LEXUS ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚТӨБЕДЕ LEXUS-ТІҢ РЕСМИ ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Орталықтың салтанатты ашылуы 2019 жылдың 16 шілдесінде өтті. Лексус Ақтөбе брендтің Республикадағы үшінші және Батыс Қазақстандағы алғашқы дилерлік орталығы болды. Енді ақтөбелік клиенттер көлікті ресми сатып алып, өз қаласында жоғары сапалы қызмет ала алады.

Лексус Ақтөбе – елдегі «Lexus 2020» корпоративтік стандарттарының жаңа концепциясына сай тұрғызылған алғашқы орталық. Бұл концепцияның негізінде озық технологиялар мен сан ғасырлық жапон эстетикасының үндестігін білдіретін «L-finesse» дизайнының философиясы жатыр. «L-finesse» философиясының көз тартатын әсемдігі сонда, дизайнның әр элементі екі күй: қозғалыс пен тыныштықты біріктіреді. Дилерлік орталықтың интерьері бірегейлігімен және қарқындылығымен ерекшеленеді, ал жиһаз өзіндік сызбалармен орындалған.

Lexus-тің қонақжайлық дәстүрі және Experience Amazing. Орталықтың аумағы 814 шаршы метрді құрайды. Автокөліктерді көрсету аймағы бар, мұнда клиент Lexus-тің Қазақстанда ұсынылған барлық модельдік қатарымен таныса алады. Демалыс орны да қарастырылған, ол Lexus "үйіне" келген әр клиент жайлылық пен қуанышты сезінетін жапондық Омотенаши қонақжайлығының қағидаларына сай жасалған. Орталықта жоғары технологиялы сервистік аймақ пен түпнұсқалық қосалқы бөлшектер қоймасы бар.

Орталық маманының міндеті – клиенттің әр келуін барынша жайлы әрі есте қаларлықтай ету. Үздік сервиспен қамтамасыз етіп, клиенттің қалауын ескеру, егер қажет болса, жаңа қызметтерді ұсыну. Орталық командасы үнемі дамиды және дербес қарым-қатынас жасау мен клиенттің ойынан шығуды мақсат етеді. Себебі Experience Amazing ұғымы брендке әр жанасқан сайын жақсы тәжірибе алуды білдіреді.

Компанияның іргетасы және тамаша сервис. Lexus компаниясы "Клиент бірінші орында" қағидасын негізге алады. Одан бөлек, бренд философиясы көбіне жапон халқының қонақтарға ерекше назар аударыңыз, олар өздерін бақытты сезіну үшін барлығын жасағаныңызға көз жеткізіңіз дегенді білдіретін Омотенаши қонақжайлық дәстүріне негізделеді,

«Ақтөбеде дилерлік орталықтың ашылуы Lexus компаниясының Қазақстанда дамуы үшін аса маңызды. Біз брендтің батыс өңірге келгеніне қуаныштымыз. Лексус Ақтөбе командасы марканың ең үздік автокөліктерін ұсынумен қатар, тамаша сервис пен тиісті қонақжайлық танытуға әзір. Біз біріге отырып істеген жұмысымыздың арқасында, барлық клиенттердің премиумдық деңгейдегі сервис пен жақсы тәжірибе алатынына сенімдіміз…» – деп атап өтті Лексус Қазақстанның бас менеджері Құралай Манасбаева.

Әрдайым тек үздік өнім жасау және одан көп ұсыну. Lexus дәстүрлі түрде әр клиентке дербес ыңғай танытуға ерекше көңіл бөледі. Жаңа дилерлік орталықта келген клиенттің жайлы демалуы не жұмыс істеуі үшін қажеттінің барлығы қарастырылған. Орталық Лексус Финанстан несиелеудің тиімді бағдарламалары, Trade-in бағдарламасының аясында жүрілген автокөліктерді ауыстыру, сақтандыру, қосымша жабдықтар мен күзет жүйелерін орнату, драйв сынақтары, Lexus автокөліктеріне кепілдікті және кепілдік мерзімі өткеннен кейінгі қызмет көрсету сынды ілеспе қызметтердің кең спектрін ұсынады Әрдайым клиенттерге ілесу және олардың қалауын алдын ала білу. Пайдаланушылардың пікірін мұқият тыңдау және одан артығын ұсыну. Бұл мақсаттар бренд үшін маңызын жоймайды.