1. Discover Lexus
  2. UX art gallery
Байланысу

UX ART SPACE ГАЛЕРЕЯСЫ

2018 жылдың маусымы мен қыркүйегі аралығында Lexus Europe Лиссабондағы уақытша галереяға шақырады. UX Art Space by Lexus Талантты жас суретшілер Инес Зенья мен Бенце Маярлакидің тереңдеу әсерін беретін туындыларының ортасындағы су жаңа UX-тің прототипін ұсынады. Суретшілердің міндеті UX-ті "деконструкциялап", Lexus кроссоверінің өзіндік интерпретациясын жасау болды.

НАЗАРДА UX КӨРКЕМӨНЕР ГАЛЕРЕЯСЫ

UX Art Space эксклюзивті прототип ұсынады. Лиссабондағы галереяның қалай жасалғанын біліңіз.

ЛИССАБОНДАҒЫ КӨРКЕМӨНЕР КЕҢІСТІГІ

"Лиссабон дамып келе жатқан шығармашылық және мәдени орталық ретінде біздің жаңа UX деп аталатын үлгімізді көпке таныстыру үшін аса ыңғайлы орын болып табылады», – деді Lexus Europe басшысы Паскаль Руж. UX Art Space by Lexus келушілерге Lexus әлеміне еніп, біздің креативті дизайн мен инновациялық технологияларға деген ұмтылысымызбен бөлісу мүмкіндігін ұсынады".

"UX Art Space by Lexus автокөлік пен өнерді үндестікте біріктіреді", – дейді тәуелсіз куратор, заманауи өнер сарапшысы Каролина Грау. "Бұл экспозиция Lexus-тің шынайы болмысын көрсететін қозғалыстың, дыбыстың, пішін мен түс палитрасының көркем түсінігін ұсына отырып, абстракция мен деконструкция арқылы келушілердің эмоциясын шақырады және өзге кеңістікке ауыстырады".

 

UX көркемөнер галереясына барып қайтыңыз
Мекенжайы: Largo dos Stephens 5, Cais Sodré ауданы, Лиссабон
Жұмыс істеу уақыты: 29 маусым – 15 қыркүйек, дүйсенбі – сенбі, 12.00 – 20.00
Кіру тегін

UX КӨРКЕМӨНЕР ГАЛЕРЕЯСЫ

Өзіңіз үшін Lexus-тің шынайы болмысын көрсететін қозғалыстың, дыбыстың, пішін мен түс палитрасының көркемдік интерпретациясын ашыңыз.