LEXUS RX
Озық гибридті жол талғамайтын автокөлік
Барлық жағынан энергия мен шешімді шығаратын автокөлік жүргізушіге бағытталған «Tazuna» салоны және былғарысыз жасалған қосымша әрлеуді ұсынады. Нағыз «Ғажайып әсер алу» үшін жаңа RX 450h+ Plug-in Hybrid, RX 500h Performance Hybrid немесе RX 350h Автоматты түрде қуатталатын гибрид автокөлігін жүргізіп көріңіз, сонда не туралы айтып жатқанымызды түсінесіз.
-
Флагмандық жол талғамайтын көліктің батыл дизайны
Керемет сәнді көрінісімен RX айқын, талғампаз және қарқынды көрінеді.
-
Rx 500h арнайы шығарылымы
Lexus маркасының 35 жылдығына орай біз эксклюзивті 21 дюймдік дөңгелектері мен Piano Black өңдеу элементтері бар жаңа таңғажайып RX 500h арнайы шығарылымын жасадық.
-
Өздігінен зарядталатын және қосылатын гибридті күштік қондырғылар
Төртінші буын RX 350h гибридін, RX 450h+ ультра заманауи Plug-in гибридін немесе ғажайып RX 500h Performance гибридін таңдаңыз.
-
Жүргізуші кокпиті және Takumi шеберлігі
14 дюймдік Lexus сенсорлық экранымен жабдықталған жүргізушіге бағытталған «Tazuna» салонында сіз жолға ғана назар аудара отырып, сонымен бірге біздің «Takumi» шеберлерінің өнерін бағалай аласыз.
-
Дыбыс сәнділігі
21 динамигі бар жеке бапталған Mark Levinson® Премиум аудио жүйесінің арқасында құлағыңыздың құрышын қандырыңыз, ал S-Flow климат-контроль жүйесі сіздің жайлылығыңызды арттырады.
-
Рақатқа бөлінуге деген сенімділік
Lexus Safety System + қауіпсіздік жүйесі – бұл жаныңызда екінші пилоттың болуы сияқты. Соқтығысудың алдын алу жүйесі енді күндіз мотоциклдер мен түнде жаяу жүргіншілерді анықтай алады.
Forced client side injection based on cached strategy
POST https://dxp-webcarconfig.lexus-europe.com/v1/grade-selector/kz/kk?modelId=ac7ecf2e-0f39-4e44-86b2-9db3e1ce6577&sfx11%3Futm_source=yandex&utm_medium=cpc&utm_campaign=google_havas_search_rx
«LEXUS ELECTRIFIED» ДИЗАЙНЫНАН АЛАТЫН ЭМОЦИЯЛАР
ӨЗ ІЗІҢІЗДІ ҚАЛДЫРУ
Lexus RX тарихы басынан бастап ғажайып – бұл барлығының назарын аударатын сәнді жол талғамайтын автокөлік. Біздің дизайнерлер барлық жағынан әсер қалдыратын көлік жасады. Әсерлі тұрақты және кең, сонымен қатар динамикалық ерекшеліктерге ие, ол тіпті қозғалмай тұрған кезде де байқалады. Сізді керемет жүргізу тәжірибесі күтіп тұрғанын сезуіңіз мүмкін.
СӘНДІ ФЛАГМАНДЫҚ ДИЗАЙН
-
Configure Chapter
-
КЕРЕМЕТ RX ДИЗАЙНЫ
-
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
«ҰРШЫҚ ТӘРІЗДІ» ШАНАҒЫНЫҢ ДИЗАЙНЫ, КУПЕГЕ ҰҚСАС ТӨБЕ
«Ұршық тәрізді» шанағы, ұзын капот және үлкен 21 дюймдік дөңгелектер RX-ке әсерлі көрініс береді. Бұл талғампаз үш жарықдиодты фарамен қоршалған бірегей тормен ерекшеленеді. Купеге ұқсайтын төбе сызығы мен қара артқы тіректер автокөліктің ерекше көрінісін жасайды, ал ұзын дөңгелектер базасы мен мүсіндік сызықтар қосымша қарқындылық береді.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
LEXUS-КЕ ТӘН КӨРІНІС
Артқы жағында Lexus-ке тән шамдардың бір сызығы жол талғамайтын автокөліктің кең жолымен үйлесіп, автокөлікке батыл көрініс береді, ал «LEXUS» эмблемасы айқын және заманауи көрініс береді. RX түс дизайнерлері автокөліктің стильді көрінісін көрсету үшін қызықты жаңа реңктерді таңдады.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
КӨЗДІҢ ЖАУЫН АЛАРЛЫҚ ӘДЕМІ ДӨҢГЕЛЕКТЕР
Comfort жиынтығына қара сұр металмен қапталған және өңделген бөлшектері бар 19 дюймдік 5 шабақты дискілері RX динамикалық сипатын көрсетеді. Executive модельдері қара сұр түсті металл әрлеуі бар 21 дюймдік 20 шабақты дискілермен жабдықталған. Luxury жиынтығы үшін жасалған бұл 21 дюймдік 20 шабақты дискілердің ашық түсті металл әрлеуі және өңделген бөлшектері бар.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
RX F SPORT ЖҮРЕКТІ ЖИІ СОҚТЫРАДЫ
RX спорттық өнімділігін келесі деңгейге көтере отырып, RX 500H F SPORT жетілдірілген алдыңғы тормен, етегімен және аэродинамикалық алдыңғы және артқы бамперлермен ерекшеленеді. Сыртқы көріністі жақсарта отырып, 10 шабақты күңгірт қара 21 дюймдік дискілері алдыңғы тежегіш қалыптармен жабдықталған.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
RX 500h АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМЫ
Біздің 35-жылдығымызды атап өту үшін біз ерекше жаңа RX автокөлігін жасауды шештік: RX 500h арнайы шығарылымы. Оның бірегей «қара рояль» түсті 5 қос шабақты 21 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілері дәл сол түстегі аэродинамикалық молдингтермен толықтырылған, бұл автокөлікке ерекше көріктік береді.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
-
-
ТАКУМИ СТИЛІНДЕГІ САЛОН
-
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
ТАКУМИ ШЕБЕРЛЕРІ ӨҢДЕГЕН
«Tazuna» салоны мен Такуми стиліндегі жоғары сапалы былғары мен күдері пайдаланылған флагмандық кеңістіктің керемет үйлесімін тамашалаңыз. Lexus-тегі бедерлеп басылған "L" әрпімен бұл біздің интерьер дизайнерлері ойлап тапқан жеке көрініс.ӨЗІҢІЗ ҮШІН КЕРЕМЕТ ШЕБЕРЛІКТІ АШЫҢЫЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
ЖҮРГІЗУШІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН «TAZUNA» САЛОНЫ
Біріншіден бұл – жүргізушіге бағытталған интерьер, проекциялық дисплей және 12,3 дюймдік цифрлық аспаптар тақтасы. Екіншіден, сіз 64 түсті палитрадан атмосфералық жарықтандыруды тамашалай аласыз, бұл салонда сіздің көңіл-күйіңізге сәйкес келетін атмосфера жасайды.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
Қолмен жасалған руль
Жүргізуден ұмытылмас әсер алу үшін Lexus дизайнерлері Такуми шебер жүргізушісімен бірлесіп, осы жанасу нүктелерін жетілдірді. Спорттық 3 шабақты рульді жасаған кезде оның көлденең қимасына ерекше назар аударылды, бұл керемет тактильді әсерлерді қамтамасыз етеді.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
БЫЛҒАРЫСЫЗ ТАКУМИ ИНТЕРЬЕРІ
Әдемі орындалған RX интерьері аяққа арналған жеткілікті орынмен және қарапайым дизайнымен үйлесетін кеңістікті ұсынады. Тағы бір ерекшелігі – былғарысыз интерьерді таңдауға болады. Мұнда тек орындықтар ғана емес, руль де, берілісті ауыстырып қосу тұтқасы да Tahara әрлеуімен жабылған.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
БІРІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ САЯХАТ
Жоғары дәрежелі қолжетімділік пен техникалық қолдаумен қатар, Takumi орындықтары жылыту және желдету сияқты ыңғайлылықтарды ұсынады. Сонымен қатар жолаушылар 21 динамигі бар Mark Levinson® Premium Surround Sound аудио жүйесінің тыныштандыратын дыбысын тыңдай алады.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕРЕМЕТ СӘН-САЛТАНАТ
ДӘСТҮР МЕН БОЛАШАҚТЫҢ ҮЙЛЕСІМІ
«Оmotenashi» – Lexus-та жиі естілетін сөз. Бұл ежелгі жапондық қонақжайлылық философиясы қонақтардың қажеттіліктерін олар пайда болғанға дейін болжап білуге негізделген. Сіздің сәнді қабылдауыңызды біздің «Takumi» шеберлері, сондай-ақ керемет сән-салтанат тәжірибесін ұсынатын технологиялар жасайды.
РЕЛАКСАЦИЯ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
-
LEXUS OMOTENASHI СӘЛЕМДЕСУІ
-
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
ЖАПОНДЫҚ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ
Біздің бірегей жапондық қонақжайлылығымызды сезініп көріңіз: «Omotenasi» – бұл қонақтың қажеттіліктерін олар пайда болғанға болжап білу. Сіз мұны біздің салондарда, сондай-ақ технологияда көрсетілетін сәлемдесуден көресіз. Мысалы, смартфонның көмегімен температураны орнату немесе алдыңғы әйнекті жібіту мүмкіндігі.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
ҚОШ КЕЛДІҢІЗ
Сіз жүргізуші есігін ашқанда, RX құрылғылары көліктің сұлбасын көрсетеді, атыңызды атап, сізді қарсы алады. Тежегіш педалін басу Power батырмасын іске қосады, ол ақырын соға бастап, салонды аспаптардағы графикамен толтыралы. Head-Up дисплейі және 14 дюймдік экран сіздің назарыңызды алдағы жолға бағыттайды.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
ПАНОРАМАЛЫҚ КӨРІНІСТІҢ ЦИФРЛЫҚ МОНИТОРЫ
Шектеулі кеңістікте жүргізуді жеңілдету үшін панорамалық көрініс цифрлық мониторы айналадағы 360° тікелей көріністі және көліктің астындағы көріністі ұсынады. F SPORT және Luxury модельдерінің стандарт бөлігі болып табылатын бұл мүмкіндік сонымен қатар шектеулі кеңістікте маневр жасауға көмектесетін экрандық кеңестері бар көлікті жоғарыдан көрсететін RX үш өлшемді кескінін жасайды.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
ҚОЛДЫ ПАЙДАЛАНБАЙ АШЫЛАТЫН ЭЛЕКТР ЖҮКСАЛҒЫШЫ
Артқы есіктің өте жылдам және сезімтал қашықтан басқарылуы ыңғайлылықты қамтамасыз етеді, бұл әсіресе қолдарыңыз сатып алған заттардан бос болмаған кезде қажет. Қолыңызды таза күйінде сақтап, кілтіңіз қалтаңызда немесе сөмкеңізде болғанда, артқы есікті аяғыңызды жай ғана артқы бампердің астынан өткізіп, ашыңыз немесе жабыңыз.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
Қашықтан тұраққа қою функциясымен қалада алаңсыз көлік жүргізу
Жүргізушіге көмектесудің бұл революциялық жаңа функциясы сізге қосымша сенімділік береді. Түймені басқан кезде қашықтан тұраққа қою мүмкіндігі бар Advanced Park функциясы сіз тұраққа қойғыңыз келетін орынды сканерлейді, содан кейін автокөлікті автоматты түрде маневрлейді. Ол тіпті сіз жиі пайдаланатын тұрақ орындары туралы ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
-
-
ФЛАГМАНДЫҚ СӘН-САЛТАНАТ
-
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
ОРЫНДЫҚТАРДЫҢ ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ДИЗАЙНЫ
RX дизайнерлері жоғары сапалы материалдарды пайдалана отырып, минималистік, бірақ интуитивті ТҮСІНІКТІ интерьер жасауға тырысты. Орындықтар бірінші дәрежелі қолжетімділікті, қолдауды және жылыту/желдетуді қамтамасыз етеді. Тиісті эргономикалық қолдауды қамтамасыз ету үшін бел аймағында ойылған пішін жасалды.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
ТАМАША КЕҢІСТІК
RX кең жүксалғышы да, аяққа арналған керемет кеңістігі бар бес сәнді орындықты да ұсынады. Жүксалғыштың төмен жүктеу биіктігінің арқасында оны пайдалану оңай, ал жүксалғыш ұзындығы көлемді заттарды тасымалдауға мүмкіндік береді. 40:20:40 арақатынасы бар артқы орындықтарға шаңғы сияқты ұзын заттарды орналастыруға болады.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
21 ДИНАМИГІ БАР MARK LEVINSON® ДЫБЫСЫ
Үнсіз дерлік RX салоны 21 динамигі бар Mark Levinson® Premium Surround Sound аудиожүйесі үшін тамаша ортаны қамтамасыз етеді. Жоғары класс автокөліктердің стандарт жиынтығына кіретін бұл жүйе автокөліктің ішкі архитектурасы үшін оңтайландырылған және 7.1 арналы үй кинотеатрының теңдесі жоқ дыбыс сапасын қамтамасыз етеді.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
3-АЙМАҚТЫҚ КЛИМАТТЫ БАҚЫЛАУ
S-Flow климатты бақылау жүйесі салондағы климатты басым жағдайларға сәйкес интеллектуалды түрде реттейді, бұл тамаша отын үнемдеуді және жүргізуші, алдыңғы орындықтағы жолаушы және артқы орындықтардағы жолаушылар үшін оңтайлы 3 аймақтық жайлылықты қамтамасыз етеді. RX 450h+ тіпті батарея қуатын үнемдей отырып, кабинаның температурасын ыңғайлы ұстайтын радиантты алдыңғы жылытқыштарға ие.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
ҚОРШАҒАН ЖАРЫҚТЫ КӨҢІЛ КҮЙІҢІЗ БОЙЫНША ТАҢДАУ ҚҰРАЛЫ
Сіз RX салонындағы жарықты өзіңіздің көңіл-күйіңізге сәйкес реттей аласыз. 64 түсті палитраның ішінен Lexus салонының дизайнерлері табиғатпен жанасқан кезде болатын сезімдерді көрсететін 14 түсті таңдады. Түстер «Omotenashi» қонақжайлылық атмосферасын құруға арналған, мысалы: Тыныштандыратын; Босаңсытатын: Ынталандыратын; Бағыттаушы; Көтеріңкі.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
-
-
LEXUS LINK+ CONNECTIVITY
-
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
LEXUS КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН БАЙЛАНЫСЫ
Біздің ойымызша, сән-салтанат – бұл сіздің баратын жеріңізге уақытында және барынша жайлылықпен жететініңізді түсінуден туындайтын жан тыныштығы. Lexus Link Pro Multimedia 14 дюймдік сенсорлық экранды, смартфон интеграциясын, жетілдірілген дауысты ажырату жүйесін және Lexus Link+ қолданбасын ұсына отырып, өз рөлін атқарады.КӨБІРЕК БІЛУ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
СМАРТФОНДЫ БІРІКТІРУ ЖӘНЕ СЫМСЫЗ ЗАРЯДТАУ
Android Auto® және Apple CarPlay® сымсыз технологияларының арқасында смартфонның қолданбаларын 14 дюймдік сенсорлық экранда пайдалануға болады. Смартфондарды орталық консольдегі сымсыз зарядтағышпен зарядтауға болады, ол бұрынғыға қарағанда 50% жылдамырақ. Құрылғыларыңыздың зарядын әрқашан қамтамасыз ету үшін RX 6 USB қосқышымен жабдықталған.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
СУПЕРИНТУИТИВТІ 14 ДЮЙМДІК СЕНСОРЛЫҚ ЭКРАН
Lexus Link Pro мультимедиа жүйесі 14 дюймдік жоғары ажыратымдылықтағы сенсорлық экранның арқасында жылдам және интуитивті. Lexus Link Pro навигациялық жүйесі-бұл карталар мен жол жағдайының деректерін жаңартуға арналған бұлтты навигациясы бар алғашқы жүйе. Барлық қосылған қызмет «Over The Air» технологиясы арқылы жаңартылады.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
«СӘЛЕМ, LEXUS»
Lexus дауыстық көмекшісі: «Сәлем, Lexus» дауыстық көмекші «Мен ашпын» немесе «Мен тоңып қалдым» сияқты шағымдардың табиғи тілі мен мәнмәтінін түсінеді, тіпті алдағы жолаушы сөйлейтінін біле алады. Немесе жолдан көз алмай навигацияға немесе аудио радиоға кіруді сұраңыз.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ -
-
-
LEXUS SAFETY SYSTEM + ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ
-
СОЗДАЙТЕ СВОЙ СЛЕДУЮЩИЙ LEXUS RX
КОМПЛЕКС СИСТЕМ АКТИВНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ LEXUS SAFETY SYSTEM+ ТРЕТЬЕГО ПОКОЛЕНИЯ
Каждый RX оснащается комплексом систем активной безопасности Lexus Safety System+ третьего поколения, в состав которого входят усовершенствованные и новые функции для обнаружения более широкого спектра опасных ситуаций. Среди них — система контроля состояния водителя для распознавания признаков усталости или потери концентрации, а также проактивный ассистент вождения (PDA).ПОДРОБНЕЕ О БЕЗОПАСНОСТИ LEXUS -
СОЗДАЙТЕ СВОЙ СЛЕДУЮЩИЙ LEXUS RX
СИСТЕМА ПРЕДОТВРАЩЕНИЯ СТОЛКНОВЕНИЙ (PCS)
Наша система предотвращения столкновений способна обнаруживать мотоциклистов в дневное время, что позволяет избежать большего количества столкновений. Она также может распознавать риски столкновения со встречным транспортом или пересекающими дорогу пешеходами при повороте на перекрестке. Система стабилизации рулевого управления в экстренных ситуациях повышает эффективность предотвращения столкновений.ТЕСТ-ДРАЙВ RX -
СОЗДАЙТЕ СВОЙ СЛЕДУЮЩИЙ LEXUS RX
ДИНАМИЧЕСКИЙ АДАПТИВНЫЙ КРУИЗ-КОНТРОЛЬ (DRCC)
Эта система использует радар миллиметрового диапазона и камеру для поддержания необходимой дистанции до идущего впереди транспортного средства. Система также быстро распознает перестраивающиеся в вашу полосу транспортные средства и в сочетании с системой оповещения о пересечении дорожной разметки (Lane Trace Assist) направляет автомобиль по более естественной траектории во время движения в поворотах.ТЕСТ-ДРАЙВ RX -
КЕЛЕСІ ӨЗІҢІЗДІҢ LEXUS RX АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖАСАҢЫЗ
ҚАУІПСІЗ ШЫҒУ ЖҮЙЕСІ
Автокөліктің көзден таса аймақтарымен байланысты қауіпсіз шығу жүйесі эксклюзивті мүмкіндігі жолаушыға артта көлік немесе велосипедші жақындаған жағдайда, есікті ашуға мүмкіндік бермейді.RX СЫНАП КӨРІҢІЗ
-
Көбірек көру
Премиум кроссовер Lexus RX бөліп төлеу арқылы
Lexus RX мүмкіндіктерін іс жүзінде
байқап көріңіз -
тест-драйвқа жазылыңыз!
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
- КҮШТІК АГРЕГАТ
- RX туралы
- Технология
- Деңгейлер
Төмен жылдамдықта толықтай электрлі
Оталдырылған кезде және төмен жылдамдықта қуатты алдыңғы электр қозғалтқышы (және толық жетекті модельдердегі артқы электр қозғалтқышы) RX 350h автокөлігін аккумулятордан келетін электр қуатымен қозғалысқа келтіреді. Осы сәтте сіз қысқа қашықтыққа үнсіз және 100% электр жүрісін ұнатасыз.
Іс жүзінде үнсіз круиздік жылдамдықпен жүру
Өзін-өзі зарядтайтын Lexus гибридтері тыныш және босаңсытатын мінумен ерекшеленеді. Жоғары жылдамдықта 2,5 литрлік бензин қозғалтқышы тыныш қосылады және қажет болған жағдайда электр қозғалтқышынан (электр қозғалтқыштарынан) көмек алады. Қозғалтқыш оңтайлы жылдамдықпен жұмыс істегенде, батареяны қуаттау үшін артық қуатты пайдалануға болады. Шығарындылар мен отын шығынының төмен деңгейімен қатар, бензин мен электр қуатының мұндай тамаша таралуы RX 350h-ге тән ерекше жүргізу сезімін қамтамасыз етеді.
Жылдам сызықтық үдеу
Өздігінен қуатталатын Lexus гибридтерін жүргізу өте қызықты. Қатты үдеген кезде, электр қозғалтқышының (қозғалтқыштарының) қуаты 2,5 литрлік RX бензин қозғалтқышын бірден толықтырады. Олар бірге айналдыру моментін күшті көтеріп, бұл қажет болған кезде жылдам сызықтық үдеуді қамтамасыз етеді.
Регенеративтік тежеу, желіге қосылмаған
Баяулағанда, домалатып жүргенде немесе тоқтағанда бензин қозғалтқышы жиі үнсіз өшеді. Тежеген немесе аяқты газ педалінен алған кезде, регенеративтік тежеу автокөліктің кинетикалық энергиясын пайдаланады (кәдімгі көліктерде ол жоғалады). RX 350h оны гибридті аккумуляторда сақтау үшін электр энергиясына, сондай-ақ жоғары жылдамдықпен жүрген кезде өндірілетін энергияға айналдырады, яғни автокөлік ешқашан желіге қосуды қажет етпейді.
Біздің қосылатын Lexus гибридінің беріліс қорабы 4-буын Lexus Self-Charging гибридті технологиясы мен Lexus Electric Vehicle (EV) технологиясының артықшылықтарын біріктіреді. RX 450h+ атауындағы "Плюс" автокөліктің ерекше қуатты литий-ионды батареясын және EV режиміндегі ерекше диапазонды көрсетеді. Батарея заряды таусылған кезде әдеттегі қосылатын гибридтерден айырмашылығы, Lexus RX 450h+ жоғары тиімді Lexus өздігінен қуатталатын гибрид режиміне ауысады және қозғалыс барысында батареяны қуаттайды.
EV режимі
RX 450h + төрт режимді селекторы сіздің сапарыңыздың әрдайым тегіс және жағымды болуын қамтамасыз етеді. Стандарт EV параметрі батарея қуатын барынша пайдаланады, бұл қалада 65 км-ден (аралас цикл) 90 км-ге дейінгі қашықтыққа жүруге мүмкіндік береді. Жетілдірілген 18,1 кВт·сағ литий-ионды батареяның арқасында сіз 135 км/сағ жылдамдықпен үнсіз және толығымен электр тартымымен жүруді тамашалай аласыз.
Талап бойынша жеделдету
Auto EV/Hybrid режимінде үдеткіш педалін басу күшіне байланысты қуатты бензин қозғалтқышы іске қосылады және қажет болған кезде жылдам сызықтық үдеуді қамтамасыз етеді, бұл 6,5 секундта 100 км/сағ жылдамдыққа дейін үдетуге мүмкіндік береді.
Жолда қуаттау
Егер сізге батареяны зарядтау қажет болса, мысалы, нөлдік шығарындылар аймағына кіру үшін, оны қайта зарядтау үшін батареяны зарядтау режимін пайдалануға болады.
2,5 миллион гибридті тәжірибе
Біздің 4-буын Lexus өздігінен қуатталатын гибрид технологиясының арқасында, егер EV немесе Auto EV/Гибрид режимінде батарея деңгейі төмендесе, жүйе өте тиімді гибридті режимге ауысады, бұл сізге автокөліктің толық қуатын қайтадан пайдалануға мүмкіндік береді.
Үйде немесе жолда қосылыңыз
EV режиміндегі максималды ауқым мен өнімділік үшін батареяны үйдегі Lexus қуаттау станциясында немесе қоғамдық қуаттау станциясында зарядтаңыз.
* WLTP суреттері. WLTP жаңа сынақ әдісі туралы қосымша ақпаратты мына веб-сайттан алуға болады:www.lexus.eu/wltp#nedc
** WLTP ауқымы
WLTP – бұл зертханалық жағдайда жүргізілетін ресми тест (23 °C, климатты бақылау өшірулі, шасси динамометрінде), бұл клиенттерге бірдей критерийлер негізінде әртүрлі BEV модельдерін салыстыруға мүмкіндік береді. Барлық электрмобиль WLTP мен нақты ауқым арасындағы айырмашылықты көрсетеді. WLTP көрсеткіштері стандарт болғанымен, көрсетілген ауқым мен тиімділік жеке факторларға байланысты өзгереді және оларды түсіну тұтынушыларға автокөлікті толық бағалауға көмектеседі.