Байланысу
ӨЗІҢІЗ ҮШІН LEXUS АШЫҢЫЗ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Біз технологияларды шығармашылық катализаторы ретінде қарастырамыз. Біз тек ең өзекті əзірленімдерді іске асырып қана қоймай, оларды айрықша əрі күтпеген бағытта дамытамыз.

Стандартты жиынтықтағы бірегей технологиялар.

Lexus-тің барлық үлгілері ең жаңа озық технологиялармен жабдықталады. Аса жоғары сапасының арқасында, олар жүргізуден естен кетпес әсер сыйлайды. Салонның тамаша әрлеуі мен LSS+ сынды интеллектуалды және түйсікті қауіпсіздік жүйелеріне дейін: жоғарғы технологиялар мен сән-салтанат біз жасағанның барлығында қолданылады.

ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ЖАБДЫҚТАУ

Біздің автокөліктердің стандартты жиынтығында біздің озық шешімдеріміздің басым бөлігі бар, бірақ сіз сонымен қатар ойын-сауық құрылғыларын, климаттық жүйелер мен қауіпсіздік функцияларын өз талғамыңызға сай таңдай аласыз. Бұл рөлде отырғанда жүргізуден ерекше әсер алуға мүмкіндік береді.

Сапар барысында барлығы да сіздің бақылауыңызда болады. Аспаптар панеліндегі батырманы басу арқылы сіз айналаңыздағы кеңістікті өзгерте аласыз.

АКУСТИКАЛЫҚ МІНСІЗДІК

Премиумдық класстағы аудижүйелерді өндіретін Mark Levinson® компаниясымен бірге біз автокөліктің ойын-сауықтық мүмкіндіктерінің жаңа деңгейін қалыптастыратын ерекше шешімдер әзірлейміз.

Mark Levinson® компаниясының мамандары жаңа үлгінің концепциясы пайда болған сәттен бастап әзірлеудің барлық кезеңіне қатысады. Бұл оңтайлы акустиканы қамтамасыз ету үшін салонның баптаулары мен параметрлерін іріктеуге мүмкіндік береді. Динамиктердің орналасуы мен сипаттамалары автокөліктің ішкі кеңістігінің ерекшеліктеріне толық сәйкес келеді.

ЖАҚСАРТЫЛҒАН АТМОСФЕРА

Автокөліктегі атмосфера көзге көрінбеуі мүмкін, бірақ үлкен маңызға ие. Біз оған ерекше мән береміз және сол себепті бірқатар марапаттарға ие болған, салондағы ауаның құрамын микроскоптық деңгейде қадағалап, түзететін Nanoe® технологиясын пайдаланамыз. Климаттық жүйелердің дәстүрлі функцияларының аясынан шыға отырып, бұл инновация кез келген жағдайда абсолютті жайлылыққа кепілдік береді.

LEXUS ҚАУІПСІЗДІГІ

Сіздің қауіпсіздігіңіз біз үшін басымдыққа ие. Lexus Safety System + жақсартылған қауіпсіздік жүйесі сіз бен сіздің жолаушыларыңыздың, өзге көлік жүргізушілер мен жолаушылардың және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, ЖКО-ның алдын алудың жаңа дәуірін ашады. Сіздің жүргізушілік машықтарыңызды толықтырып, күшейте түсетін Lexus Safety System + жақсартылған қауіпсіздік жүйесі жолда өзіңізді сенімді ұстау үшін сіздің сезім мүшелеріңізді күшейтеді.

ҚИЯЛДАУ ШЕГІН КЕҢЕЙТЕ ОТЫРЫП

Біздің концептуалды үлгілеріміз келешекті идеялардың негізінде туындайды және болашақтың технологиялары үшін шабыт көзі ретінде қызмет етеді. LF-FC, UX концепт-кары мен кинетикалық орындық концептісі (Kinetic Seat Concept) болашаққа ұмтылған, бірақ сонымен бірге біз жаңа технологиялық жаңалықтар жасау үшін қиялға ерік беріп, жаңа идеяларымызды сынақтан өткізетін озық лабораториялар болып табылады.

ЖАҢА ТҮРДЕГІ ОРЫНДЫҚТАР

Lexus-тің кинетикалық орындығының революциялық концептісі 2016 жылы Париж автосалонында көпке таныстырылды. Орындықтарға жаңа көзқараспен қараған біз, жайлылық деңгейін көтеретін инновациялық торлы құрылымды әзірледік.

Күшейтілген талшықтар орын ауыстыру барысында қауіпсіздік пен қажетті демеумен қаматасыз етеді. Бұл орындықта сіз физикалық және эмоциялық тұрғыда босаңси аласыз.

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ИНТЕРФЕЙСТЕР

UX және LF-FC концепт-карларында адам мен автокөлік арасындағы өзара қарым-қатынастың анағұрлым қарапайым, табиғи әрі ыңғайлы концепциялары іске асқан.

келешекте бұл үлгілер сіздің ым-ишараңыз бен жанасуларыңызды түсініп, оларға жауап қайтара алатын болады. Одан бөлек, болашақ голограммаларды пайдаланудың кең мүмкіндігін ашады.

LS-ТІҢ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Жаңа LS қауіпсіздік технологияларын мүлде басқа деңгейге шығарады. Оның негізінде жаңа, озық функциялармен толықтырылған және жүргізушіні жақсартылған қолдаумен қамтамасыз ететін Lexus Safety System+ белсенді қауіпсіздік жүйелерінің кешені жатыр. Жетілдірілген шешімдердің қатарында соқтығысудың алдын алу жүйесі (PCS), қозғалыс жолағының ауысқаны туралы ескерту жүйесі (LDA) және динамикалық круиз-бақылау бар. Жаңа LS түйсікті және интеллектуалды алгоритм негізінде әрекет етіп, сіздің сезім мүшелеріңіздің мүмкіндіктерін толықтыратын жаяу жүргіншілерді анықтау және рөлмен басқарудың белсенді көмекшісі сынды функциялардың арқасында, соқтығысудың алдын алудың инновациялық амал-тәсілін іске асырады.

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ, КҮТПЕГЕН ҚОЛДАНЫС

Басқа компаниялармен салыстырғанда, біз технологияны қолданыстағы күйінде ғана пайдаланбаймыз. Біз оны Lexus-тің ең жаңа бастамаларының көзі ретінде қарастырамыз. Өзекті шешімдер жаңа қолданыс нұсқалары, инновациялар және әзірлемелердің негізі ретінде қызмет етеді. Біз озық технологияларды әрқашан күтпеген, прогрессивті түрде қолданамыз.

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ СКАНЕРЛЕУ

Стандартты емес амал-тәсілдеріміздің ізімен, біз компьютерлік томография мен медицина саласындағы технологияларды қабылдадық. Біз күтпеген жерден олардан Lexus-тің қызметі үшін қажет бай потенциалды байқадық.

Қозғалтқыштарды диагностикалаудың дәстүрлі әдістері механикалық және сыртқы тексерістерден тұрады. Бірақ біз әр қозғалтқыштың керемет жағдайына сенімді болғымыз келеді.

Компьютерлік томография бізге қозғалтқыштың ішкі компоненттерін үш өлшемді көріністе тексеруге және кемшіліктерді асқан дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Біз қолданатын диагностиканың дәстүрлі емес әдісі керемет нәтиже береді.

 

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС МАТЕРИАЛДАР

Табиғат пен технологияларды біріктіре отырып, біз қоршаған ортаға тиетін зиянды әсерді төмендететін шешімдер әзірлеу үшін экологиялық материалдарды инновациялық тәсілмен қолданамыз. Табиғаттың сұлулығын көрсететін интерьердің бірегей бөліктеріне баға беріңіз. Сіз салоннан стильді әрі функционалды декоративтік әрлеуді және мүлде жаңа элементтерді табасыз.

ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚТЫҢ КӨМЕГІМЕН ТЕСТІЛЕУ

Біз виртуалды шындық технологияларын қолданып, өз процесстерімізді жаңа деңгейге шығарамыз. Бұл бізге жүргізу жағдайларын да, жүргізушінің реакциясын да асқан дәлдікпен үлгілеуге мүмкіндік береді. Тереңдеу әсерін жасай отырып, біз қауіпсіздіктің түрлі жүйелері бойынша шынайы жүргізушілердің толыққанды кері байланысын аламыз. Біз бұл сайманды сіздің сенімділігіңіз бен қауіпсіздігіңізді арттыра отырып, технологияларымызды жетілдіру үшін пайдаланамыз.