының тұжырымдамасы жатыр, оның басты элементі - «лайықты кербездік». Осының арқасында көлік бірегей әрі мәнерлі келбетімен ерекше.

Фирмалық радиатор торын өзгертіп, алдыңғы бөлігін батыл безендіру жаңа Lexus дизайн тілін білдіреді. Тордың пішіні ықшам бола түсті, төменгі жағы үлкейді. Капот астымен өтетін сырбаз әрлеу сызығы бас жарық фараларын біртұтас етіп біріктіріп тұрған сияқты. LM шанағының жатық сызықтары қою түсті алдыңғы және артқы тіректерімен ерекшеленеді, ал айналдыра түгел әйнек салынғаннан көлік ашық тұрғандай көрінеді. Үлкен жылжымалы бүйірлік есіктер салонға оңай кіруді қамтамасыз етеді.

Жаңа LM - Омотенашидің қонақжайлылық философиясының квинтэссенциясы: сән-салтанаттың, жайлылықтың және ыңғайлылықтың әр тұсын өз қалауыңызға сай өзгертуге болады.

Қазақстанда және Қырғызстанда сатылым 2023 жылдың қазан айының ортасында басталады, Lexus Финанс-тан алдын ала тапсырыс беру және лизинг қолжетімді болады. Жинақтамалары туралы толығырақ мәліметті Қазақстандағы және Қырғызстандағы ресми Lexus дилерлерден нақтылауға болады, байланыс мәліметтері сайтта көрсетілген.