Байланысу

Lexus болашақ мерейтойын атап өтуде:

Жаңа дилерлік орталық құрылысының басталуы құрметіне

Астанада уақыт капсуласы сақтауға қойылды

2024 жылы 3 қыркүйек күні Астанада салынып жатқан жаңа Lexus дилерлік орталығының аумағында Қазақстандағы Lexus брендінің тарихындағы жаңа кезеңнің символына айналған уақыт капсуласын сақтауға қою салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға осы маңызды жобаға біріктірілген үш тараптың атынан негізгі тұлғалар: Тойота Мотор Қазақстан президенті Джон Томсон, Lexus Europe вице-президенті Паскаль Руш, «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов қатысты. Осы көшбасшылардың өзара әрекеттестігінің арқасында уақыт капсуласы олардың ой-пікірінің бір жерден шығатынын және Қазақстандағы Lexus брендін қарқынды дамытуға деген ұмтылысын көрсетті.
Жапондық Тойота брендінің Қазақстандағы даму тарихы 31 жыл бұрын – «Астана Моторс» компаниясының 1993 жылы алғашқы ресми «Алматы Тойота орталығы» автокөлік орталығын ашуынан басталды. Уақыт капсуласын салып қою дәстүрді сақтау ғана емес, сондай-ақ Lexus компаниясының Қазақстандағы сенімді серіктестерімен бірге құратын болашақты қалай елестетіне жауап іспетті. Капсулада Lexus компаниясының маңызды жетістіктері мен құндылықтары, сондай-ақ оның алдағы жылдарды қалай елестететінін бейнелейтін бренд элементтері қамтылған. Бұл элементтерден басқа, капсулада үш ұйымның көшбасшылары қол қойған Lexus брендінің болашақ ұрпаққа жолдаған хаты болады, хатта олар өздерінің жарқын болашаққа және тұрақты дамуға деген сенімдерімен бөліседі.

Элемент саны жетеу, бұл қазақтар үшін символдық әрі киелі мәні бар сан, элементтердің ішінде:

  1.  Lexus кодексі— брендтің кемелдікке және Lexus әр клиентін өз үйіне келген ең қымбат қонағындай қарсы алатын бұлжымас қонақжайлығын көрсететін мінсіз қызмет көрсетуге ұмтылысының мәні.
  2. KIWAMI белгішесі — Еуропадағы Lexus тәжірибесін мінсіз қолдаудың ең жоғары символы. Lexus Astana осы марапатқа үш рет ие болды.
  3. Lexus GX 550 бэйдж — модельдің жаңа дәуірінің басталуын және 2024 жылы (Қазақстанда) осы сән-салтанатты жол талғамайтын көліктің шығарылуын білдіреді.
  4. Hybrid айдентикасының элементі — брендтің инновациялар мен болашақтың озық шешімдерін қолдауының символы. Гибридті технологияның ізашары және көшбасшысы ретінде Lexus жаңа мультитехнологиялық шешімдерге жол ашуды жалғастырып келеді.
  5.  «Amazing» атты әні жазылған флешка — бренд ұранында қамтылған «Experience Amazing» сөзі. Бұл ұран Lexus компаниясының таңғаларлық (естен кетпес) әсер қалдыруды қолдайтынын көрсетеді.
  6. LX 600 Ақтаудағы баспасөз-турынан компас (мамыр, 2022) — сізді кез келген жерге апаратын және кері әкелетін, абсолютті жайлылық пен керемет саяхат тәжірибесін қамтамасыз ететін сән-салтанатты жол талғамайтын көліктің шексіз мүмкіндіктерін білдіреді.
  7. Қазақстанның жетекші теннисшілері мен Lexus Kazakhstan бренд-амбассадорлары, сондай-ақ Қазақстан теннис федерациясымен бірлесіп іске асырылатын «Tennis For Life by Lexus» бағдарламасының елшілері болып табылатын Александр Бубликтің қолы қойылған теннис добы мен Елена Рыбакинаның аты аталған ашықхат. «Tennis For Life by Lexus» бағдарламасы Қазақстанда тұратын балаларды теннис әлеміне таныстырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына, дамуына, достығы мен бәсекелестік рухына ықпал етеді.
Бұл капсула 65 жылдан кейін, яғни 2089 жылы, Lexus өзінің жүз жылдығын атап өткен кезде ашылады. Болашақ ұрпақ оны аша отырып, брендтің армандары мен ұмтылыстарының шындыққа айналғанын көре алады, бұл өткен шақ, қазіргі шақ пен болашақтың арасында берік байланыс орнатады.
Астанадағы көшбасшы Lexus дилерлік орталығы Chapman Taylor ағылшын сәулет бюросы әзірлеген жаңа дизайн бойынша салынған Қазақстандағы алғашқы орталық болмақ. Ол заманауи технологиялар мен Қазақстандағы мәдени дәстүрлерді біріктіріп, әрбір клиент өзіне назар аударылғанын сезінетін бірегей атмосфера құрады. Жаңа орталық Қазақстандағы Lexus компаниясының дамуының символына айналады және премиум сегмент брендінің көшбасшылық позициясын нығайтады. Жобаның таныстырылымын «Астана Моторс» CEO Бекнұр Несіпбаев пен Chapman Taylor директоры Кристофер Джон Лэнксбери өткізді.
«Lexus Astana» жаңа дилерлік орталығының құрылысы Қазақстандағы Lexus дилерлік желісінің сенімді дамуын және брендтің «Астана Моторс» компаниясымен табысты әріптестік орнатуын білдіреді. Қазақстандықтардың осы брендтің автокөліктеріне деген жоғары сенімі Lexus автокөлігін премиум сегменттің көшбасшысына айналдырады және біз Қазақстандағы Lexus табысы жөніндегі тарихымызды «Астана Моторс» компаниясымен бөліскенімізге қуаныштымыз», — деді Lexus Europe вице-президенті Паскаль Руш.
Жаңа дилерлік орталықтың ауданы 3 951 шаршы метрді құрайды. Құрылыс аяқталғаннан кейін қазіргі уақытта Қабанбай батыр даңғылы, 37 мекенжайында орналасқан жаңа Lexus Astana ресми дилерлік орталығы қала орталығынан Астананың сол жағалауындағы дамып келе жатқан Нұра ауданына көшеді. Бұл клиенттер мен қонақтарға көбірек жайлылық, керемет тәжірибе мен Lexus көлігін иелену рақатын ұсына отырып, брендтің елордадағы орнын нығайтудағы маңызды қадам болады. Жаңа орталықтың ашылуымен Lexus өзінің құндылықтары мен дәстүрлеріне адалдығын сақтай отырып, ерекше сервис көрсетуге және инновацияға деген ұмтылысын растайды.
Lexus ресми дилерлік орталықтары Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Қостанай, Павлодар, Орал қалаларында және көрші Бішкек қаласында орналасқан. Жаңа орталық Қазақстан нарығында брендті әрі қарай дамытуға қосқан маңызды үлес болмақ.