1. New Cars
  2. LX MY 22
  3. New LX
Байланысу

LX 600

СӨЗСІЗ ЖАҢА LX 600

Бағасы 62 740 000 тг. бастап

Аты аңызға айналған Lexus жол талғамайтын көлігі жаңа бейнеде оралады. Қуатының жоғарылай түсуі мен сыртқы және ішкі әрленіміндегі айтарлықтай өзгерістер автомобиль индустриясының дамуындағы жаңа қадамды көрсетеді. LX600 жүргізушілер мен жолаушыларға қай жерде жүрсе де, сәтті сапарды қамтамасыз ету және өмір сүрудің рахатын одан да жоғарылату үшін жасалған.

АЙРЫҚША СЫРТ КЕЛБЕТ

Жаңа өмір әрленімімен құралған, флагмандық SUV-дің айқын белгілері бар Lexus LX әсемдігімен таң қалдырады. Жолда немесе жолсыз жерде жүргенде — жаңа LX әр бұрылыста өзін көрсете отырып, таң-тамаша қылады.

LEXUS DRIVING SIGNATURE

LX Lexus-ті жүргізудің мұрагерлік қырының жаңа идеясымен жинақталған: сызықтылық, тепе-теңдік және сенімділік

VIP – ЖИЫНТЫҚ

VIP жиынтығы сән-салтанат пен жайлылықтың ерекше деңгейімен ерекшеленеді. Алдыңғы орындықтардың арқаларындағы табиғи ағаштан жасалған ендірмелерден бастап, ерекше тігісі және массаж функциясы бар нәзік қаптамаға дейінгіәрбір бөлшек — салонда нағыз ләзат беретін атмосфера құруға бағытталған

ЖЕТІЛДІРІЛГЕН АСПА

Жаңа аспа  және оны орнату кез-келген жолдағы жайлылық пен сенімділікті қамтамасыз етеді

ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН САПА

Жақтаулардың және ең жақсы офроад көрсеткіштері мен + 3 дифференциалды бұғатаудың үйлесімділігі. Олар жүргізушіге де, жолаушыға да толық бақылау мен  сенімділік сезімімен ұялатады, бұл сезім сапар аяқталса да адам бойында ұзақ уақыт сақталады.

ҚУАТТЫ ҚОНДЫРҒЫ

Твин-турбо V6 қозғалтқышы бар жаңа тарау неғұрлым қуатты және тиімді. Осының арқасында LX осы санаттағы автомобильдерден күткеніңіздей, қандай сападағы жолдар болса да жүргізу ләззатын сезіндіреді.

Толығырақ білу