1. Used cars
  2. Trade in
Байланысу
Байланысу

LEXUS TRADE-IN

Lexus Сізге Lexus Trade-In бірегей бағдарламасын ұсыну мүмкіндігін мақтан тұтады.

Lexus Trade-In – автомобиліңізді жаңа Lexus-қа немесе тексеруден өткен жол жүрген көлікке айырбастаудың ерекше мүмкіндігі.

Дилерлік орталықтың кәсіби қызметкерлері автомобильді Сізге қолайлы уақытта қабылдап, бағалайды және диагностикадан өткізеді, сондай-ақ оны әрі қарай сату міндетін өздеріне алады.

LEXUS TRADE-IN ҚЫЗМЕТІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • Жылдам

Сіз өз автомобиліңізбен келіп, жаңа Lexus-пен кетесіз.

  • Ыңғайлы

Сіз әлеуетті сатып алушылармен кездесу үшін жұмыстан немесе демалыстан қол үзбейсіз.

  • Тиімді

Lexus Trade-In қызметі арқылы жаңа автомобиль сатып алу кезінде Сіздің автомобиліңіздің құны жаңа автомобильге алынған несие бойынша бастапқы жарна ретінде есепке алынуы мүмкін.

  • Сенімді

Lexus – автомобиліңізді сату кезінде ақшаны уақтылы алуыңыздың және жаңа автомобильді немесе жол жүрген көлікті сатып алу кезінде сапалы таңдау жасауыңыздың кепілі.

  • Қауіпсіз

Автомобильді айырбастаумен байланысты барлық қаржылық операциялар бір жерде жүзеге асырылады.

ТӨРТ АДЫМДА АВТОМОБИЛІҢІЗДІ АЙЫРБАСТАҢЫЗ

1: Автомобильді бағалау

АЛДЫН АЛА БАҒАЛАУ

Сату бөлімінің қызметкерлері жақын маңдағы дилерлік орталықта Сіздің жол жүрген көлігіңізді бағалайды, сондай-ақ Сіз алдын ала бағасын алу үшін онлайн-өтінім толтыра аласыз.

АВТОМОБИЛЬДІ ДИАГНОСТИКАЛАУ

Диагностикалау – бағалаудың соңғы кезеңі, бұл кезең барысында дилерлік орталықтың қызметкерлері Сіздің автомобиліңіздің техникалық жай-күйін анықтайды.

2: Автомобильді таңдау

Сіз қандай автомобиль таңдайсыз?

ЖАҢА LEXUS АВТОМОБИЛІ

Автомобиліңізді жаңа Lexus-қа айырбастаңыз. Үлгілік қатармен танысып шығып, өзіңізге Lexus-тың ең жақсы үлгісін таңдап алыңыз.

Lexus жол жүрген көліктер

Lexus Select – Lexus жол жүрген көліктерін сату бағдарламасы. Lexus Select автомобильдерінің артықшылықтарымен танысыңыз.

Жол жүрген көлік

Қолжетімді жол жүрген көліктер туралы ақпарат алу үшін Лексус ресми дилерлерінің сату бөлімі қызметкерлеріне жүгініңіз.

3. Құнды есептеу

Кредиттік калькулятор егер бар болса

Өзіңіздің мінсіз Lexus көлігіңізді таңдап, оған барынша тиімді талаптарда қол жеткізіңіз!

4. Лексус орталығының байланыс деректері

Лексус Орталығын табу

Өзіңізге ең жақын Лексус Орталығын дәл қазір тауып алыңыз!