КҮШ ҚОНДЫРҒЫСЫ: ЖАҢА ТУРБО V6 ЖӘНЕ ӨЗ САНАТЫНДАҒЫ ЕҢ ЖОҒАРЫ ТІРКЕМЕ САЛМАҒЫ
GX модельдер желісі жаңа 3,5 литрлік турбо V6 қозғалтқышына ие болды. Алдыңғы буын V8 моделінің 4,6 литрлік қозғалтқышымен салыстырғанда жұмыс көлемі азырақ болғанымен, жаңа технологиялар мен инженерлік шешімдердің арқасында бұл қозғалтқыштың қуат беру мүмкіндігі жоғарырақ. Ол 354 а.к. (DIN стандартына сәйкес) және 650 Н·м (V8 көрсеткіштері: 296 а.к. және 438 Н·м) көрсете алады.
Соның арқасында сүйреп жүретін тіркеме салмағы жағынан осы жаңа буын жол талғамайтын көліктің теңдесі жоқ. Жаңа GX, мысалы, 13 жолаушыға арналған қайықты немесе салмағы 3500 кг дейінгі фургонды сүйреп жүре алады.
Қозғалтқыш бұрынғы 6 сатылы автоматты трансмиссия орнына келген Direct Shift 10 сатылы автоматты беріліс қорабымен жұптастықта жұмыс істейді. Ол қарымды және тұрақты үдеу сезімін, сондай-ақ акселератор басқышының лезде бағынуын қамтамасыз ету үшін тиісінше бабына келтірілген. Сонымен қатар сатып алушылар V-тәрізді «алтылықтың» шу деңгейі төмендегеніне лайықты бағасын береді.
ЖҮРІС ҚАСИЕТТЕРІ: LEXUS КЕРБЕЗДІГІМЕН ҰШТАСҚАН БЕРІКТІК ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
Жаңа GX — Lexus кербездігінен кенде емес нағыз жол талғамайтын көлік. Басты беріктік құпиясы жаңа GA-F платформасында және шанақтың рамалы құрылымында жатыр. Бұл қасиеттер жолсыздықта сенімді жүруге кепілдік береді. Ал Lexus Driving Signature тұжырымдамасы төсемі бар жолда жүру кезінде басқарымдылықты, жайлылықты, бағыт тұрақтылығын, жүріс жұмсақтығын қамтамасыз етеді.
Алдыңғы және артқы аспалар жолда да, жолсыздықта да сенімді жүруге бейімделген. Артқы аспа ойлы-қырлы жермен жүргенде жағымсыз соққылардың әсерін азайтатындай етіп бапталған, ал жалғанымдарды күшейтудің жаңа тәсілдері арқылы қол жеткізілген шанақ қаттылығы жақсырақ басқарымдылықты қамтамасыз етеді.
Тізгінді басқаруды электрлі күшейткіштің ерекше баптауларының арқасында тізгін дөңгелегі төмен жылдамдықта оңай бұрылады және жылдамдық артқан сайын ауырлай түседі, сөйтіп көліктің орнықтылығына септеседі. Тізгінді басқарудың дәлдігінде күшейтілген радиатор тіректері мен тізгін механизмі елеулі үлес қосатын нығайтылған шанақ қаттылығы маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар жүргізушілер жолдың кедір-бұдырлығынан болатын дірілдің айтарлықтай азайғанына, сондай-ақ үшінші буын Lexus Safety System+ қауіпсіздік жүйелері кешені қамтамасыз ететін қосымша қолдауға тиісті бағасын береді.
Жолсыздықта жүруден алатын әсерлерді жаңа биіктерге көтеру үшін әзірлеушілер «төмен жылдамдықпен жүргізу өнерін» құрайтын қасиеттерді жетілдірді. Сол үшін олар дизайнерлік және құрылымдық шешімдерді мұқият пысықтады, жаңа технологияларды енгізді немесе бұрыннан белгілі технологияларды жақсартты. Адамды басты назарда ұстайтын әдіс, сондай-ақ жол талғамайтын функциялар мен озық технологиялардың үйлесімді үйлестігі — көлікті түйсік деңгейінде түсінікті және еліктіріп әкетердей жүргізу кепілі. Жүргізуші кез келген жол жағдайында көлікпен және жолмен өзара әрекеттестіктен ләззат алады. Жаңа модельді әзірлеу барысында прототиптерді сынауға қатысқан кәсіби ралли жүргізушілері дәл осыған қол жеткізгісі келген болатын.
GX OVERTRAIL: ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН ҚАСИЕТТЕР ЖӘНЕ СТИЛЬ КВИНТЭССЕНЦИЯСЫ