Skip to Main Content (Press Enter)

Lexus RX Lexus RX
Lexus әрдайым өз автокөліктерінің сапасына және олардың пайдалану барысындағы сенімділігіне ерекше көңіл бөледі.
Клиенттердің қауіпсіздігін, жайлылығын және өнімнің ең жоғары сапасын бәрінен биік қоя отырып, Lexus Сізді автокөлігіңізге қатысты белсенді сервистік кампанияларының бар-жоғын тексеруге шақырады.

Сервистік кампаниялары жөніндегі ақпарат

Lexus сервистік кампанияларына қатысатын барлық көлік иелеріне тиісті қолдауды мүмкіндігінше тез әрі тиімді көрсетуді мақсат етеді.

ҮНДЕРІС


Build your New Toyota Online

1. Көлігіңізге қатысты сервистік кампания бар-жоғын тексеріңіз

Көлікті тексеру бөліміндегі енгізу жолына автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірін (VIN) енгізіңіз.
Build your New Toyota Online

2. Қызмет көрсетуге бару уақытын брондаңыз

Өзіңіздің немесе жақын орналасқан Lexus дилерлік орталығына сервистік қызмет көрсетуге жазылыңыз.

Дилерді табу
Build your New Toyota Online

3. Тегін жұмыстарды жүргізу үшін дилерлік орталыққа барыңыз

Lexus дилерлік орталығының мамандары барлық қажетті процедураны сапалы әрі мүмкіндігінше қысқа мерзімде орындауға тырысады.

АВТОКӨЛІКТІ ТЕКСЕРУ

Сервистік кампаниялар Сіздің Lexus автокөлігіңізге қатысты ма?

Төмендегі жолға автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірін (VIN) еңгізіп, Lexus автокөлігіңіз сервистік кампанияға қатысатынын біліңіз. 

Сіздің қауіпсіздігіңіз – біздің ең маңызды міндетіміз!

Жиі қойылатын сұрақтар

Сервистік кампания – өндіруші тарапынан ұйымдастырылған іс-шара, оның мақсаты – автокөліктің қалыпты жоғары деңгейдегі жұмысын қамтамасыз ету үшін орнатылған кейбір бөлшектер мен тораптарды тексеру, жөндеу немесе ауыстыру. 

Сервистік кампания аясындағы жұмыстар клиент үшін толықтай тегін жүргізіледі.

Автокөлігіңіз қазіргі уақытта сервистік кампанияға қатыстығын тексеру үшін автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірін (VIN) еңгізу жолына еңгізіңіз немесе клиенттерге қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.

Егер енді бұл автокөліктің иесі болмасаңыз, бұл туралы клиенттерге қызмет көрсету бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз.

Сіз тұрғылықты мекенжайыңызды немесе жеке және байланыс деректеріңізді өзгерткен болсаңыз, бұл туралы клиенттерге қызмет көрсету бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз.

Жұмысты орындау уақыты автокөлік моделіне және сервистік кампанияның сипатына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Барлық қажетті жұмыстың қанша уақыт алатыны жөнінде ақпаратты Сізге Lexus дилеріңіз ұсынады.