Skip to Main Content (Press Enter)
loading content

LEXUS NX

ӘР ҚОЗҒАЛЫСТА СЕНІМДІЛІК

Lexus NX сәнді кроссовері алғаш көрген сәттен-ақ таңғалдырады. Батыл стиль, талғампаз фирмалық радиатор торы және кең ізі талғампаз артқы шамдармен және 20 дюймдік дөңгелек дискілермен үйлесіп, оның айқын мінезін көрсетеді. Үлкен 14 дюймдік HD экраны және цифрлық аспаптар панелі бар салоны Такуми шеберлігінің үздік дәстүрлерінде жасалған. Өздігінен зарядталатын гибридті жетегі бар NX 350h нұсқасы жүргізуден ләззат сыйлап, электрлендірілген автомобильдер сегментінде жаңа стандарттарды белгілейді.

  • СӘН-САЛТАНАТТЫ SUV-ТЫҢ КЕРЕМЕТ ДИЗАЙНЫ

    Lexus NX parked within a structure

    Кербез әрі серпінді NX сән-салтанатты SUV сегментінде дизайнның жаңа стандартын белгілейді.

  • КӨҢІЛДІ БАУРАЙТЫН ГИБРИД

    Rear view of a Lexus NX driving on a coastal road

    Төртінші буынның гибридтік жүйесімен жабдықталған NX 350h ерекше динамикасы және дәл басқарылуымен ерекшеленеді.

  • LEXUS-ТЫҢ ТАЛҒАМПАЗ ҚОЛМЕН ЖАСАЛҒАН ТУЫНДЫСЫ

    The interior of a Lexus NX

    Жүргізушіге бағытталған Tazuna кокпитінде сіз жолға барынша көңіл бөле аласыз әрі Такуми шеберлігін сезінесіз.

  • ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КОКПИТ

    Lexus NX drivers cockpit

    Жаңа цифрлық аспаптар панелі мен 14 дюймдік сенсорлы Lexus Link мультимедиялық экраны автокөліктің заманауи әрі озық болмысын айқындайды.

  • ГИБРИДТІ ЖЕТЕКТІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

    Lexus NX plugged into a Wallbox charger

    Төртінші буынның өзін-өзі зарядтау гибридтік жүйесі бар NX 350h жоғары қуаттылығымен және үнемділігімен ерекшеленеді.

  • ЖАЙЛЫЛЫҚ ПЕН ТІРІ ДЫБЫСТЫҢ ОРТАСЫНДА

    A drivers perspective of a Lexus NX's interior

    S-Flow климат-контроль жүйесімен жабдықталған жайлы NX салоны — Mark Levinson® Premium Surround 17 динамигі бар аудиожүйесі үшін мінсіз кеңістік.

  • СЕНІМДІЛІКПЕН САЯХАТТАҢЫЗ

    Lexus NX steering wheel

    Lexus Safety System + белсенді қауіпсіздік жүйелерінің кешені — сіздің жеке штурманыңыз. Жаңартылған алдыңғы соқтығысу қаупі туралы ескерту жүйесі күндіз мотоцикл жүргізушілерін, ал түнде жаяу жүргіншілерді анықтай алады.

  • ҚАЛАҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕЛЕРІ

    Lexus NX e-Latch door handle

    Safe Exit Assist жүйесі артқы жағынан жоғары жылдамдықпен жақындап келе жатқан көлік немесе велосипед болған жағдайда есіктердің ашылуына жол бермейді.

Forced client side injection based on cached strategy

POST https://dxp-webcarconfig.lexus-europe.com/v1/grade-selector/kz/kk?modelId=0323fb5f-9bfa-4c22-92ac-fb637f84c451

КӨЛІКТІҢ ВИРТУАЛДЫ ШОЛУЫ

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

  1. All

ТӨМЕН ЖЫЛДАМДЫҚТА ЭЛЕКТРЛІК ЖЕТЕКПЕН ЖҮРУ

Орнынан және төмен жылдамдықпен қозғалған кезде қуатты алдыңғы (ал толық жетекті модельдер үшін артқыға да) электрлік қозғалтқышы жоғары вольтты аккумулятордың энергиясын пайдаланып NX 350h-ті бірқалыпты үдетеді. Осы кезде сіз тек электрлік жетекпен үнсіз қозғалыстың рақатын сезінесіз.

 

ТҰРАҚТЫ ЖЫЛДАМДЫҚПЕН ЖҮРУ КЕЗІНДЕГІ ТОЛЫҚ ТЫНЫШТЫҚ

Өздігінен зарядталатын Lexus гибридтері төмен шу мен көлік жүргізу кезінде салондағы тыныш атмосферамен ерекшеленеді. Жоғары жылдамдықта 2,5 литрлік бензин қозғалтқышы байқатпай іске қосылады, ал қажет болған жағдайда оған электрлік қозғалтқыштар көмектеседі. Қозғалтқыш оңтайлы жиілікте жұмыс істегенде, аккумуляторлық батареяны зарядтау үшін артық қуатты пайдалануға болады. Бензин және электрлік қозғалтқыштарының энергиясын мінсіз үлестіру — NX 350h моделіне тән ерекше жүргізу ләззатын сыйлайды, сонымен қатар зиянды шығарындылар мен жанармай шығынының төмен деңгейін қамтамасыз етеді.

 

ЖЫЛДАМ СЫЗЫҚТЫ ҮДЕУ

Өздігінен зарядталатын Lexus гибридтері жүргізуден шынайы ләззат сыйлайды. NX 350h-тің акселератор басқысын қатты басқан сәтте қуатты 2,5 литрлік бензин қозғалтқышына электрлік моторлар бірден көмекке келеді. Олардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде қомақты айналу сәті пайда болады және қажет сәтте жоғары үдеуді қамтамасыз етеді.

 

СЫРТҚЫ ЖЕЛІСІЗ ҚУАТ ҚАЙТАРУ АРҚЫЛЫ ТЕЖЕУ

Тежеу немесе баяулату, сондай-ақ тоқтау кезінде бензинді қозғалтқыш жиі жүргізушіге байқатпай өшеді. Тежеу кезінде немесе акселератор басқысынан аяқты алғанда  энергияны қайтару жүйесі іске қосылады, ол кинетикалық энергияны сақтайды, ал дәстүрлі көліктерде бұл энергия босқа жоғалады. NX 350h кинетикалық энергияны электрлік энергияға айналдырады және оны жоғары вольтты аккумуляторлық батареяда сақтайды. Ол сонымен қатар жоғары жылдамдықпен қозғалу кезінде өндірілетін энергияны сақтайды. Осылайша, көлікті зарядтау үшін сыртқы электрлік желісіне қоспауға болады.

Сенімді болыңыз: Қайда барсаңыз да, NX Overtrail өзіне көз тартады. Бұл жинақтамада автокөлік 15 мм жол саңылауы бар арнайы аспамен жабдықталған. Overtrail жинақтамасы үшін 7 әсерлі шанақ түстерін таңдау мүмкіндігі бар, соның ішінде эксклюзивті Moon Desert түсі. Сонымен қатар, оған қара түсті күңгірт жабындысы бар 18 дюймдік дөңгелек дискілері және жол талғамайтын шиналар кіреді. Қара түсті тоттануға төзімді жиектеуі бар радиатор торы, сыртқы қара айналар мен төбедегі рейлингтер автокөліктің бейнесін толықтырады. Такуми шеберлерінің орындауындағы салон Khaki түсті жасанды Tahara былғарысымен және сәнді Bookmatch Woodgrain ендірмелерімен толықтырылған.

Біз Lexus гибридтерін жүргізу мен иелену жағымды болуын қамтамасыз ету үшін барлық күшімізді саламыз. Бүгінгі таңда еуропалық жолдарда 500 000-нан астам Lexus гибридтері қолданыста. Олардың барлығы Жапониядағы арнайы заманауи зауытта жиналады және Lexus гибридтерінің сенімділігі үшін әлем бойынша тұрақты түрде марапаттарға ие болатын ең жоғары сапа стандарттарына сай жасалады. Таңғажайып тыныштық пен бірқалыпты жүрістен бөлек, сіз эксплуатациялық шығындардың недәуір төмен екенін бағалайсыз — тек жанармай ғана емес, тежеу жүйесінің компоненттері, шиналар және т.б. бойынша да. Бұл үнемдеу энергияны қайтару және жетілдірілген қуатты басқару жүйелері арқасында жүзеге асады.

Lexus NX — орташа өлшемді премиум класты SUV. NX-тың дөңгелек базасы 2690 мм, ұзындығы 4660 мм, ені 1865 мм, биіктігі 1670 мм құрайды. Іші де кең. NX үшін жасалған жоғары өнімділікті литий-ионды батарея артқы орындықтардың астында орналасқан, салондағы пайдалы кеңістікті арттыруға және тамаша динамикалық көрсеткіштерді сақтауға мүмкіндік берді.

Иә. NX ең жаңа Lexus Link Connect жүйесімен жабдықталған, оны 14 дюймдік сенсорлық экран арқылы, Hey Lexus кіріктірілген дауыстық көмекшісімен басқара аласыз.

Иә. Сіз смартфоныңызды Apple CarPlay интерфейсі арқылы сымсыз немесе сымды қосу арқылы автокөлікке қоса аласыз.

Иә. Смартфонды автокөлікпен біріктіру Android Auto интерфейсі арқылы сымды қосылым бойынша жүзеге асады.

NX Lexus NX 350h өздігінен зарядталатын гибрид түрінде, сондай-ақ (нарыққа байланысты) NX200 немесе NX350 бензинді нұсқаларында қолжетімді.

2005 жылы Lexus әлемдегі бірінші люкс денгейіндегі электрификацияланған кроссовер — RX 400h өздігінен зарядталатын гибридін шығарды. Осы уақыт ішінде біз 2,8 миллионнан астам гибрид шығардық және клиенттердің өмірін жақсарту үшін бүкіл модель қатары электрификацияланды.
* WLTP көрсеткіштері. Жаңа WLTP сынақ әдісі туралы толық ақпарат сайтта қолжетімді: https://www.lexus.eu/legal/wltp