Skip to Main Content (Press Enter)

Кепілдік

Жаңа көліктерге, аксессуарларға, қосалқы бөлшектерге, гибридті көлік компоненттеріне және Relax кепілдігіне қатысты кепілдік түрлері туралы көбірек біліңіз.
Toyota Kazakhstan

Барлық жаңа Lexus көліктеріне 3 жыл немесе 100 000 км (қайсысы бұрын болады) кепілдік беріледі. Кепілдік материалдардың немесе құрастыру сапасының кез келген өндірістік ақауларын қамтиды.


Relax бағдарламасы кепілдік қызметін 10 жылға немесе 190 000 км-ге дейін ұзартуға мүмкіндік береді.






  • Кепілдік мерзімі 3 жыл немесе 100 000 км (қайсысы бұрын болады) *1 *2 және мыналарды қамтиды:
    ● шанақтың коррозиясы,
    ● бояу жабыны,
    ● шанақтың өтпелі коррозиясы.

  • Гибридті қондырғының компоненттеріне кепілдік мерзімі 5 жыл немесе 100 000 км, қайсысы бұрын болады.

*1 - Аккумулятор батареясы үшін: 3-ші жыл пайдаланылғанда кепілдік арқылы батарея құнының 50 % өтеледі.
*2 - «пикап» типіндегі автокөліктердің жүк платформасынан басқа, ол үшін кепілдік мерзімі — 1 жыл немесе 20 000 км. Қайсысы ертерек орын алатынына қарай.

toyota electrified

Lexus зауыттық кепілдігінің артықшылықтары

Image 1

Тегін жөндеу

Ресми дилерлік орталықтарда зауыттық ақауларды жою
Image 2

Түпнұсқа қосалқы бөлшектер

Тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалану
Image 3

Жолда қолдау көрсету

Кепілдік мерзімінде бұзылған жағдайда тегін эвакуация*
Image 1

Жоғары білікті мамандар

Lexus-ның ең жаңа технологиялары мен стандарттары бойынша оқытылған техникалық мамандар
Image 2

Кепілдікті беру

Көлікті жаңа иесіне қайта сатқанда зауыттық кепілдік сақталады

Image 3

Ұзарту мүмкіндігі

Relax бағдарламасы бойынша 10 жылға немесе 190 000 км-ге дейін қосымша кепілдік опциясы

* Кепілдік ақау кепілдікке жататын ақаудың нәтижесі болған жағдайда, көлігіңізді жақын жердегі ресми Lexus дилеріне жеткізу/эвакуациялау шығындарын қамтиды.

Кепілдік қолданылатын жағдайлар

  • Иконка вкладки 1 Механикалық компоненттер
  • Иконка вкладки 2 Электрондық компоненттер
  • Иконка вкладки 3 Аспа және тежегіш жүйесі
  • Иконка вкладки 4 Шанақ және бояу жабыны
  • Иконка вкладки 5 Hybrid

Механикалық компоненттер

  • Қозғалтқыш

  • Беріліс қорабы

  • Трансмиссия

Механические компоненты

Электрондық компоненттер

  • Мультимедиа

  • Борттық компьютер

  • Датчиктер мен сенсорлар

  • Кондиционер жүйесі және климат-бақылау

Электронные компоненты

Аспа және тежегіш жүйесі

  • Тірек иінтектері

  • Шарлы тіректер

  • Тұрақтандырғыштар

  • Тежеу механизмдері

  • Тежеу жүйесінің электроникасы

Подвеска и тормозная система

Шанақ және бояу жабыны

  • Ішкі әрлеу (интерьер)

  • Сыртқы әрлеу (экстерьер)

  • Шанақ панельдері

  • Рама

Кузов и лакокрасочное покрытие

Hybrid

  • Жоғары вольттi батарея

  • Гибридті қондырғы батареясын басқару модулі

  • Инвертор мен конвертор

Hybrid компоненты

Құжаттар және пайдалы материалдар

Сұрақтар мен жауаптар

Жалпы ережелер.

Көлік иесі Lexus автокөлігін пайдалану, сақтау немесе тасымалдау ережелерін бұзғандықтан, үшінші тұлғалардың әрекеттерінен немесе еңсерілмейтін күш әсерлерінен болған Lexus автокөлігінің, шанағының, лак-бояу жабынының, Lexus түпнұсқа қосалқы бөлшектері мен аксессуарларының кемшіліктері үшін Өндіруші жауапты емес.

 

Кепілдік міндеттемелер қалыпты пайдалану кезінде табиғи түрде тозатын және сыртқы әсерлердің салдарынан тез тозатын бөлшектерге, керек-жарақтарға қолданылмайды.

 

Сонымен бірге өндіруші Lexus автокөлігінің, шанағының, лак-бояу жабынының, қосалқы бөлшектерінің төмендегі жағдайларға байланысты туындаған кемшіліктері үшін жауапты болмайды:

 

  • Дистрибьютор өкілеттік бермеген жөндеу мекемесі немесе Көлік иесі, не болмаса Lexus автокөлігін пайдаланушы тұлға Көлік иесінің нұсқаулығы талаптарын бұзған; немесе
  • Lexus маркасына жатпайтын қосалқы бөлшектерді немесе аксессуарларды пайдаланған; немесе
  • Дистрибьютордың өкілеттігі жоқ жөндеу мекемесінің тиісті біліктілігі болмаған, немесе ол ұқыпсыздық және абайсыздық танытқан; немесе
  • Lexus автокөлігін пайдалануға қатысты Көлік иесінің нұсқаулығы талаптары бұзылған; немесе
  • Lexus автокөлігін спорт, жарыс мақсаттарында немесе артық жүктемемен пайдаланған; немесе
  • Көлік иесі немесе басқа тұлғалар Lexus автокөлігіне қатысты қасақана немесе абайсыз іс-қимылдар жасаған (мысалы, электр қосылыстарды зақымдауы немесе ажыратуы және т.с.); немесе- Lexus автокөлігімен су өткелдерінен және басқа да су кедергілерінен өткен кезде оның тораптары мен агрегаттары ішіне су кіріп кеткен; немесе
  • Lexus автокөлігін түрлендіру немесе оның конструкциясын өзгерту (бағдарламалық құралдарды, зауыттық баптауларды, электрондық блоктардың параметрлерін заңсыз өзгерту, көлік құралының қуатын, конструкциясын және/немесе типін өзгерту); немесе
  • климаттық және физикалық жағдайлардың нәтижесіне байланысты жарықтандыру аспаптарының ішінен булануы; немесе
  • Дилерден басқа жерде жөндеу немесе реттеу жұмыстары дұрыс жүргізілмеген; немесе
  • Өндіруші Көлік иесінің нұсқаулығында белгілеген Техникалық қызмет көрсету жұмыстарының мерзімі бұзылған.

 

Сонымен бірге кепілдік мыналарға қолданылмайды:

  • тек Көлік иесінің қалауы бойынша жасалған, Lexus автокөлігінің кемшіліктерінен туындамаған қосалқы бөлшектерді немесе аксессуарларды, шанақты, лак-бояу жабынын, Lexus түпнұсқа қосалқы бөлшектері мен аксессуарларын ауыстыруға;
  • қандай да бір сыртқы әсерлерден, соның ішінде жарық пен сызаттан, тұздан, ағаш сөлінен және бүрлерінен, құс саңғырығынан, бұршақтан, қышқыл жаңбырынан, табиғат апаттарынан болған зақымдарға немесе шанақ коррозиясына;
  • жол-көлік апаттары, кедергілердің үстіне шығу салдарынан болған зақымдарға, жол төсемінің ақауларынан болған зақымдарға;
  • Lexus автокөлігінің ақауы кезінде Көлік иесіне келген шығындарға, соның ішінде телефон қоңыраулары, басқа автокөлікті жалдау, қонақ үйде тұру, уақыт жоғалту және жіберіп алған пайда және т.б.;
  • Lexus автокөлігіне Көлік иесінің нұсқаулығында белгіленген Жоспарлы техникалық қызмет көрсетуге және/немесе Қосымша техникалық қызмет көрсетуге қажетті жұмыстардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардың құнына;
  • қозғалтқышты, дөңгелектерді орнату бұрыштарын реттеуге, тораптарды, бөлшектерді және агрегаттарды майлауға және тазалауға;
  • сүзгілерді және сүзу элементтерін, шамдарды, салқындату және басқа да техникалық және пайдалану сұйықтықтарын, оталдыру және қыздыру білтелерін, балқыма сақтандырғыштарды, форсункаларды ауыстыруға;
  • әйнектазалағыш щеткаларын, шиналарды, тежегіш қыспақтары және дискілер/барабандарын, жетек белбеулерін, ілініс дискілерін, амортизаторларды ауыстыруға;
  • жылтыратуға, тазалауға және коррозияға қарсы өңдеуге;
  • Lexus автокөлігін Көлік иесі нұсқаулығында берілген пайдалану ережелерін бұзу салдарынан қажеттілігі туындаған тораптарды, бөлшектерді және агрегаттарды жөндеуге, реттеуге және ауыстыруға;
  • Lexus автокөлігіне Жоспарлы техникалық қызметтің және/немесе Қосымша техникалық қызметтің көрсетілмеуінен, кем көрсетілуінен немесе дұрыс көрсетілмеуінен, сондай-ақ сапасыз немесе Көлік иесінің нұсқаулығында көрсетілген талаптарға сай келмейтін отынды, жағармайды, салқындату және басқа да пайдалану сұйықтықтарын пайдаланғаннан туындаған жөндеу жұмыстарына.

Жылдам көмек алу үшін дилерге хабарласыңыз.

Дилер кепілдік жөндеу жұмыстарын жүргізеді, көлігіңізді ең жақсы күйде ұстау үшін барлық қажетті білімге, құралдарға және ресурстарға ие. Мәселені егжей-тегжейлі түсіндіріп, сервис кеңесшісіне хабарласыңыз. Егер мәселе шешілмесе, сервис менеджерімен кездесуді сұраңыз. Ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда, тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Мұндай жағдай орын алса, ең алдымен осы Нұсқаулықта немесе https://kz.lexuskz.com  веб-сайтында тұрған Дилерлердің тізімін қарап шығыңыз да, солардың ішінен сізге ең жақын орналасқанына хабарласып, кеңес алыңыз.

Егер сіз Lexus автокөлігіңізді тіркемемен бірге пайдалансаңыз, төмендегідей жағдайларда оған кепілдік міндеттемелер қолданылады:

1. Сіз Lexus автокөлігіңізге Көлік иесінің нұсқаулығында келтірілген ұсыныстарға сәйкес дұрыс әрі жүйелі түрде техникалық қызмет көрсеткен болсаңыз.

2. Сүйреу аспабын Дилер орнатқан болса.

3. Сүйреу аспабы дұрыс орнатылған болса.

4. Сіз Lexus автокөлігіңізге орнатылған сүйреу аспабын пайдалану нұсқаулығы мен ережесін, соның ішінде кез келген басқа да ұсынылған жабдықты пайдалану нұсқаулықтарын дұрыс әрі толық орындаған болсаңыз.

5. Сіз тіркемесі бар Lexus автокөлігіңізді қозғалыс қауіпсіздігін бақылауда ұстауға мүмкіндік беретіндей жылдамдық режимдерін сақтай отырып дұрыс әрі ұқыпты жүргізсеңіз.

6. Lexus автокөлігі мен тіркемеге артылатын максималды жүктемені шектен асырмасаңыз.

Оған қоса әрбір Көлік иесі тіркеме сүйреу Lexus автокөлігінің қозғалыс тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне, төзімділігі мен үнемділігіне кері әсерін тигізуі мүмкін екенін естен шығармауы тиіс.

Осы барлық кері әсерін тигізетін факторларды еңсеру үшін Өндірушінің жүк тиеуге, өлшеміне, қозғалыс жылдамдығына және тіркеу үшін қолданылатын жабдыққа қатысты ұсыныстарын сақтаңыз.

Иә, Lexus-тің түпнұсқа бөлшектері мен керек-жарақтары дилерден сатып алынған жағдайда кепілдікпен қамтылады. Толық ақпаратты осы нұсқаулықтың тиісті бөлімдерінен табуға болады.

 

Кепілдік нұсқаулығының "Lexus-тің түпнұсқа бөлшектеріне кепілдік" және "Lexus-тің түпнұсқа керек-жарақтарына кепілдік" бөлімдерін қараңыз.

Жаңа Lexus автокөлігіне берілетін Кепілдік тек оны жөндетуге қатысты және сіздің кез келген қосымша шығындарыңызға қолданылмайды.

Өндіруші Lexus автокөліктерін сұйылтылған газбен жұмыс істеу құралын орнатпауға кеңес береді және сұйылтылған газбен жұмыс істейтін жабдықты пайдалануға тікелей немесе жанама қатысы бар қозғалтқыш ақауына немесе қандай да бір оқиғалар үшін ешқандай жауапкершілік алмайды. Кепілдік тек Lexus автокөлігін өндіру кезінде пайдаланылған материал сапасының кемшілігі немесе жүргізілген жұмыстар салдарынан келген ақауларға ғана қолданылады.

 

Жаңа Lexus автокөлігіне берілетін кепілдікпен мыналар өтелмейді:

  • Lexus автокөлігін сұйылтылған газбен жұмыс істету үшін өзгерту жұмыстары жүргізілгенде пайдаланылған және орнатылған бөлшектер мен керек-жарақтардың ақауы мен кінәраты. Осындай жабдықты өндірген компания сізге өзінің жабдығына, қондырғысына және әрі қарай болуы ықтимал ақауларға өз кепілдігін беруі тиіс;
  • Lexus автокөлігінде орнатылған газ жабдығын орнату және пайдалану салдарынан туындауы ықтимал ақау мен кінәрат;
  • Кепілдікпен жөндеу үшін қажет болуы мүмкін газбен жұмыс істеуге қажетті арнайы жабдықты бөлшектеу.

Жаңа Lexus автокөлігінің Lexus түпнұсқа қосалқы бөлшектері және/немесе компоненттері қандай да бір жолмен өзгертілмеген, түрлендірілмеген немесе басқаша бапталмаған жағдайда ғана жаңа автокөлікке берілетін Кепілдік аталған бөлшектерге қолданыла береді. Сіздің Lexus автокөлігіңізге сүйреу аспаптары сияқты Lexus түпнұсқа қосалқы бөлшектері дұрыс орнатылған жағдайда Кепілдік күшінің қолданысы жалғасады. Алайда Lexus автокөлігіне түпнұсқа емес Lexus қосалқы бөлшектері мен аксессуарларын қолданып жасалған кез келген өзгертулерге немесе түрлендірулерге Кепілдік қолданылмайды.

 

Біз өзіңіздің Lexus автокөлігіңізге техникалық қызмет көрсетуді Дилерде іске асыруға міндеттемейміз. Бірақ Кепілдік мерзімі ішінде өкілетті Дилер орталығында автокөлікке техникалық қызмет көрсетілген жағдайда ғана жаңа Lexus автокөлігіне берілетін кепілдік сақталатынына назарыңызды аударғымыз келеді.

Сонымен бірге Lexus автокөлігіңізді пайдаланған бүкіл уақыт ішінде техникалық қызметті шынымен кәсіби қызмет көрсететін өкілетті Дилер орталығында жүзеге асыруға кеңес береміз. Дилер түпнұсқа Lexus қосалқы бөлшектері мен аксессуарларын пайдалануға және сіздің Lexus автокөлігіңізге қатысы бар барлық соңғы техникалық жетістіктерді ескере отырып оқып-үйренген техникалық мамандардың жұмысына негізделген сервисті ұсынады. 

 Осының барлығы жоғары стандарттарға сай келетін сервисті қамтамасыз етеді. Оған қоса Дилер сіздің Lexus автокөлігіңізге көрсетілген техникалық қызмет тарихын сақтап отырады, қажет болған сәтте сіздің Lexus автокөлігіңіздің пайдаланылу жағдайына байланысты Техникалық қызмет көрсетуді жүргізу мерзімін хабарлап отырады.

 

Қандай да бір қоспаларды пайдаланбас бұрын міндетті түрде Дилеріңізден кеңес алып алыңыз, себебі сапасыз өнімдерді пайдалану салдарынан Lexus автокөлігіңіз бұзылып қалуы мүмкін, ал ол Кепілдікпен өтелмейді.

Жоқ. Өндіруші сіз Lexus автокөлігіңізге құйған отын сапасы үшін жауапты емес. Сонымен бірге Өндіруші сіздің сапасы төмен немесе спецификациясы сәйкес келмейтін майларды, салқындату, тежегіш және басқа да пайдалану сұйықтықтарын пайдаланғандықтан болатын салдар үшін де жауап бермейді. Өндірушінің ұсыныстарын Көлік иесінің нұсқаулығынан қараңыз.

Техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу үшін осы Нұсқаулықта немесе https://kz.lexuskz.com  веб-сайтында берілген кез келген өкілетті Дилерге бара аласыз. Ұзақ сапарға аттанбас бұрын, әсіресе Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасынан тыс жерге шығар алдында, өзіңіздің Lexus втокөлігіңізді Дилерге апарып, сапарға дайындалу бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін тексертіңіз. Дилерге барған кезде Сіз автокөлігіңізге Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасынан тыс жерде Техникалық қызмет көрсететін жерлердің бар не жоғын анықтай аласыз.

Басқа кепілдік түрлері 

  • Relax
  • Hybrid
  • Қосалқы бөлшектер
  • Аксессуарлар

  • Lexus ресми сервис орталығында әрбір техникалық қызмет көрсетуден кейін Lexus Relax кепілдігі 1 жылға немесе 10 000 км-ге (қайсысы бұрын болады) тегін беріледі.


  • Кепілдік 10 жылға немесе 190 000 км-ге дейін жарамды және жаңа көліктерге де, бұрын қызмет көрсетілген көліктерге де қолжетімді, олар бұрын қай жерде қызмет көрсетілгеніне қарамастан..



Механические компоненты
  • Гибридтік қондырғының компоненттеріне кепілдік 5 жыл немесе 100 000 км жүріс, қайсысы бұрын болады, сол мерзімге беріледі.


  • Ол келесі компоненттерді қамтиды:
    ● Жоғары вольттi батарея,
    ● Батареяны басқару модулі,
    ● Инвертор мен конвертер.

  • Компоненттерге кепілдікті Lexus Relax бағдарламасы арқылы 10 жылға немесе 190 000 км-ге дейін ұзартуға болады.


Электронные компоненты



  • Lexus ресми дилерінен сатып алынған түпнұсқа қосалқы бөлшектерге 1 жыл кепілдік беріледі.


  • Optifit аккумуляторлық батареяларына 3 жыл кепілдік беріледі.




Подвеска и тормозная система
  • Жаңа автокөлікпен бірге сатып алынған аксессуарлар: кепілдік 3 жыл немесе 100 000 км жүріс, қайсысы бұрын болады, сол мерзімге жарамды .


  • Бөлек сатып алынған аксессуарлар: кепілдік 12 ай, жүрісіне қарамастан, аксессуарды автокөлікке орнатқан күннен бастап немесе жаңа автокөлікке берілген кепілдік мерзімінің қалған уақытына дейін, қайсысы көбірек қамтуды қамтамасыз етсе, сол мерзімге жарамды.



Кузов и лакокрасочное покрытие