1. Discover Lexus
  2. Lexus ATP Tour Partnership
Байланысу
СЕРІКТЕСТІК

LEXUS X ATP TOUR

2023 жылдан бастап Lexus компаниясы Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығымен (ATP) ATP турының ресми автосеріктесі және премиум серіктесі ретінде ұзақмерзімді серіктестік орнатты.

Lexus компаниясының және ATP Tour ынтымақтастығы - инновациялар, өнімділік, үздік нәтижелерге ұмтылыс ынтымақтастығы. Жанкүйерлер мен клиенттер әрқашан бірінші орында, қос бренд те ұмытылмас әсер сыйлауға тырысады.

LEXUS X ATP ЭКСКЛЮЗИВТІ БЕЙНЕРОЛИКТЕРІ

LEXUS ЖӘНЕ ATP HEAD2HEAD: ЗАТТАРДЫ ІСТЕУ

Ойыншылардың сынақтарын жаңа деңгейге көтеретін қызықты серияға бойлаңыз. Ешбір сәтті жіберіп алмаңыз, өйткені барлық эпизод YouTube арнасында шығады.

2023 ЖЫЛҒЫ ЕУРОПА ТУРНИРЛЕРІ 

Маусым айында серіктестік туралы жариялағаннан бері Lexus компаниясы түрлі қызықты ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) турнирлеріне демеушілік жасап келеді, мысалы, АТР 500 Cinch Championships (13 турнирді қамтитын кәсіби теннис турнирлері топтамасы, жеңімпазға 500 ұпай береді) және Ұлыбританиядағы TP 250 Rothesay International (АТР өткізетін кәсіпқой теннис турнирлері санаты. Бұл санатқа 39 турнир кіреді, олардың кез келгенінде жеңіске жету теннисшіге ATP рейтингіне 250 ұпай қосады), Германиядағы ATP 500 Hamburg European Open (топырақта ойнайтын шеберлерге арналған турнир), Австриядағы ATP 250 Generali Open, Қазақстандағы ATP 250 Australia Open және көптеген басқалары, осылайша  түрлі алаңдарда, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернетте брендтің барынша көзге түсуін қамтамасыз етеді.

Маусым соңы да ерекше әсерлі болайын деп тұр: Lexus компаниясы 30 қазан мен 5 қараша аралығында өтетін ATP 1000 Paris Rolex Masters (тоғыз теннис турнирінен тұратын топтамасына) демеуші болады. Ал 2023 жылғы маусымның шарықтау шегі 12-19 қараша аралығында Туринде өтетін Nitto ATP Finals қорытынды турнирі болады.

Соңғысының барысында Lexus компаниясы 45 электрлендірілген көлік моделінен тұратын парк ұсынады, оның ішінде жаңа толығымен электрлі Lexus RZ 450e және UX 300e, сондай-ақ гибридті электрлі және қосылмалы гибридті электрлі модельдер бар.

RX 500h

2023 Astana Open

2023 жылдың 3 қазанында Астанада Lexus Kazakhstan ресми автосеріктесі болған ATP 250 - Astana Open әлемдік сериясындағы теннистен ерлер арасындағы турнир аяқталды. Astana Open Қазақстан елордасында осымен үшінші рет өткізіліп жатыр – бұған дейін осы санаттағы турнир Астанада 2020 және 2021 жылдары өтті. Биыл Astana Open жүлдесін француз Адриан Маннарино жеңіп алды – финалда турнир фавориттерінің бірі америкалық Себастьян Корданы 4:6, 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Astana Open кезінде лимузин сән-салтанатын және премиум минивэн жайлылығын біріктіретін Қазақстан нарығы үшін жаңа әрі бірегей гибридті Lexus LM 350h моделінің тұсаукесері баршаны тамсандырды. Lexus LM — жол үстіндегі сән-салтанат түсінігінде жаңа стандарттар белгілейтін, жолаушыларға іскерлік кездесуге қысқа сапар болсын, басқа қалаға ұзақ сапар болсын, әр саяхатта теңдессіз жайлылық пен ләззат сыйлайтын көлік. Lexus LM жол үстінде барынша жайлылық пен үйлесімділік сезіміне бөлейтін керемент мекен болу үшін жаралған.

2024 ЖЫЛЫ LEXUS ДЕМЕУШІЛІГІМЕН ӨТКІЗІЛЕТІН ТУРНИРЛЕР КҮНТІЗБЕСІ

LEXUS X ATP TOUR

ОЙЫН. СЕТ. ЭЛЕКТРЛЕНДІРУ.

Теннис және Lexus компаниясы. Бір-бірі үшін жаралған ынтымақтастық. Дайындық, күш-жігер, жүрек тебірентер сәттер.

LEXUS X ATP TOUR

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫНЫҢ ТОЛЫҚ

Lexus және ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) Tour арасындағы ұзақмерзімді серіктестік туралы толығырақ білу үшін төмендегі баспасөз хабарламасының толық мәтінін оқыңыз. Турнир және "Lexus Electrified" көліктер құралдарының электрлендірілген модельдері туралы көбірек біліңіз