Су жаңа Lexus RX жақында Қазақстанда
• Революциялық Lexus RX-тің бесінші буыны — салтанатты кроссоверлер нарығын қалыптастырған автокөлік тарихындағы жаңа тарау
• RX 500h — турбоайдауышы бар 2,4 литрлік бензинді қозғалтқышпен бірге мүлдем жаңа гибридті жүйемен және DIRECT4 толық жетекті басқару жүйесімен жабдықталған жаңа электрлендірілген Lexus кроссовері
• Шанақтың жалпы экстерьеріне кіріктірілген ұршық пішінді радиатор торы бар мүлдем жаңа және айқын Lexus Next Chapter дизайны
• «Қолдарыңыз рульде, көздеріңіз жолда» принципі бойынша басқаруды негіз етіп алған Tazuna тұжырымдамасына сәйкес жасалған жайлы әрі кең салон
• «Сәлем, Lexus» дауыстық көмекшісі және 14 дюймдік сенсорлы экраны бар Lexus Link+ мультимедиа жүйесінің жаңа буыны
• Көлікті жүргізуден алатын табиғи сезімдер, автокөлікпен етене жақын болу сезімі және нағыз жайлылық — осының бәрінің негізінде Lexus Driving Signature бірегей тұжырымдамасы қамтамасыз ететін басқарылудың іргелі сипаттамаларының мұқият ойластырылғанына сенімділік жатыр
1998 жылы RX түпнұсқа моделі салтанатты кроссоверлер сегментіне бастама берді. Сол кезден бері ол үнемі дамытылып келді. 2005 жылы нарыққа шығарылған RX 400h — премиум сыныпты сегменттегі тұңғыш гибридті модель бұл даму жолындағы маңызды межеге айналды. Бүгінгі таңда ол өзін Lexus-тың түйінді моделі ретінде танытты — бүкіл әлем бойынша сатылымдар 3,5 миллион көлікке жетті. Толықтай жаңартылған премиум кроссовердің бесінші буыны ешқандай күмәнсіз Lexus-тың дизайн және озық технологиялар саласындағы мұндай позициялары мен беделін нығайта түседі.
NX және RX модельдерін шығару арқылы Lexus бренді дизайн мен технологиялардың «Келесі тарау» деп аталатын жаңа дәуіріне жол салып жатыр.
1998 жылы RX түпнұсқа моделі салтанатты кроссоверлер сегментіне бастама берді. Сол кезден бері ол үнемі дамытылып келді. 2005 жылы нарыққа шығарылған RX 400h — премиум сыныпты сегменттегі тұңғыш гибридті модель бұл даму жолындағы маңызды межеге айналды. Бүгінгі таңда ол өзін Lexus-тың түйінді моделі ретінде танытты — бүкіл әлем бойынша сатылымдар 3,5 миллион көлікке жетті. Толықтай жаңартылған премиум кроссовердің бесінші буыны ешқандай күмәнсіз Lexus-тың дизайн және озық технологиялар саласындағы мұндай позициялары мен беделін нығайта түседі.
NX және RX модельдерін шығару арқылы Lexus бренді дизайн мен технологиялардың «Келесі тарау» деп аталатын жаңа дәуіріне жол салып жатыр.
Су жаңа қуатты күштік агрегаттар
Электрлендірілген автокөліктерді дәріптеу және дамыту жолын ашып берген гибридті технологиялар саласындағы 15 жылдан асатын жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, Lexus бренді дүйім жұртқа динамикалық сипаттамалардың әлдеқайда жоғары деңгейін қажет ететін клиенттерге арналған инновациялық жаңа RX-ті ұсынды.
Жүйенің жалпы қуаты 550 Н·м айналдыру моментімен 371 а. к. (DIN)/273 кВт құрайды, бұл 100 км/сағ-қа дейін жылдамдықты 6,2 секундта үдетуді қамтамасыз етеді, яғни бұған дейінгі RX 450h моделімен салыстырғанда 1,5 секундқа жылдамырақ.
RX 500h автокөлігінде ішкі кедергісі төмен, жанармайды елеулі түрде үнемдей отырып, жоғары өнімділікті беретін жаңа никель-металгидридті (Ni-MH) аккумулятор қолданылады. Салмақты дұрысырақ бөліп орналастыру және салон кеңістігін оңтайландыру үшін аккумулятор автокөліктің артқы орындығының астына орнатылады және жетілдірілген ауамен салқындату жүйесінің арқасында жұмыс істегендегі дыбыс бәсеңдеу шығады.
Өз кезегінде жаңа RX 350 2,4 литрлік турбиналы бензинді қозғалтқышпен жабдықталған. Оның қуаты 249 а. к. және 430 Н·м айналдыру моментін құрайды, бұл бұған дейінгі модельдердің көрсеткіштерінен айтарлықтай асып түседі. Ол бұрынғыдан қысқарақ беріліс арақатынастары бар 8 сатылы Direct Shift автоматтық беріліс қорабымен жабдықталған.
Lexus-тың жаңа дәуірі: дизайн және дербестендіру
Lexus Next Chapter функционалдық қуаты мен сұлулығы
Жаңа Lexus RX-тің келбеті — бұл сырбаздық пен таңғалдырарлық қуат әлеуетін үйлестірген дизайн батылдығын паш ету. Lexus-тың ұршық тәрізді фирмалық радиатор торының пішіні автокөліктің бүкіл алдыңғы бөлігінің мінезін қалыптастырып тұр. Енді ол шанақтың жалпы концептіне тиімді кіріктірілген тұтас нысан ретінде ұсынылған. Жаңа жіңішке фара блоктары мен 15 мм-ге артқан алдыңғы дөңгелектердің арақашықтығы автокөліктің төменірек орналасқан ауырлық ортасын және төмендетілген отыру қалпын айшықтап көрсетеді. Күңгірттелген артқы бағандардың есебінен жасалатын RX-ке тән «қалықтаған төбе» әсері сақталған, алайда оның көлемі үлкейген.
Автокөлік күндізгі қозғалыс легінде де, жылтылдаған кешкі жарықтар арасында да өзіне көпшіліктің назарын үздіксіз тартатын болады.
Tazuna тәсілі – автокөлікпен арадағы түйсікпен түсінілетін байланыс
Интерьерінің минималистік дизайны RX моделінің сән-салтанаты мен бірегейлігін көрсетеді. «Азырақ дегеніміз — көбірек» ұстанымы артық тетіктерден арылтады және таза, бейберекет ұсақ-түйектері жоқ беттерімен таңдаулы заманауи бейне қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Салон ішінде Такуми шеберлерінің қол еңбегінен шыққан сән-салтанатты көрсететін және бүкіл сезім мүшелеріне әсер ететін элементтер сақталған. Тіпті есіктері ашып-жапқан кездегі шығатын дыбыстан алатын әсерге дейін инженерлердің жіті назары шоғырландырылған.
Жаңа дизайнның нәзіктігі, еркіндігі мен ықшамдығы аспаптар қалқаншасын, аспаптар тақтасын қамтып тұрған және есіктердің тыстамасына ұласатын алдыңғы тақтаның үздіксіз және жатық сызықтарының пішінделуінен көрінеді.
Абсолютті жайлылыққа, қолайлылыққа және еркіндікке басты назар
Салон жабдықтары алдымызда өз иесіне жайлылықтың жоғары деңгейін сыйлайтын, бұл ретте барынша пайдалы болып қала беретін шынайы толық өлшемді кроссовердің тұрғанын ашып көрсетеді.
Жүргізуші орнындағы көру аймағының үлкейтілген ауданы тамаша көріністі қамтамасыз етеді, бұл бұрынғыдан да қауіпсіз және жайлы жол қозғалысын кепілдендіреді. Шанақтың ойластырылған құрылысы артқы орындықта отырған жолаушылардың тізелерінің аймағында көбірек орынды босатуға мүмкіндік береді, ал жүргізуші орындығының төменірек орналасуына және орындықтардың электрлі реттегіштерінің арқасында салонға отыруды жеңіл етеді.
Мүлдем жаңа Lexus Link+ мультимедиа жүйесі
Ең жаңа Lexus Link+ мультимедиа жүйесі бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен жұмыс істейді, құрылғыларды жалғайтын үлкен мүмкіндіктері және түйсікпен түсінуге жеңіл басқару тетіктері бар. Кроссовер интерьері бұл сегменттегі ең үлкендер экрандардың біріне жататын және модельдің стандартты жинақтамасына кіретін 14 дюймдік сенсорлы экранмен жабдықталған. Шағылыстырмайтын экраннан бөлек, мұнда жиі қолданылатын функцияларды басқаруға арналған физикалық түймелер қарастырылған. Графика кез келген жарықтандыру жағдайларындағы тамаша көрініске арналған HD форматында ұсынылады, ал жүйенің орталық процессоры пайдаланушының әрекеттеріне анағұрлым жылдам жауап қату реакциясын қамтамасыз ете отырып, алдыңғы нұсқамен салыстырғанда 3,6 есе тезірек жұмыс істейді.
Сондай-ақ жаңа мультимедиа жүйесі смартфондармен мінсіз интеграциялану мүмкіндігін және Apple CarPlay® және Android Auto®. интерфейстерінің қолдауын ұсынады.
12 динамигі және 20 сантиметрлік сабвуфері бар Panasonic аудиожүйесі жаңа RX-тің базалық жабдықталуына кіреді және жақсы теңгерілген, біртегіс дыбыс күшін сыйлайды. Максималды жинақтамаларда Mark Levinson компаниясында модельдің ішкі архитектурасы есепке алына отырып Lexus RX үшін арнайы әзірленген және жобаланған 21 динамигі бар Premium Surround Sound аудиожүйесі қолжетімді.
Жаңа RX-ті бірнеше адам басқаратын бола ма? Ол оп-оңай! Автокөлік әртүрлі үш пайдаланушыға арнап, аудиожүйені және навигация жүйесін қоса алғанда, мультимедиа жүйесінің қалаулы баптауларын сақтай алады. Оны жүргізуші орнының, салон жарығының, аспаптар тақтасы дисплейінің және Lexus Safety System+ функцияларының дербестендірілген баптаулары толықтырады.
F SPORT дизайнының бірегей ерекшеліктері
RX 350 моделі F SPORT нұсқасында қолжетімді болады, ал RX 500h тек F SPORT Performance нұсқасында ғана ұсынылады. Дизайн тұрғысынан F SPORT модельдері интерьерінің де, экстерьерінің де эксклюзивті стилімен ерекшеленеді.
Соның ішіндегі олардың ерекшеліктері: күңгірт қара түспен әрленген арнайы 10 шабақты 21 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер; қара түсті төбе рейлингтері мен сыртқы артқы көрініс айналары; өзіне тән торлы толтырмасы бар жапсарсыз кіріктірілген радиатор торы; алдыңғы және артқы F SPORT бамперлері; алдыңғы қанаттағы қара түсті F SPORT эмблемасы және есіктер мен бамперлердегі тот баспайтын болаттан жасалған қара түсті қосымша молдингтер. Жаңа Sonic Copper түсін қоса алғанда, F SPORT Performance нұсқасы үшін шанақтың алты түсі қолжетімді.
Стильді бөлшектерінен бөлек, автокөлікке бұл нұсқаларда қосымша аэродинамикалық компоненттер орнатылды — алдыңғы бампердің астыңғы ернеуі көбірек жерге қарай басу күшін қамтамасыз ететін пішінге ие, ал дөңгелек аркаларының қосымша молдингтері бампер ішіндегі қысымды төмендету және алдыңғы дөңгелектердің айналасындағы ауа ағынын реттеу қызметін атқарады.
Сән-салтанат пен жайлылықты бағдар еткен
Барлық Lexus моделіне тән Омотенаши қонақжайлылығы RX-тің барлық жолаушыға ымырасыз қамқорлық танытуының негізгі акценті болып табылады. Автокөлікке жақындаған кезіңізде қосылатын сәлемдесу жарығы және сапар алдында көрсетілетін мультимедиалық және мультиақпараттық дисплейлердегі анимациялық графика — бұл автокөлікке иелік етуді және оны басқаруды жаңа деңгейге шығаратын тетіктердің бір бөлігі ғана.
Жүргізушінің кілтін тіркегеннен кейін жарықтандыруды оның есімінің көмегімен дербестендіруге болады. Тахометрге, гибридті жүйенің индикаторына немесе спидометрге басымдық бере отырып, өз қалауларына сәйкес жүргізуші өз RX-інің аспаптар тақтасын да баптай алады. Дизайн сондай-ақ таңдалған жүргізу режиміне («қалыпты», «эко» немесе «спорт») сәйкес өзгереді. F SPORT моделінің жарыстық стильдегі эксклюзивті индикациясы бар.
Модельдің түрлі түсті проекциялық дисплейінің ақпараттың әртүрлі деңгейлерін көрсетуге арналған үш режимі бар. Толық режим Lexus Safety System+ қауіпсіздік жүйесінің күйін және жүргізушінің көмекші функцияларын қамтиды. Стандартты режимде негізгі ақпарат дисплейдің астыңғы жиегінде жалпылама көрсетіледі. Минималды режим жылдамдықты көрсетеді.
Амбиентті көмескі жарықты да (Lexus Mood Selector функциясы) көңіл-күйіңізге сәйкес реттеуге болады, ол үшін 64 түстен және 14 жеке тақырыптан тұратын палитра қарастырылған.
Амбиентті көмескі жарық аспаптар тақтасын, есіктердің ауыстырып-қосқыштарын, аяқтарға арналған кеңістікті, есіктердің тақталарындағы қалталарды жарықтандырады және тәуліктің қараңғы мезгілінде жайлылық сезімін қалыптастырады.
Жаңа RX-тің барлық моделінде әрбір жолаушыға арналған оңтайлы температураны Lexus Climate Concierge жүйесі қамтамасыз етеді. Ол алдыңғы орындықтардың, жылытқышы бар рульдің және үш аймақты климат-контрольдің жұмысын үйлестіреді. Lexus S-FLOW басқару жүйесі қай орындықтарда адам отырғанын анықтайды және жанармайды үнемдей және жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ете отырып, кондиционердің жұмысын сәйкесінше реттейді.
Озық қауіпсіздік және жүргізушінің көмекші жүйелері
Пассивті қауіпсіздік жүйелерінің тізіміне алдыңғы жақтағы қауіпсіздік жастығы мен алдыңғы жолаушы орындығындағы қауіпсіздік жастығын қоса алғандағы SRS қауіпсіздік жастықтарының толық жиынтығы, сондай-ақ соқтығысу кезінде салонның тұтастығын сақтай отырып, соққы күшін қауіпсіз жұтатын және бөліп тарататындай етіп жобаланған шанағының берік құрылысы кіреді.
Бір сөзбен айтқанда, RX 500h әрдайым сіздің қауіпсіздігіңізді күзетеді және кез келген сәтте дайындықпен көмекке келеді.
Жаңа Lexus RX-тің елкітірер артықшылықтары
Lexus Global Architecture GA-K платформасының енгізілуі автокөліктің пайдалылығы мен жайлылығын жақсартқан өзгертулерді ендіруге мүмкіндік берді. Жаңа платформа массаны 90 кг-ға төмендетуді қамтамасыз етеді, бұл жүріс динамикасы мен тиімділігіне ықпал етеді. Бұл мақсатта модельдің конструкциясына оның тұтастығына немесе пайдаланушылық сипаттамаларына зиян келтірмейтін автокөліктің массасын азайтуға бағытталған жаңа материалдар енгізілді.
Сондай-ақ кроссовердің жаңа буынында ауырлық орталығы 15 мм-ге төмендетілді, бұл автокөліктің қозғалыс кезіндегі теңгерімі мен тұрақтылығын жақсартуға мүмкіндік берді. Өз кезегінде дөңгелек базасының 60 мм-ге ұзартылуы қозғалыс кезіндегі жорту әсерін төмендетуге, ал жолтабанның алдыңғы жағынан 15 мм-ге, артқы жақта 65 мм-ге кеңейтілуі әлдеқайда ілгері ұмтылған және сенімді отырысты қалыптастыруға және жолдағы тұрақтылықты жоғарылатуға көмектесті.
Жауап әрекеті мен басқарылуының артықшылығы
Алдыңғы дөңгелектердің MacPherson бағандары бар жаңа аспасы қозғалыс кезіндегі жайлылықты қамтамасыз ету және рульмен жасалған қимылдарға тамаша жауап әрекетін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ жол жабынының тегіс емес бетінен болатын соққылар мен дірілдерді тиімдірек жұту үшін оңтайландырылған. Бұл иінтіректерді, төлкелер мен амортизаторларды құрастыруды және олардың пайдаланушылық сипаттамаларын қоса алғанда, барлық түйінді тораптың кешенді түрде толықтырылып жасалуына алып келді.
Артқы бөлікке тәуірірек көлденең тұрақтылықты және дөңгелектерге берілетін жоғарырақ айналдыру моментін қамтамасыз ету үшін әзірленген көп иінтіректі аспа орнатылған.
Жаңа тежеу жүйесі
RX 500h гибридті моделі AHB-G электронды басқаруы бар мүлдем жаңа тежеу жүйесімен жабдықталған. Ол қозғалыс жағдайларын есепке ала отырып, тежеу жүйесіндегі қысымды реттейді және өнімділігі жоғары сорғы электрқозғалтқышын қолданады, табиғи тежеу әсерін, басқаруды және сезімталдықты қамтамасыз етеді. Алдыңғы және артқы дөңгелектер арасындағы тежеу күшін үлестіру тәуелсіз қысымды реттеу жүйесі арқылы бақыланады, бұл автокөлікке тежелу кезінде тұрақтылықты сақтауға көмектеседі. Жүйені жетілдіру сондай-ақ жүрісінің жатықтығын және басқарылу жеңілдігін қамтамасыз ететін тежегіш педалінің жаңа демпферлеу механизмінде де көрініс тапқан.
Инновациялық автокөліктің тежелу кезіндегі күйін бақылау
Vehicle Braking Posture Control — Lexus тарапынан әзірленген, автокөліктің тежелу кезіндегі күйін бақылайтын әлемдегі бірінші жүйе. Ол жұмысының жоғары тиімділігімен ерекшеленеді және жүргізушіге тежелу кезіндегі тік сызықты траекторияларды сақтау, сондай-ақ барлық төрт дөңгелектің жолмен сенімді жанасу сезімін береді.
RX 500h кроссоверінде автокөліктің жол үстіндегі күйін бақылау үшін сондай-ақ DIRECT4 жаңа толық жетекті басқару жүйесі қолданылады.
DIRECT4 ең жаңа толық жетекті басқару интеллектуалды жүйесі
Қуаттың берілуі DIRECT4 жүйесімен — Lexus толық жетекті басқару эксклюзивті жаңа технологиясымен бақыланады. Бұл интеллектуалды жүйе кез келген жол жағдайында алдыңғы және артқы осьтердің арасында қуаттың және айналдыру моментінің тұрақты теңгерімін қамтамсыз ету үшін бөлек электрқозғалтқышты және инверторды қолданады. Ол автоматты және жатық түрде екі ось арасындағы тарту күшін реттейді — кез келген механикалық жүйемен салыстырғанда тезірек және дәлірек жұмыс істейді.
Мінсіз пайдаланушылық сипаттамаларға қол жеткізу үшін алдыңғы/артқы дөңгелектердегі айналдыру моментінің теңгерімі реттеледі, бұл ретте арақатынас жүргізу сценарийіне байланысты 70:30-дан 20:80-ге дейінгі диапазонда өзгере алады.
Артқы дөңгелектерді динамикалық басқару жүйесі
Модельдің RX 500h F SPORT Performance нұсқасы артқы дөңгелектерді динамикалық басқару жүйесімен (DRS) жабдықталады, ол артқы дөңгелектердің оңтайлы бұрылу бұрышын автокөліктің жылдамдығына және қозғалу бағытына сәйкес автоматты түрде есептейді.
Артқы дөңгелектің максималды бұрылу бұрышы төрт градусқа дейін көбейтілген. Бұл төмен жылдамдықтардағы маневрлілікті жақсартады және жоғары жылдамдықтардағы тұрақтылықты сақтауға көмектеседі.
Төмен және орташа жылдамдықтарда дөңгелектер алдыңғы дөңгелектерге қарама-қарсы бағытқа бұрылады, ал жоғары жылдамдықтарда олар синхронды түрде бұрылады. Артқы дөңгелектердің бұрылу бұрышы сондай-ақ оңтайлы түрде кіріктірілген автокөлік динамикасын басқару жүйесімен (VDIM) бақыланады.
Бұрын-соңды болмаған Trail жолсыз жер режимі
Lexus RX-те дөңгелектердің сырғанақ немесе тегіс емес жолда бос тайғанауын болдырмау үшін алғаш рет толық жетек жүйесін, тежелуді және тарту күшін басқаруды біріктіретін Trail режимі қарастырылған. Бұл тіпті тегіс емес жол жабындарымен жүрген кезде де максималды тарту күшін қолдануға мүмкіндік береді.
Тыныштық кепілдігі және бірегей жалгерлік шарттары
Жаңа RX үшін автокөлікке иелік етуден әлдеқайда көбірек ләззат алуға көмектесетін Lexus Relax және KINTO One секілді Lexus айрықша сервистері қолжетімді болады.
Lexus Relax — нарықта баламасы жоқ кепілдік. Әрекет ету мерзімі — 10 жылға дейін.