Байланысу
LEXUS ЖАҢАЛЫҚТАР

DIRECT 4

Lexus компаниясы Direct4 электр жетегін басқару технолгиясының жаңа буынын ұсынады

• DIRECT4 — болашақ гибридті және аккумуляторлық қуат көзімен істейтін элетрмобильдер үшін ерекше динамикалық жұмыс көрсеткіштеріне қол жеткізуге немесе «Lexus Driving Signature» философиясына бағытталған негізгі Lexus Electrified технологиясы.

• Жаңа жүйе жүргізу жағдайлары мен жүргізушінің ниеттеріне сәйкес шапшаң жұмыс істей отырып, динамикалық көрсеткіштерді өзгерту үшін төрт дөңгелектің де жылдам электрлік бақылауын қамтамасыз етеді
• Lexus Electrified жобасы Lexus-қа тән дизайнды қайта елестетуге мүмкіндік беретін дизайн бостандығын ұсынады.
• DIRECT4 және басқа да Lexus Electrified технологияларымен бірге үйлесетін жаңа BEV дизайн концепциясының алғашқы шолуы

Lexus компаниясы өткен жылы өзінің жаңа жаһандық электрлендіру стратегиясы аясында Токио мотор шоуында келген қонақтарды тамаша дизайнымен және шығармашылық технологияларымен тәнті еткен футуристикалық LF-30 концептуалды автомобилімен таныстырды. «Lexus Electrified» атты жаңа стратегия көліктің жұмыс көрсеткіштері, басқару және жүргізу жайлылығы бойынша түпкілікті қадам жасауды көздейді.

Бүгінде Lexus компаниясы DIRECT4, яғни аккумуляторлық қуат көзімен істейтін және гибридті электрмобильдерінің жаңа буынына арналған жаңа электр жетегімен басқарылатын жүйені қолдайтын негізгі Lexus Electrified технологиясын ұсынады.

DIRECT4 алдыңғы және артқы электр қозғалтқыштарынан берілетін айналу сәтін және барлық төрт дөңгелектің де тежегіш күшін дәл басқарады. Жүйе алдыңғы және артқы дөңгелек жетегінің тепе-теңдігін автоматты түрде баптап, жүргізу сезімін өзгертіп әрі автомобильді ең тиімді жүргізу позициясына қоя отырып, айдау жағдайларын жүргізуші ойлағанына сәйкес реттейді. Жүйе тарту күшін тиімді таратуға бағытталған, әрқайсысы айналу сәті жоғары электр жетегімен және беріліс қорабымен бірге алдыңғы және артқы көлденең көпір арқалығын пайдаланады. Қозғалтқыш дөңгелектерге бір жетекті білікпен тікелей байланысқандықтан, кідіріссіз жұмыс істейді.

Оның басқару болжамдығы мен жоғары жауап әрекеттігі жүргізушіге автомобильмен толық байланыстылық сезімін береді. Оған қоса ол қуатты әрі сызықты үдеу және жылдам бұрылу мүмкіндіктерімен болжамдық пен құмарлықтың керемет тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге жүйе Lexus компаниясының басты артықшылығы – шусыздық пен жайлылық қағидатында жасалған.

Жаңа технологиямен Lexus Electrified жобасының бас инженері Такаси Ватанабе қысқа бейнефильм сұхбатында таныстырды. Бейнефильмде DIRECT4 технологиясының артықшылықтары үлгілік көлік құралдары арқылы шынжыртабанды қозғағышпен практика жүзінде көрсетіледі.

Ватанабе Lexus Electrified концепциясының негізгі мақсаттарының бірі адам сезімі жауап қайтаратын жүргізу сапасын арттыру үшін жаңа электрлік технологияларды пайдалану болып табылатынын түсіндіреді.

Lexus компаниясының DIRECT4 технологиясын әзірлеу кезінде өзінің электрмобиль технологияларындағы теңдессіз тәжірибесін пайдалануға мүмкіндігі болды. Бұл тәжірибе жаңа буындағы Lexus автомобильдерінің динамикалық көрсеткіштерін белгілейтін бірегей стандарт «Lexus Driving Signature» философиясын дамытуды қолдайды. «Lexus Driving Signature» жүргізушілерге табиғи жүргізу әсерін, көлікпен бірлікте болу сезімін, сондай-ақ құмарлық пен болжамдықтың дұрыс тепе-теңдігімен тиянақты ойластырылған автомобиль сенімділігі тудыратын нағыз жайлылықты қамтамасыз етуді көздейді.

Сонымен қатар жаңа фильмде 2021 жылдың бірінші тоқсанында шығарылатын жаңа концептуалды автомобиль нобайлары мен суреттерін көрсете отырып, Lexus компаниясының болашақ дизайндық идеяларына шолу жасалады.

Бас дизайнер Коичи Суга электрлендірілген технологиялардың, автомобиль конструкциясына, сондай-ақ оның жұмыс көрсеткіштеріне тигізетін әсері, мысалы, қозғалтқыш пен радиатор үшін алдыңғы суытқыштың қажет болмауы туралы түсіндіреді. Бұл технологиялық жетістіктерді үш өлшемді формада көрсету үшін керемет жаңа мүмкіндіктермен таныстырады.