Сізге отырған ыңғайлы ма? Lexus-тің концептуалды кинетикалық орындығының әрленуі мен құрылымы автокөлік дизайнының осы саласындағы негізгі қағидаларды қайта ойластыруға бағытталған. Оны әзірлеу үшін нағыз революциялық материал – болаттан төрт есе берік, әрі нейлоннан да иілгіш ерекше талшық қолданылады. Кинетикалық орындық концептісі ең алғаш 2016 жылы Париж автосалонында таныстырылды.
ҚОЗҒАЛЫС ҮШІН ЖАСАЛҒАН, ЖАЙЛЫЛЫҚ ҮШІН ЖОБАЛАНҒАН
Адам ағзасында омыртқа бастың тұрақты қалпын сақтауды қамтамасыз етеді, жүру не жүгіру барысында оның жылжуын барынша төмендетіп және кеуде мен жамбастың қарама қарсы бағытта бұрылуына мүмкіндік береді .
Осы схеманы орындау үшін орындықтың жастықшасы мен арқасы дененің салмағы мен автокөліктің қозғалысын кинетикалық қабылдайтындай етіп жасалған. Тіпті әдеттегідей пайдаланғанның өзінде орындық бастың жылжуын азайтып, көз жетер жерді тұрақтандырады.
Орындықтың жақтауы өрмекшінің торын еске салатын материалмен қапталған. Тор дененің салмағын біркелкі үлестіру арқылы оның сұлбасын қайталайды, бұл жүргізуші мен жолаушының ұзақ уақыт жайлы қалпын сақтауына мүмкіндік береді.
ЖҮКТЕМЕЛЕРДІҢ КЕРЕМЕТ ІСКЕ АСУЫ
Орындық арқасының ортасы жауырын деңгейінде орналасқан, бұл кеуде қуысының орындықтың бұрылу осінің айналасында айналмалы қозғалысына жағдай жасайды. Одан бөлек, орындық жіңішкелеу болды, бұл автокөліктің жалпы массасының төмендеуіне ықпал етеді.
Орындықтың торлы материалының жіптері Qmonos™ деп аталатын синтетикалық талшықтан жасалған, оның атауы жапонның «kumonosu» өрмекші торы) деген сөзінен шыққан. Бұл материалдың негізгі компоненті микробтық ферментация процессінде алынған ақуыз болып табылады. Qmonos™ талшықтарының беріктігі соншалық, диаметрі небәрі 1 см болатын тор үлкен авиалайнерді тоқтатуға қауқарлы.