КОНЦЕПТ-КАРЛАР

УЛЬТРАШАҒЫН КОНЦЕПТ-КАР

LF-SA КОНЦЕПТ-КАРЫ

Біз Еуропалық жобалау студиясының алдына 2+2 үйлесіміндегі ультрашағын қалалық концепт-кар әзірлеу мақсатын қойдық. Нәтижесінде демалыс күндері саяхаттауға да, қала жағдайында күнделікті қозғалуға да жарайтын жүргізушіге бағытталған концептуалды автокөлік жасалды. Үлгі атауындағы SA – Small Adventurer – "кішкентай саяхатшы" дегенді білдіреді.

LF-SA әзірлеушілері L-finesse дизайнының философиясын жүргізуден ләззат алуды ұмыт қалдырмай, қайта ойластырды.

LF-SA концепт-кары жүргізушілер Lexus автокөлігін өзі жүргізумен қатар озық желілік технологияларды, ақпараттық ойын-сауық құрылғыларын және қауіпсіздік жүйелерін пайдалана алатын болашаққа үңілуге мүмкіндік береді.

АДУЫНДЫ ЖӘНЕ ШАҒЫН

 
Мүсіндік пішіні, айбарлы да адуынды келбетіне қарамастан, LF-SA қалалық автокөлік үшін өте маңызды шағындығымен, ептілігімен және қарқындылығымен ерекшеленеді.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДИЗАЙН

Шанақтың ойыс және дөңес беттері арасындағы контраст жалпақ дөңгелек аркалары арқылы күшейе түседі. Дизайнның бұл элементі концепт-карға бірегей үйлесім беріп, қарқындылық пен алға қарай ұмтылыс сезімін сыйлайды.

ТҮС ШЫТЫРМАН ОҚИҒА РУХЫНЫҢ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ

Шытырман оқиға рухы концепт-кардың тіпті түстік шешімінен де көрініс тапқан: көлік шанағы ғарышты бағындыруға меңзейтін күміс тәрізді түске (Stellar Silver) боялған, ал салон әрлеуінен күннің тұтылуы мотиві аңғарылады.

LF-SA-ГЕ ҚАРСЫ ҚАДАМ ЖАСАҢЫЗ


Шағын көлеміне қарамастан, LF-SA-дің іші кең. Мұндағы жарық пен кеңдік сезімі салонды визуалды түрде кеңейтетін аспаптар панелінің дизайнымен, сонымен қатар рөл мен педальдердің бірегей орналасуымен айқындалған.

ЖҮРГІЗУШІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ДИЗАЙН

Қала бойынша сапарлардың басым бөлігі жалғыздықта өтеді, сондықтан концепт-кар үшін дәл жүргізушіге бағытталған 2+2 үйлесімі таңдалды. Берік бекітілген жүргізуші орындығының, реттеу мүмкіндігі бар педаль және рөл дөңгелегінің арқасында, автокөлік жүргізушіге қарай бейімделеді.

ӨЗГЕШЕ КЕҢІСТІК

Алдыңғы жолаушының орындығы салонның артқы бөлігіне өтуге мүмкіндік беретіндей етіп жылжиды. Ойластырылған кеңістік, материалдар және ішкі көлемнің пайдаланылуы салонды эллипстік пішіндегі екі аймаққа бөлуге мүмкіндік береді.

 

АНЫҚ ЖӘНЕ ТҮЙСІКТІ БАСҚАРУ

Таңғалдыратын LF-SA-дің ақпараттық ойын-сауық жүйесі аспаптар панеліне орнатылған голографиялық әсерге ие экраннан, кең бұрышты проекциялық дисплейден және ортаңғы консольдегі сенсорлы панельден тұрады.