Lexus және CNN International Commercial (CNNIC) компаниялары цифрлық контент саласында әріптестіктің басталуы туралы келісімге келді. Жаңа әріптестік қатынастар Lexus-тің негізгі құндылықтарының бірі – «Омотенаши» жапон қонақжайлығын және оның аса сәнді дүниелердің жаһандық секторында қолданылуын айқындай түседі.
«PIONEERING SPIRITS»
«Pioneering Spirits» фирмалық порталы CNNIC-дің өз студиясы «Create» әзірлеген интерактивті мүмкіндіктерді ұсынады. Бұл портал "Такуми" шеберлігі мен жаңа Lexus LS автокөлігінде қолданылған «Кирико» деп аталатын әйнекті қолмен жасаудың 300 жылдық техникасынан бастап, жаңа дыбыс ортасын жасаудың шығармашылық технологиясына дейінгі шеберлік пен өнертапқыштық биігіне адамдардың қалай жеткені баяндалатын әңгімелерден тұрады.