Павлодардағы жаңа Lexus дилерлік орталығы клиенттердің тілектерін алдын ала болжай отырып, Омотенаши жапондық қонақжайлылық рухын көрсетеді. Құжаттарды ресімдеу, қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру немесе көлікке жөндеу жүргізу кезінде орталыққа келушілер кең ауқымды қолайлы жағдай ұсынатын ыңғайлы демалыс аймағында рахаттана тыныға алады. «Лексус Павлодар» интерьері брендтің дәстүрлі дизайн философиясын айрықша айқын көрсетеді, әрбір тетік озық технологиялар мен кербез жапондық эстетиканы біріктіретін L-Finesse қағидаттарын бейнелейді.
Қызмет көрсетудегі мінсіздік: «Лексус Павлодар»-дағы премиум дәрежелі қызметтер
Басқа Lexus дилерлік орталықтарындағыдай жаңа «Лексус Павлодар»-да келесі бағдарламалар қолжетімді:
- Trade-in бағдарламасы бойынша айырбастау мүмкіндігімен жаңа көліктер сату;
- Lexus Select бағдарламасы бойынша қолданыста болған көліктерді сату;
- тест-драйв;
- «Lexus Финанс»-тан несие беру;
- «Lexus Сақтандыру»-дан сақтандыру ресімдеу;
- жаңа KINTO брендінен жалға көлік алу;
- Lexus көліктеріне кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету;
- түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар сату.
Дилерлік орталықтың сервис бөлімінде көлік иелері көліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтердің толық кешенін ала алады.
Сервис орталығының барлық жабдықтары мен қызметкерлері мұқият дайындықтан өткен және жапондық өндіруші кеңес берген көліктерге қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сай сертификатталған.
«Лексус Павлодар» өз клиенттерін күн сайын, демалыс күндері де қабылдауға дайын. Өзіңізге ыңғайлы уақытта баруды ұйымдастыру немесе егжей-тегжейлі кеңес алу үшін келесі байланыс мәліметтері арқылы хабарласыңыз:
телефон +7-7182-66-15-33
сайт https://lexus-pavlodar.kz/