- Lexus маркасының ерекше жол талғамайтын қабілеттері мен талғампаздығы жаңа GX 550-ді кез келген сапарда сенімді серіктес етеді
- Жаңа GA-F платформасы және классикалық жақтау корпусының дизайны жоғары беріктік пен сақтықты қамтамасыз етеді
- Анағұрлым мәнерлі сыртқы дизайны GX 550 автокөлігінің шыңдалған сипатын тиянақты көрсетеді
- Кокпиттің Tazuna тұжырымдамасы өте жақсы шолуға, ақпаратқа лезде қол жеткізуге және басқару элементтерін интуитивті түрде пайдалануға кепілдік береді
- Салон кеңдігімен, заманауи дизайнымен және әмбебаптығымен ерекшеленеді
- Екі турбоайдағышы бар жаңа 3,5 литрлік V6 керемет қуат пен айналу сәтін дамытады
- Сүйретілетін тіркеменің сегменттегі үздік массалық көрсеткіш – 3,5 тоннаға дейін
- GX 550 Overtrail жаңа нұсқасы қолжетімді, оның дизайны мен жабдықтары модельдің жол талғамайтын мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған
- Шығыс Еуропада жаңа GX 550 2024 жылдың басында сатылымға шығады
1989 жылы нарыққа шыққаннан бері Lexus инновациялық шешімдерді үздіксіз енгізіп келеді, технологиялық және дизайн мүмкіндіктерінің шекараларын кеңейтіп, тұтынушыларға бірегей көліктер ұсынуда. Жаңа GX 550 автокөлігіне де сол қасиеттер тән. Ерекше жол талғамайтын қасиеттері бар бұл премиум толық жетекті көлік те жаңашылдық рухына толы.
Бұл Lexus брендінің нарықтың жаңа сегменттеріне ену және тұтынушылардың кең ауқымына қол жеткізу мақсатында жаһандық құрамды әртараптандыруға деген айнымастығын көрсетеді.
Жаңа GX 550 толықтай жаңадан әзірленді. Ол мақсаттылық пен кез келген сын-қатерлерге төтеп беруге дайындығын білдіретін қуатты әрі мәнерлі келбетке ие Lexus автокөліктері жаңа буындарының бірегей дизайн тілі осы қатаң жол талғамайтын автокөліктің қажеттіліктеріне арнайы бейімделген. Сонымен қатар салон заманауи стилімен, кеңдігімен және тыныш атмосферасымен қуантады. Тамаша шолу мүмкіндігі бар Tazuna интерьері жүргізушіге бағытталған.
Жаңа 3,5 л қозғалтқыш. Екі турбоайдағышы бар V6 алдыңғы буын моделінің V8 қозғалтқышына қарағанда айтарлықтай жоғары қуат пен айналу сәтін дамытады. Бұл жаңа GX 550 моделіне сүйретілетін тіркеменің сегменттегі 3,5 тоннаға дейінгі үздік массалық көрсеткішін қамтамасыз етеді.
Жаңа буынның GX 550 Lexus компаниясының клиенттердің мүмкіндігінше кең ауқымының қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті модельдер сериясын құруға деген ұмтылысын көрсетеді. Қазақстанда жол талғамайтын көлік 2024 жылдың басында сатылымға шығады.
Экстерьер дизайны: нағыз жол талғамайтын көліктің пропорциялары
Жаңа GX 550 шынайы жол талғамайтын автокөліктің пропорцияларына ие. Әзірлеушілер автокөліктің сыртқы түрі оның пайдалану мүмкіндіктерін көрсететіндей етіп, бәрін жасады. Мысалы, бұл артқа жылжытылған шанақтың алдыңғы тіректерінен, кең қанаттарынан және төмен белдік сызығынан байқалады. Дизайнерлер автокөлікке тұтас метал кесегінен қашалғандай көрініс беруге ұмтылды.
Жаңа GX 550 ұзынырақ және кеңірек болып шықты. Дөңгелектер базасы да ұлғайды, ал габаритті биіктігі кішірейді.
GX 550 моделіне ғана тән радиатор торы торлы дизайнға ие және төменгі қорғаныс элементінің түсіне боялған. Орталық бөлігінде тарылып, ол шанақтың алдыңғы бөлігінің жарқын дизайн элементі ретінде көрініп тұр. Радиатордың торы да, фаралар да мүмкіндігінше жоғары орналасқан. Бұл олардың жолсыз жерлермен жүрген кезде зақымдану қаупін азайтады. Радиатор ауа өткізгіштері сенімді қозғалтқыш жұмысын қамтамасыз етуі үшін жоғары орналастырылған.
Шанақтың артқы жағында L-тәрізді Lexus жарық жолағы көзге түседі. Осылай құрастырылғанның арқасында жоласыз жерде колоннамен жүрген кезде GX 550 моделі басқалардан ерекше көрінеді.
Интерьер дизайны: заманауи стиль және тыныштық атмосферасы
Жаңа GX 550 салоны кез келген сапарда заманауи дизайнмен және тыныштандыратын атмосферасымен қуантады. Адамға бағытталған дизайн тәсілінің арқасында Lexus жолаушылар тіпті ең қиын қозғалыс жағдайында да жайлылық пен қауіпсіздікті сезінетін кеңістік жасай алды.
Бұл модельде барлық басқару элементтері мен ақпарат беру көздері жүргізуші қолдарының шағын қозғалыс және көру аясының шегінде орналасуын қамтамасыз ететін Lexus Tazuna интерьер тұжырымдамасы қолданылды. Бұл тұжырымдаманы әзірлеуге шабандоздың жылқыны жүген тізгінін сәл қозғап қана оп-оңай басқаруы шабыттандырды (Tazuna сөзі жапон тілінен аударғанда осыны білдіреді).
Аспаптар тақтасының көлденең орналасуы және төмен белдік сызығы айналаны жап-жақсы шолуға ықпал етеді, соның арқасында жүргізуші әрқашан қозғалыс сипаты мен көліктің орналасуын жақсы түсінеді. Мультимедиа функцияларына анық әрі қарапайым қолжетімділікті үлкен 14 дюймдік сенсорлық дисплей қамтамасыз етіп тұр.
Әзірлеушілер жамбас пен бел аймағын жақсылап ұстап тұруға кепілдік беретін жүргізуші орындығына ерекше назар аударды. Орындық жастығы омыртқа мен бастың тұрақтылығын қамтамасыз етіп тұратындай ойластырылған. Осының арқасында сапарлар қатты қажытпайды.
GX 550 салоны керемет әмбебаптығымен ерекшеленеді. Бес немесе алты орындығы бар жиынтықтар қарастырылған, ал артқы орындықтар жиналған кезде тіпті 29 дюймдік дөңгелектері бар тау велосипедін тасымалдауға болады.
Күш қондырғысы: жаңа турболандырылған v6 және сүйретілетін тіркеменің үздік масса көрсеткіші
Осының арқасында жаңа буынның жол талғамайтын автокөлігінде сүйретілетін тіркеменің массасына қатысты теңдесі жоқ.
Қозғалтқыш бұрын болған 6 сатылы автоматты беріліс қорабының орнына келген 10 сатылы Direct Shift автоматты беріліс қорабымен жұптасып жұмыс істейді. Ол қуатты және тұрақты үдеу сезімін, сондай-ақ үдеткіш педальді басудан жедел жауап алуды қамтамасыз ету үшін бапталған. Сонымен қатар сатып алушылар V-тәрізді «алтылық» қозғалтқыштың төмендеген шу деңгейін жоғары бағалайды.
Жүріс сипаттары: lexus талғампаздығымен үйлескен беріктік пен қауіпсіздік
Жаңа GX 550 – бұл Lexus талғампаздығына ие, нағыз жол талғамайтын көлік. Негізгі беріктіктің құпиясы жаңа GA-F платформасында және шанағының рамалық дизайнында жатыр. Бұл қасиеттер жолсыз жерде сенімді қозғалысқа кепілдік береді. Lexus Driving Signature тұжырымдамасы жабыны бар жолдарда жүрген кезде басқаруды, жайлылықты, бағыт тұрақтылығын және біқалыпты жүруді қамтамасыз етеді.
Алдыңғы және артқы аспалар жолдарда да, жолсыз жерлерде де сенімді қозғалысқа бейімделген. Артқы аспа кедір-бұдыр жерлерден өткен кездегі соққылардың жағымсыз әсерін азайтатындай етіп бапталды, ал тораптарды күшейтудің жаңа әдістері арқылы қол жеткізілген шанақтың қаттылығы жақсартылған басқаруды қамтамасыз етеді.