Алматы, сәуір, 2025 ж. – «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы 2025 жылғы сәуір айынан бастап Димитрис Трипоспитистің президент лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлайды.
Димитрис Трипоспитистің автокөлік өнеркәсібінде зор халықаралық тәжірибесі бар және Toyota Motor Europe компаниясының негізгі басшылық позицияларында және компанияның өңірлік өкілдіктерінде жұмыс істеді. Қазақстанға тағайындалғанға дейін ол Lexus Europe басшысы қызметін атқарды, мұнда ол еуропалық нарықта брендтің стратегиялық дамуына жауапты болды.
Бұрын Трипоспитис Toyota Norway-ді басқарды, сонымен қатар Toyota Motor Hungary мен Toyota Motor Europe-да жоғары басшылық лауазымды атқарып, сатуға, дилерлік желіні дамытуға және стратегиялық жоспарлауға жетекшілік етті.
Димитрис Трипоспитистің тағайындалуы «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясының Toyota және Lexus брендтерін одан әрі дамытуға, компанияның өңірдегі позициясын нығайтуға және клиенттік сервистерді кеңейтуге деген ұмтылысын көрсетеді.
Тойота Мотор Қазақстан компаниясы туралы:
Тойота Мотор Қазақстан – ресми дилерлер желісі арқылы автокөліктер, бірегей қосалқы бөлшектер мен сервистік қызмет көрсетуді ұсынатын Қазақстандағы Toyota және Lexus брендтерінің ресми дистрибьюторы.