Skip to Main Content (Press Enter)

Қарсы алыңыз: мүлдем жаңа Lexus ES

Lexus ES премиум седаны Шанхай автосалонында сегізінші буынының жаһандық тұсаукесері кезінде көрермендерді баурап алып, назарын өзіне аударды​

Жаңа Lexus ES

Стиль, сән-салтанат және зәруліктің жаңа стандарттары
 

Жаңа ES – заманауи тұтынушылардың басты құндылықтары мен басымдықтарына толық сәйкес келетін модель.​
Оның сыртқы келбеті батылдық пен минимализмді үйлестіріп, Lexus-тың болашақ электромобиль дизайнына деген көзқарасын бейнелейді.​

Қазақстанда алғаш рет Lexus ES өзін-өзі қуаттайтын гибрид нұсқасында ұсынылады.​
Ал әлемде тұңғыш рет осы сегізінші буында премиум седанның толық электрлік нұсқасы пайда болады.​

Жаңа ES сатылымға 2026 жылдың көктемінде шығады.​

Эпикалық сырт келбет

  • ES-тің сегізінші буыны Lexus-тың жаңа дизайн тұжырымдамасына сәйкес жасалған — Clean Tech x Elegance (Таза технологиялар мен Элеганттық).
  • Серпінді контурлары және мінсіз аэродинамикасы бар әсерлі ES барлық параметрлерінде ірілене түсті. 
  • Төбенің артқы жағына қарай түсетін сызығы бар тегіс, купе тәрізді сұлба бүйірінен қарағанда автокөліктің спорттық мінезін айшықтап тұр. 
  • ES экстерьері Lexus фирмалық дизайнының ары қарай дамығанын көрсетіп тұр және седан келбетін электрленген қуатпен зарядтап тұр.

Мәнерлі интерьер

  • ES салоны — ашықтығымен, кеңдігімен және жақсартылған шолу мүмкіндігімен ерекшеленетін ықшамды әрі ойластырылған кеңістік.
  • Кокпит Lexus Tazuna принциптері бойынша жасалған: басқару органдарымен өзара әрекеттестік және ақпаратты оқу үшін қол мен көздің азғантай қозғалысы жеткілікті.
  • Әлемдегі алғашқы Bamboo Layering технологиясымен жабдықталған автомобиль:жарық өткізетін материалдар мен баспа әдістерінің үйлесімі арқылы жасалған, салонның атмосфералық жарығымен синхрондалатын жарықтандырылған текстура эффектісін беретін инновациялық дизайн шешімі.​
  • Салон ішіндегі атмосфера одан әрі көркем бола түседі: нақты рельефті өрнек атмосфералық жарықпен үйлесіп, Mark Levinson Surround Sound акустикалық жүйесінің оңтайлы орналасуымен толықтырылады.​

Жаңа деңгейдегі сән-салтанат пен жайлылық

  • ES салтанатты ішкі кеңістігі баурап алатын жүргізу тәжірибесімен қамтамасыз ететін бизнес-кластағы кең салон болып табылады.
  • Шофері бар автокөлікті пайдаланатындар үшін мына опциялар қолжетімді: қайырмалы арқалы артқы орындықтар, шығарылатын аяқ тірегі, артқа қарай жиылатын арқалы алдыңғы жолаушы орындығы. 
  • Жаңа конструкциялы алдыңғы орындықтар сән-салтанатты өңдемесімен ерекшеленіп қана қоймайды, сондай-ақ жақсы ұстайды, түзу отыруға көмектеседі және рульді бұрғанда бұлшықеттерге түсетін салмақты барынша азайтады. 
  • Шу деңгейін төмендетуге ерекше назар аударылды – есіктер мен олардың саңылауларының дыбыс оқшаулауы, сондай-ақ алдыңғы есік әйнектері жақсартылды.Салон ішіндегі дыбыстың таралуы мұқият ойластырылып, дыбыстардың табиғи әрі үйлесімді қабылдануын қамтамасыз етуге бағытталды.

Жаңа деңгейдегі сән-салтанат пен жайлылық

  • Қазақстанда алғаш рет ES 350h өзін-өзі қуаттайтын гибрид нұсқасында қолжетімді болады.​
  • Тарихта алғаш рет толықтай электрлік нұсқа – толық жетек жүйесі бар ES 500e ұсынылады.​
  • Lexus-тың электрлендіру саласындағы озық технологиялары жаңа GA-K жаһандық платформасының толық мүмкіндігін ашуға мүмкіндік берді.

Негізінде — Lexus Driving Signature философиясы

  • ES Lexus Driving Signature философиясының руль тізгініндегі жайлылық, сенімділік және бақылау принциптеріне толық сәйкестікте жіті жетілдірілді. 
  • Шанақтың асқын қатаңдығы дірілді барынша азайтады және нақты, түйсікпен рульді басқаруға, сондай-ақ бірқалыпты үдеу мен тежеуге қолғабыс етеді.
  • Руль жоғары жылдамдықтарда тұрақтылықты, бұрылыстарда лездік жауапты және төмен жылдамдықта анағұрлым жеңіл маневрлеуді қамтамасыз ететін айналмалы беріліс саны бар тісті төрткілдешмен жасақталған. 
  • Аспа толықтай өңделіп, тартымның жолға берілісін жақсартты және жүрістің бірқалыптылығы артты.

Заманауи технологиялар

  • Жаңа цифрлық кокпит 12,3 дюймдік жүргізуші дисплейін және қолданбасы бар 14 дюймдік сенсорлы экранды табиғи үйлестіреді.
  • Сенсорлы экран аудиожүйе мен климат-бақылау функцияларының түйсікпен түсінікті мүмкіндіктерімен жасақталған және Android Auto® мен Apple CarPlay®-ді қолдайды.
  • Mark Levinson Surround Sound опциялық аудиожүйесі салон жарығымен үйлесетін үш өлшемді дыбыс сахнасын жасайды.  
  • Алдыңғы панельдегі тактильді кері байланысқа ие Hidden Switch жаңа жасырын ауыстырып қосқыштары электр қуатын қосқан соң ғана көзге көрінеді.

Жаңа жоғары технологиялық қауіпсіздік жүйелері

  • ES жетілдірілген Lexus Safety System+ белсенді қауіпсіздік жүйелерінің кешенімен және жүргізуші көмекшілерімен жасақталады. 
  • Автоматты тежеу функциясы бар соқтығыстарды алдын алу жүйесі (PCS) электрсамокаттардағы адамдарды қоса, енді көбірек нысандарды таниды және ауқымды жағдайлар диапазонында әрекет етеді.  
  • Көрінбейтін аймақтарды бақылау жүйесі енді велосипедшілер мен мотоциклшілерді анықтайды және солға-оңға бұрылған кезде олармен соқтығысудың алдын алуға көмектеседі. 

МОДЕЛЬДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

 

 Күш қондырғысы HEV  BEV
 Модель

ES 300h

ES 500e

  Жетек түрі Алдыңғы және толық Толық
 Қозғалтқыш 2,5-литрлік қатарлы 4 цилиндрлі қозғалтқыш -
 Берілістер қорабы бас беріліспен және дифференциалмен жинақта eCVT eAxle
Батарея сыйымдылығы (кВт∙сағ) - 74.69

 DIN бойынша қуаты, а. к. / кВт

201/148 343/252
 0–100 км/сағ үдеу, сек FWD 8.4/ AWD 8.2 5.7
Шиналар өлшемі 235/55R19

235/55R19

235/45R21

150 кВт қуаттағышпен зарядтау уақыты (10–80%)

-

Сыртқы ауа температурасы 25°C:

шамамен 30 минут*¹

Сыртқы ауа температурасы 0°C:

шамамен 40 минут*¹

Сыртқы ауа температурасы -10°C:

шамамен 60 минут*¹

 Габаритті ұзындығы (мм, шығарылатын ES-пен салыстырғанда) 5,140 (+165)
Габаритті ені (мм, шығарылатын ES-пен салыстырғанда) 1,920 (+55)
 Габаритті биіктігі (мм, шығарылатын ES-пен салыстырғанда) 1,555 (+110) 1,560 (+115)
 Дөңгелек базасы (мм, шығарылатын ES-пен салыстырғанда) 2,950 (+80)
Көліктің салмағы (кг) 1,785-1,840 2,205-2,285

( ) алдыңғы модельмен салыстыруды көрсетеді
*1 Зарядтау уақыты шамамен — жетекші батареяның зарядтау ескерту шамы жанған сәттен бастап заряд деңгейі шамамен 80%-ға (SOC) жеткенге дейін.
Нақты зарядтау уақыты қоршаған ортаның температурасына және қуаттағыштың сипаттамаларына байланысты өзгеруі мүмкін

 

*Модельдік қатардың нақты сипаттамалары фотосуреттерде көрсетілгендерден өзгеше болуы мүмкін.