Динамикалық әрі шапшаң, ерекше харизмасы бар Lexus RX кроссовері брендтің ең танымал автомобильдерінің бірі болып табылады.
Қазақстандағы ресми Lexus дилері ұйымдастыратын тест-драйв барысында сіз Lexus RX-тің қуатын, маневрлігін, жылдамдық мүмкіндіктерін және үнемділігін бағалай аласыз.
Lexus ресми дилерінен автомобиль сатып алудың артықшылықтары:
Lexus премиум автомобильдері – инновация мен талғампаздықты үйлестірген ерекше дизайн. Мінсіз жайлылық, эталондық сенімділік және ең жоғары деңгейдегі қауіпсіздік – бұл премиум автоның артықшылықтарының бір бөлігі ғана.
Ресми дилерден көлік сатып алудың бірнеше артықшылығы бар:
- Жаңа автомобильді де, сондай-ақ Lexus Select бағдарламасына сәйкес 145 тармақ бойынша тексеруден өткен сертификатталған қолданыстағы модельді де таңдауға болады.
- Модельдік қатар тек RX кроссоверімен шектелмейді. Сіздерді мәртебелі ES седандары, футуристік NX кроссоверлері, қуатты GX және LX жол талғамайтындары, сондай-ақ жайлы LM минивэндері күтеді. Барлық модельдерді тест-драйвтан өткізуге болады.
- Сертификатталған сервистік орталықтар премиум автомобильдерге толық техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын атқарады.
- Дилерлік орталықтарда КАСКО және ОГПО сақтандыруын рәсімдеуге болады. Сонымен қатар, ОГПО төлемдерін арттыратын Lexus Safe бағдарламасы мен Lexus Life Insurance (өмірді сақтандыру) қызметтері қолжетімді.
Lexus RX немесе басқа модельге тест-драйвқа жазылу үшін онлайн өтінім қалдырыңыз: қысқаша форманы толтырыңыз және автодилер өкілінің қоңырауын күтіңіз.