2022 жылғы Уимблдон чемпионы, WTA әлемдік рейтингісінде 4-ші орын иесі және Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Lexus премиалды автокөлік брендінің Қазақстандағы амбассадоры болды. Серіктестік аясында спортшы балаларды тенниске тарту және дамыту бойынша “Tennis For Life by Lexus” бірегей бағдарламасына белсене қатысады.
Бағдарлама Қазақстанның теннис федерациясымен бірге жүзеге асырылады және көбірек баланы тенниске тартуға, бүкіл Қазақстан бойынша жаңа дарындарды ашуға және оларға спорттық дайындық үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Біздің мақсатымыз — теннисті елімізде анағұрлым қолжетімді әрі танымал спорт түрі ету.
«Мен Lexus Kazakhstan амбассадоры болуға қуаныштымын. Ең алдымен себебі балаларға – жаңадан бастап келе жатқан спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетілмек. Мен мұндай қолдаудың теннисте даму үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін», – деп Елена Рыбакина серіктестік жайлы бөлісті.
Елена Рыбакина теннис спортына 6 жасында келген. Ата-анасы оны спорт секциясына әкелгенімен, орасан зор жоспарлар құрмаған – одан гөрі қызына жақсы білім беруді армандаған. 2013 жылдан бастап Елена ITF турнирлеріне шыға бастап, Альметьевск пен Новокузнецкте алғашқы жеңістеріне жетті.
Елена Рыбакинаның спорттағы жетістіктерінен шабыттана отырып, Lexus Kazakhstan Қазақстанның дарынды балалары да тамаша табысқа жетіп, жоғары спорт жетістіктері үшін барлық қажетті жағдайға ие болуы үшін өз үлесін қосады.
«Біз Елена Рыбакинаның Қазақстанды халықаралық аренада сәтті таныстыра отырып, қаншалықты ұзақ спорт жолынан өткенінен шабыттанамыз. Одан үлгі ала отырып, еліміздегі әрбір дарынды бала өзіне «Мен де солай істей аламын» деп айта алады. Иә, бұл үшін табандылық пен мақсаттылық керек, бірақ қолдау көрсетіліп, бағдар дұрыс қойылса, бұл қол жеткізуге болатын арман.
Tennis for Life by Lexus бағдарламасының аясында компания дарынды балаларды қолдаумен ғана емес, сондай-ақ жыл сайын турнирлер мен фестивальдер өткізумен айналысады. Балабақшалар мен теннис орталықтарындағы балалар үшін жасы мен дайындық деңгейіне қарай жарыстар мен фестивальдер, апталық лагерьлер мен жыл сайынғы Master’s чемпионаты ұйымдастырылады.
Қазақстанда тенниске көрсетілетін қолдауды күшейту және осы спорт түрінің танымалдығын арттыру үшін Lexus Kazakhstan мен брендтің амбассадоры Елена Рыбакина бірлескен күш-жігерімен қоғамдық және ақпараттық іс-шаралар өткізеді.