Байланысу

Lexus Батысқа беттеді: Орал қаласында жаңа дилерлік орталықтың ашылуы

2024 жылғы 5 қыркүйекте Орал қаласында жаңа Lexus дилерлік орталығының салтанатты ашылуы өтті. Бұл Батыс Қазақстанда биылдыққа ашылатын екінші Lexus орталығы – шілде айында «Лексус Ақтау» ашылған болатын. Бұл оқиғалар брендтің нағыз сән-салтанат пен талғампаздық рухын әкеліп, аймақта өсіп-өркендеуге деген ұзақ мерзімді жоспары бар екенін анық білдіреді.
Орал қаласындағы жаңа орталық 1987 жылы тамыз айында жазылған Lexus кодексіндегі  (Lexus Covenant) Lexus философиясы мен Омотенаши қонақжайлылық дәстүрін толығымен көрсетеді. Бұл кодексте брендтің әр клиентті өз үйіне келген қадірлі қонағындай қарсы аламын деген бұлжымас уәдесі жазылған, мұндағы әрбір өзара іс-қимыл сәті қамқорлыққа, құрметке және жоғары деңгейде көңіл бөлуге негізделген. Жаңа дилерлік орталықтағы әрбір зат брендтің ең жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетін тыңғылықты, жекелеген адамға бапталған қызмет көрсету тәжірибесін ұсыну мақсатында жасалған. 
«Лексус Орал» қонақтары ең үздік сервистен ләззат алатын болады, сервис аса жайлы клиенттік аймақтан басталып, ұсақ-түйектің бәріне көңіл бөлу сәлемдесуден бастап сатып алудың соңғы рәсіміне дейін көрініс табатын жарқыраған әдемі шоу-румда жалғасады. Сертификатталған мамандар әрбір келген кезді ұмытылмас естелікке, ал автокөлікке қызмет көрсетуді нағыз сүйіспеншілікке айналдыру арқылы әр адамның бабын табуға кепілдік береді.
Сондай-ақ тамыз айында Қазақстанда су жаңа Lexus GX 550 көлігінің сатылымы басталғанын, аталған көліктің «Лексус Орал» салонында қолжетімді екенін атап өткіміз келеді. Күш пен қуат бейнесіне айналған бұл сән-салтанатты жол талғамайтын көлік брендтің керемет өнімділік пен сән-салтанаттың асау мінезімен бірге жүретін озық технологияның мінсіз одағын құруға ұмтылысын бейнелейді. Батыс Қазақстанда қазіргі сәтте Қазақстанның медиа өкілдерінің қатысуымен осы модельдің үлкен тест-драйвы өтіп жатыр және аталған қызықты оқиғаны сіз брендтің Instagram-дағы @officiallexuskz ресми парақшасынан тамашалай аласыз.

Tennis For Life by Lexus аясында бірегей қолдау көрсету

Оралда жаңа дилерлік орталықтың ашылуына орай Lexus жасөспірім қала тұрғындарына арналған Tennis For Life by Lexus бағдарламасының ресми іске қосылуын да өткізді. 120-дан астам бала кәсіби жаттықтырушылар беретін ашық сабақтар арқылы теннис ойнау дағдыларын дамытудың бірегей мүмкіндігіне ие болды. Бұл жоба аймақтағы теннистің дамуын қолдау бойынша бренд стратегиясының бөлігі болып табылады және Lexus компаниясының бренд қатысатын қауымдастықтардағы өмір сапасын жақсарту ұстанымын тағы да дәлелдейді.
Lexus Kazakhstan Tennis for Life by Lexus бағдарламасын Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен жүзеге асырады және бүкіл Қазақстандағы балаларды теннис ойнауға тартуға және олардың осы спорт түріне деген қызығушылығына қолдау көрсетуге бағытталған. Lexus Kazakhstan бренд-амбассадорлары, ұлттық құраманың жетекші ойыншылары және әлемдік теннис жұлдыздары Александр Бублик пен Елена Рыбакина да бағдарламаның елшілері ретінде қатысады, жобаны іске асыру үшін бірлесіп жұмыс істейді.

Жайлылық пен қамқорлықтың теңдесі жоқ деңгейі

«Лексус Орал» су жаңа модельдерді сатудан бастап ең жоғары стандарттарға сәйкес келетін сервистік қызмет көрсетуге дейінгі ең озық қызмет көрсету әлемінің есігін өз қонақтарына ашады. Мұнда әрбір клиент әрбір бөлшекке мұқият мән берілетін Омотенаши қонақжайлылық философиясына негізделген, қайталанбас Lexus рухын сезінеді.

Жаңа дилерлік орталық Қазақстанда ресми түрде ұсынылған Lexus автокөліктерінің толық модельдер қатарын, сондай-ақ бренд талаптарына сәйкес келетін диагностикасы мен кепілдігі бар сервистік орталықты ұсынады.

«Лексус Орал» мына қызметтерді көрсетеді:

  • Trade-in бағдарламасы бойынша айырбастау мүмкіндігімен жаңа автокөліктерді сату;
  • тәжірибелі менеджерлердің кеңес беруі;
  • «Lexus Select» бағдарламасы бойынша сертификатталған ұсталған автокөліктерді сату;
  • «Lexus Финанс» ұсынатын қаржылық шешімдер;
  • «Lexus Сақтандыру» бағдарламасы арқылы автокөліктерді сақтандыру;
  • кез келген модельге тест-драйв ұйымдастыру;
  • KINTO брендінің премиум санатты автокөліктерін жалдау;
  • Lexus автокөліктеріне ресми сервистік және кепілдік қызмет көрсету;
  • жапондық сапада жасалған түпнұсқа бөлшектер мен аксессуарларды сату.

Орал қаласында дилерлік орталықтың ашылуы – бұл тек Батыс Қазақстандағы брендтің өсіп-өркендеуі ғана емес, сонымен қатар өңір тұрғындарына Lexus-пен қол жеткізуге болатын сервис пен технологияның жаңа деңгейін ұсыну мүмкіндігі.

Жаңа Lexus орталығы Абай даңғылы, 246/6 мекенжайында орналасқан.

Байланыс нөмірі: +7 7112 30 13 13