Асқан шеберлік пен дәстүрлі Жапон өнерін атап өту аясында Lexus әлемдегі бірінші тату салынған автокөлікті көпшілік қауымға ұсынды. UX шағын кроссоверінің бірегей дизайнын Лондонның танымал тату-шебері Клаудия Де Сабе (Claudia De Sabe) орындады.
САЛЫНҒАН АВТОКӨЛІКТІ ЖАРЫҚҚА ШЫҒАРДЫ
UX шағын кроссоверінің бірегей дизайнын Лондонның танымал тату-шебері Клаудия Де Сабе (Claudia De Sabe) орындады.
Аппақ автокөлікті «кенеп» ретінде және Dremel бұрғысын тату салатын жіңішке иненің орнына пайдаланған Клаудия автокөліктің бүкіл бойында коя тұқыбалығы бейнеленген ауқымды көркем туындыны жасап шығарды. Коя тұқыбалығы — сәттілікті, шыдамдылық пен табандылықты білдіретін дәстүрлі Жапон өнерінің белгілі нышаны.
Алдымен Клаудия Dremel бұрғысымен металға дейінгі беткі бояуға нақыштап күрделі өрнекті салды да, оның үстінен бес литр жоғары сапалы автокөлік бояуын қолмен жағып шығып, әр бөлшегін бөлектеп көрсетті. Соңында бекалтынмен жылтылдатып, дизайнның 3D әсерін күшейтті. Содан кейін сыртқы факторлардан қорғайтындай етіп, бүкіл бояудың бетіне қорғаныс лагын жақты.
Алғашқы нобайын жасап, оны іске асырғанға дейінгі бүкіл процеске алты ай жұмсалды, ал «тату салуға» сегіз сағаттық бес қарқынды жұмысы күні қажет болды. Жұмыс барысында дірілдейтін бұрғымен және адамға қарағанға ыңғайлы етіп орналастыруға болмайтын объектімен жұмыс істеу оңай болмады. Адамға салатын татудың жіңішке сызықшаларын өңдеу немесе бояу айтарлықтай оңай болса, бұрғымен нақыштап өрнек салу аса жоғары дәлдікті қажет етті.
Тату салынған Lexus UX нұсқасының бағасы белгіленбеген, бірақ мұндай тапсырыспен орындалған жұмыс 120 000 фунт стерлингтен аса сомаға бағаланады.
Клаудия бірінші рет өз дағдыларын адам терісіне емес, металға қолданып көрді, сондықтан ол бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі бетпен жұмыс істегенде, біраз ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтады.
«Адам денесіне тату салғанда, тері астындағы бұлшықет пен тін туралы ойлауға тура келеді. Ал автокөлікпен жұмыс істегенде, каркас бетіндегі шанақ пішінінің өзгеруіне мән беру керек», — деді Клаудия. Оған осы істі жүзеге асыруға жұбайы — жапондық Ютаро көмектесті.
«Lexus UX автокөлігінің сүйір пішіні тату салуға мінсіз болғандықтан, дәл осы көлік жоба үшін таңдап алынды. Оның бүйір беттеріндегі сызықтарынан бастап терезелеріне дейінгі барлық бөлшектері — динамика мен әсемдіктің бейнесі», — деді Ислингтондағы Red Point тату студиясының тең құрылтайшысы Клаудия.
Осы жоба — әр Lexus автокөлігін жасап шығарғанда қолданылатын такуми шеберлігіне деген құрмет көрсету. Оның бейнесін дизайн элементтері мен мінсіз өңдеу сапасынан көруге болады. Такуми шеберлігі — жылдар бойы арнайы оқытумен кемеліне жеткізілген ерекше дағдылар. Дәстүрлі жапондық эстетиканы Lexus автокөліктерінің дизайндары мен элементтерінен көре аласыз. Осыған мысал ретінде UX салонының бұдыр васи қағазынан жасалған қаптамасын және жапондық үйлердің энгава архитектуралық ерекшеліктерімен іспеттес алдыңғы панелінің арқасында интерьер мен экстерьердің біркелкі бірігуін келтіруге болады.