Skip to Main Content (Press Enter)

Су жаңа Lexus ES стильдің, сән-салтанат пен талғампаздықтың жаңа стандарттарын белгілейді

  • Жаңа Lexus ES-тің сегізінші буынының әлемдік тұсаукесері 23 сәуірде Шанхай автосалонында өтті
  • Күштік қондырғылардың кең ассортименті клиенттерге ES-тің гибридті және алғашқы толық электрлік нұсқаларын таңдауға мүмкіндік береді
  • Қазақстанда сатылымның басталуы 2026 жылға жоспарланған

Жаңа дәуірге арналған жаңа седан

Жаңа ES – қазіргі сатып алушылардың барлық басымдықтары мен құндылықтарына сәйкес келетін модель. Lexus брендінің стратегиясы адамдардың өзгеретін құндылықтарына үйлесуге және олардың мағыналы тәжірибеге деген ұмтылысын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін «Жеке сән-салтанат» тәсіліне негізделген.

Жаңа ES жағдайында бұл гибридтерге және аккумуляторлық электр жетектерінде негізделген, әртүрлі қуат нұсқалары бар күш қондырғыларының кеңейтілген модельдік қатарында көрінеді.

Уәдені орындау және «сән-салтанатты жеке ету» үшін жаңа Lexus модельдік қатары үш бағытқа бағытталған: электрлендіру, интеллектуалдылық және әртараптандыру — жаңа ES тұжырымдамасының негізінде жатқан қасиеттер.

ES — Lexus ДНҚ-сының ажырамас бөлігі

ES — бұл 1989 жылы құрылғаннан бері бренд қатарында болған алғашқы және ең танымал Lexus модельдерінің бірі. Жаңа итерациясында ол клиенттерге электрлендірілген күштік қондырғылардың одан да кен таңдауын ұсына отырып, сәнді және талғампаз көлік ретінде беделін нығайтады.

Auto Shanghai-дағы әлемдік тұсаукесерден кейін жаңа Lexus ES 2026 жылы Қазақстанда ұсынылады. Жергілікті сипаттамалар туралы мәліметтер кейінірек жарияланады.

Дизайн: Clean Tech x Elegance

ES Lexus-тың Clean Tech x Elegance (таза технологиялар және талғампаздық) жаңа дизайн тұжырымдамасы бойынша жасалған.

Кербездік әрқашан ES модельдерінің ерекшелігі болды және жаңа буынында ол одан да тереңірек зерттелді: функционалдық элементтері эмоциялық мәнерлілігімен керемет үйлеседі, таза және жинақы эстетиканы қалыптастырады.

Сыртқы келбеті Lexus-тың электр көлігі дизайнындағы болашаққа деген көзқарасын бейнелейтін минимализммен батыл қатысуды біріктіреді.

Ішкі көрінісі: қарапайым, таза және талғампаз сызықтар мен беттер

Clean Tech x Elegance тұжырымдамасының жалғасында ES-тің ішкі көрінісі мұқият қайта істелді: артық бөлшектер жойылды, қарапайым, таза және талғампаз кеңістік жасалды.

Сондай ақ жаңа ES пен бірге Lexus дизайнының екі жаңа элементі дебют жасайды:

  • Bamboo Layering (бамбуктық қабаттау) — ішкі көріністің жалпы жарықтандыруымен үйлестірілген жарықтандырылған бітімнің әсерін жасау үшін баспа және жарық өткізгіш материалдарды қолданатын технология.
  • Synthetic Leather Embossing (синтетикалық былғарыны өрнектеу) — атмосфералық жарықтандырумен үйлесетін және таза, заманауи эстетиканы жасайтын нақты бедер үлгісін береді.

Mark Levinson Surround Sound акустикалық жүйесің оңтайлы орналастыру арқылы салондағы атмосфера одан да талғампаз болады: үш өлшемді дыбыс сахнасы және салондағы жарық пен дыбыстың керемет үйлесімі жасалады.

Өз стиліңізді таңдаңыз: Lexus-тың әсерлер қуаты

Тұңғыш рет Қазақстанда: ES 350h өздігінен зарядталатын гибриді

ES 350h DIN* бойынша максималды қуаты 247 а.к. (182 кВт) болатын 2,5 литрлік бензин қозғалтқышы бар ең соңғы өздігінен зарядталатын гибридті жүйемен жабдықталған.

Тарихта алғаш рет: Lexus ES 500е электркөлігі

Es-тің толық электрлік нұсқасы да алғаш рет қолжетімді болады: DIN* бойынша 343 а.к. (252 кВт)  толық жетекті ES 500E. Lexus-тың электрлендірудегі озық зерттеулерді пайдалануы жаңа жаһандық Lexus GA-K платформасының, соның ішінде жаңа eAxle модульдерінің әлеуетін толық ашуға мүмкіндік берді. 

Жаңалықтарды қадағалаңыз

Әр сызығында мінсіз, озық технологиялармен толтырылған, ең ұсақ бөлшектерге дейін ойластырылған – жаңа Lexus ES болашақтың кербездігін бейнелейді. Ол жүргізушімен эмоционалды байланыс орнатады, заманауи өмірге интеллектуалды шешімдер ұсынады және жол бойында теңдесі жоқ сенімділік сезімін береді. Бұл жай ғана автокөлік емес. Бұл жайлылықтың, стильдің және қамқорлықтың жаңа өлшемі.

@оfficiallexuskz ресми аккаунтында барлық жаңартулар мен алғашқы мәліметтерді қадағалаңыз — ең қызығы енді ғана басталады.