Байланысу
НИДЕРЛАНД ТҰТЫНУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

LEXUS МАРКАСЫНА «ЕҢ СЕНІМДІ БРЕНД» АТАҒЫН БЕРДІ

• Голландияда өткізілген зерттеудің қорытындысы бойынша Lexus автокөліктер сенімділігі рейтингін басқарды
• Жүргізілген сауалнама нәтижелері Lexus маркасының сенімді автокөлік ретінде халықаралық беделін тағы да растады
• Тұтынушылардың брендке деген сенімдері барлық жаңа Lexus үлгілеріне берілетін бесжылдық кепілдікпен нықталады
• Алғашқы Lexus UX 300e электрокөлігі аккумуляторлық батареяға 15 жылға/1 млн километрге1 берілетін кепілдікпен қамтамасыз етілген

Нидерланд Consumentenbond тұтынушылар қауымдастығы оның 2020 жылы жүргізген сауалнамасының нәтижелері бойынша өндіруші бірінші орын алғаннан кейін Lexus маркасын ең сенімді автокөлік бренді деп атады.

Пайдалану мерзімі 10 жылға дейінгі автокөліктердің сенімділігін зерттеуде Lexus алған орташа баға 10 балдық шкала бойынша 8,8 құрады. 8 мыңнан астам 27 әртүрлі бренд автокөлік иелерінің жауаптары негізінде ақаулар саны және олардың ауырлық дәрежесі бағаланды

Респонденттерге үш нұсқаның бірін таңдау ұсынылды: сыну салдарынан автокөліктің пайдалануға жарамсыз болуы; шұғыл жөндеудің қажет болуы немесе жөндеуді ыңғайлы уақытқа жылжытуға мүмкіндіктің болуы. Сауалнама мәліметтеріне сәйкес, Lexus модельдерінің бұзылу ықтималдығы төмен болды, ал CT моделі өз санатында ең жоғары — 9,4 балл — баға алды.

Әлемге танылған сенімділік

Рейтингтегі көшбасшылық үшін марапат Lexus көліктеріне бір жыл мерзіміне «Ең сенімді бренд» атағын беру болды. Бұл өз тарапынан RX және NX кроссоверлерін ерекше атап өтіп, Lexus маркасын ең сенімді бренд деп таныған «What Car?» британдық журналының берген бағасын қоса алғанда, сенімділік үшін берілетін марапаттар сериясының ең жаңасы. Ал осы жылдың басында америкалық жетекші J.D. Power агенттігі жүргізген автокөліктердің сенімділігін зерттеу нәтижелері бойынша ең жоғары балына Lexus ES седаны ие болды.

Сапа кепілдігі

Lexus автокөліктерінің сапасы мен сенімділігін барлық жаңа үлгілерге қолданылатын 5 жылға/200 000 километрге2 берілетін стандартты кепілдік қамтамасыз етеді. Бренд тарихындағы алғашқы Lexus UX 300e электрокөлігі аккумуляторлы батареяға 15 жылға/жүрістің 1 млн километрге1 берілетін кепілдікпен бірге ұсынылады.

Ұзақ мерзімді құндылық

Lexus бүкіл әлемде құрастыру сапасы мен автокөліктерінің сенімділігімен танымал, бұл негізгі құндылықтар клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары деңгейімен қамтамасыз етіледі. Голландық тұтынушылар қауымдастығының сауалнамасы нарықтың брендке деген сенімі толығымен ақталғанын көрсетеді. Lexus иелері көптеген шақырым қауіпсіз, сенімді және тыныш сапарларға сенуге құқылы, сонымен қатар оны жаңа модельге ауыстыру уақыты келгенде автокөліктерінің жоғары қалдық құнынан пайда көре алады.

Сауалнаманың толық нәтижелерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: www.consumentenbond.nl/automankementen.

1UX 300e аккумуляторлы батареясына берілетін стандартты зауыттық кепілдік, қайсысы ерте болатынына қарай, 8 жылды немесе 160 000 км жүрісті құрайды. Lexus дилерлік орталығында автокөлікке қызмет көрсеткен кезде аккумуляторлы батареяға кепілдікті жыл сайын ұзартуға болады. Кепілдік 15 жылға дейін немесе 1 миллион шақырымға дейін ұзартылуы мүмкін.

2Әртүрлі нарықтардағы кепілдік талаптары әртүрлі болуы мүмкін. Толығырақ білу үшін жергілікті PR өкіліне хабарласыңыз.