ҚАЗАҚСТАНДА САТЫЛЫМҒА ШЫҒАТЫНЫН ХАБАРЛАЙДЫ
- Lexus шағын инновациялық Lexus UX кроссоверінің Қазақстанда сатылымға шығатынын хабарлайды.
- Жаңа Lexus UX — бренд тарихындағы премиумдық класстағы алғашқы шағын кроссовер.
- Lexus UX-тің батыл әрі тартымды дизайны жігерлі қала тұрғындарына арналған шағын автокөлік концепциясын көрсетеді.
- Lexus UX екі нұсқада қолжетімді: UX 200 және UX 250h. Кроссовердің бағасы 14 431 000 теңгеден 16 880 000 теңгеге дейінгі аралықта.
- 150 аттың күшіне ие 2.0 литрлік бензинді қозғалтқыш пен қуаттылығы 184 ат күшіне тең гибридті күштік құрылым керемет қырқын мен ерекше әсерге кепілдік береді.
- Әсерлі технологиялар қауіпсіздіктің аса жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, Lexus UX-ті жүргізуші мен жолаушының қорғаныс дәрежесі бойынша үздік етеді.
Инновациялар – әңгіме автокөлік интерьері жайлы болғанда бос сөз емес. Lexus UX шағын кроссоверінің батыл әрі тартымды дизайны оның ең жақсы қасиеттерін толық көрсетеді. Lexus UX-тің келбетін жасауға дизайнерлермен, инженерлермен қатар Такуми шеберлері де атсалысты. Олар атқарған жұмыстың арқасында, беткі бөліктің 0.01 мм дәлдігін қамтамасыз ету мүмкін болды.
Lexus арнайы қала тұрғындары үшін UX үлгісінде ептілік пен жүрудегі жайлылықты үйлестірді, бұл GA-C платформасының аса берік құрылымын қолданудың арқасында мүмкін болды. Аса берік болат пен желімделетін материалдарды және лазерлі дәнекерлеуді қолдану құрылымның қаттылығын, шыңдалған басқарылуды және премиумдық жайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН UX НҰСҚАЛАРЫ
Қазақстанда жаңа Lexus UX екі нұсқада қолжетімді болады: UX 200 және UX 250h. Lexus UX 200-ге жұмыс көлемі 1987 текше см-ге тең бензинді төрт цилиндрлі қатарлы қозғалтқыш орнатылады. Бұл қозғалтқыштың қуаттылығы 150 ат күшін құрайды, ал ең жоғарғы айналу сәті – 205 Нм. Клапандарының енгізу ершігіндегі металлдың революциялық тозаңдатудың және жаңа енгізу каналының, жоғары сығу коэффициентінің (13:1), отынды бүркудің D4-S жүйесінің (тікелей және үлестірілген бүрку), газ үлестіру шамдарын реттеу жүйесінің және енгізу жағындағы VVT-iE электрлі жетегінің арқасында, 2.0 литрлік жаңа агрегат өз классындағы ең тиімді қозғалтқыштардың бірі болып табылады. Мотор өз бойына үздіксіз жұмыс пен отын үнемдеу және анағұрлым сергек кері байланысты үйлестірген жаңа Direct Shift CVT трансмиссиясымен жұптаса жұмыс істейді. Тұрған орнынан қозғалу және екпін алу үшін пайдаланылатын механикалық редукторды пайдалану есебінен трансмиссия жаңа Lexus UX-тің үнемділігі мен тамаша динамикасын қамтамасыз етеді.
ЖАҢА LEXUS UX-ТІҢ БАҒАЛАРЫ МЕН ЖИЫНТЫҚТАРЫ
Жаңа Lexus UX 200 үш жиынтықта қолжетімді болады: Comfort, F-Sport және Premium. Инновациялық гибридті Lexus UX 250h Comfort жиынтығында қолжетімді
Бастапқы Comfort жиынтығында 14 431 000 теңге тұратын Lexus UX 200 бен 16 810 000 теңге тұратын Lexus UX 250h заманауи шағын қалалық кроссоверлерге қойылатын барлық талаптарға сай келетін құрылғылардың барлығымен жабдықталады. UX 200-ге арналған жиынтықта 215/60 R17 шиналарына ие 17 дюймдік жеңіл балқытылған дискілер орнатылған, ал UX 250h нұсқасында 225/50 R18 шиналарына ие 18 дюймдік жеңіл балқытылған дискілер орнатылған. Барлық нұсқалар көлік төбесіндегі рейлингтермен, жарықдиодты тұманға қарсы шамдармен жабдықталады.
Клиенттердің қауіпсіздігі Lexus бренді үшін ең маңызды құндылықтардың бірі болып табылады. Жаңа Lexus UX-тің барлық нұсқалары сегіз: екі қарсы алды, екі алдыңғы тізелік, алдыңғы бүйірлік қауіпсіздік жастығымен және салонды бойлай орналасқан "қауіпсіздік пердешелерімен" жабдықталған. Одан бөлек, базалық жиынтығында Lexus UX бағыттық тұрақтылық жүйесімен (VSC), бұғаттауға қарсы жүйемен (ABS), тежеуіш күштерін үлестіру жүйесімен (EBD) және шұғыл тежелуді күшейткішпен (BAS) жабдықталады. Сонымен қатар, автокөлікте еңіспен көтерілгенде көмек беру жүйесі (HAC) мен тұрақ тежеуішін автоматты іске қосу функциясы бар. Артқы орындықтарда балалар орындығын орнатуға арналған ISOFIX бекіткіші қарастырылған.
PREMIUM ЖИЫНТЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА LEXUS UX
200 16 880 000 ТЕҢГЕГЕ ҰСЫНЫЛАДЫ
Жиынтық 225/50 R18 шиналарына ие 18 дюймдік жеңіл балқытылған дискілермен ұсынылады. Одан бөлек, Premium жиынтығындағы Lexus UX 200-дің рөл колонкасы барынша ыңғайлы отырысты іздеуді анағұрлым жеңілдететін шығуы және көлбеуленуі бойынша электрлі реттеумен жабдықталады. Автокөліктің алдыңғы орындықтары 8 бағытта электрлі реттеледі, ал жүргізуші орындығындағы бел тірегіш қосымша реттеледі. Мұндай Lexus UX 200-дегі қосымша жайлылықты қозғалтқышты Push Start батырмасы арқылы іске қосу функциясына ие кілтсіз ашу жүйесі мен электрлі жетегі бар және жанасымсыз ашу функциясына ие жүк бөлімінің есігі қамтамасыз етеді.
Көлік үлгілері мен жиынтық түрлері жайлы толық ақпаратты www.lexuskz.com ресми сайтынан алуға болады.