2025 жылғы 4-ші сәуірде «Лексус Атырау» дилерлік орталығының көптен күткен ашылуы өтті. Бұл Батыс Қазақстанда брендті белсенді ілгерілетуге бағытталған Lexus-тың жаңа стратегиясының соңғы қадамы болды.
Салтанатты ашылу рәсімі Lexus Kazakhstan президенті Димитрис Трипоспитистің сөзінен басталды. Трипоспитис мырза: «Lexus — бұл керемет және сапалы автокөліктер жасайтын жапондық шеберліктің көрінісі. Біз клиенттерге кең таңдау беру үшін әртүрлі күш қондырғыларын ұсынамыз. Сіздердің көпшілігіңіз бензинмен жүретін көліктерді айдайсыз, бірақ сіз Lexus-тың өздігінен зарядталатын және қосылмалы гибридті көліктерін де сынап көруіңіз керек,» – деп атап өтті.
Сондай-ақ кеш қонақтарына Toyota Tsusho Kazakhstan Бас директоры Андрей Рыбаков сөз сөйледі: «Атырау — қарқынды даму мен үлкен мүмкіндіктер аймағы және біз үшін Lexus құндылықтарын әкелу үлкен мәртебе: жоғары сапа, озық технологиялар және, әрине, Омотенаши философиясы — Lexus философиясының ажырамас бөлігі болып табылатын жапондық қонақжайлылық».
Инновациялар мен мінсіз сервистің теңдесі жоқ үйлесімі
Орталықтың қонақтарына дұрыс таңдау жасауға, жайлы атмосфера, құжаттарды ыңғайлы рәсімдеуге көмектесетін сауатты сертификатталған кеңесшілер қызмет көрсетеді. Және, әрине, іске асыру, несиелеу, лизинг және сақтандыру бойынша арнайы бағдарламалар:
- Trade-In бағдарламасы бойынша айырбастау мүмкіндігі бар жаңа Lexus автокөліктерін сату.
- «Lexus Select» бағдарламасы бойынша қолданыста болған сертификатталған автокөліктерді заңды тазалық пен техникалық жарамдылық кепілдігімен сату.
- «Lexus Финанстан» арнайы қаржылық шешімдер.
- «Lexus сақтандырудан» сақтандырудың экслюзивті шарттары.
- Бүкіл Lexus-тың модельдер қатарының тест-драйвы.
- KINTO-ның премиум автокөліктерін жалға алу.
- Түпнұсқа бөлшектерді қолдана отырып, ресми және кепілдікті қызмет көрсету.
- Түпнұсқа Lexus аксессуарларын сату.
www.lexus-atyrau.kz ресми сайтында Lexus-тың өзекті модельдерінің техникалық сипаттамалары, қызмет көрсету, акциялар мен арнайы ұсыныстардың шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.
Егжей-тегжейлі жасалған, әсерлі басқару мүмкіндігі бар, серпінді және эмоцияны оятатын – бұл Lexus. Премиум санатындағы автокөліктер брендтің озық технологияларын және бірден танылатын дизайнды біріктіреді. Олар қуатымен, ептілігімен және баяу жүруімен, жүргізуші мен жолаушылардың ерекше қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Енді Атырау тұрғындары мен қонақтары Lexus автокөліктерінің кең таңдауымен танысуға, сондай-ақ сату және қызмет көрсету стандарттарының шынайы жапондық сапасын бағалай алады.
Қала балаларына арналған «Tennis For Life by Lexus» бірегей іс-шарасы
Бізге хабарласыңыз
Сізге ыңғайлы уақытта келуді жоспарлау немесе кеңес алу үшін +7 775 030 3331 нөмірі арқылы хабарласыңыз.
«Лексус Атырау» клиенттерді күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін күтеді: Атырау, Әбілқайыр хан даңғылы, 94.