Байланысу
ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРДІ АНЫҚТАУ ФУНКЦИЯС

ФУНКЦИЯСЫ БАР СОҚТЫҒЫСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҮЙЕСІ (PCS)

Lexus Safety System + жақсартылған қауіпсіздік жүйесі

Соқтығысудан қорғау соқтығысудың алдын алудан басталады. Жаяу жүргіншілерді анықтау функциясына ие соқтығысудың алдын алу жүйесі сізге алдыңыздағы жолға байланысты әрқашан дәл уақытында әрекет етуге мүмкіндік береді. Соқтығысудың алдын алу жүйесі сіздің автокөлігіңіздің алдындағы автокөліктер мен жаяу жүргіншілерді бақылап, бетпе-бет соқтығысу мүмкіндігі туындаған жағдайда белгі береді, ал одан қашу мүмкін болмаса, сіздің автокөлігіңіздің тежелу қабілетін арттырады.

Миллиметрлік диапазондағы радарлы хабарлағыш пен камера PCS жүйесіне жолды нақты зерттеп, автокөліктерді, жаяу жүргіншілерді және велосипедшілерді анықтауға мүмкіндік береді.

Егер соқтығысу қаупі бар болса, жүргізуші дыбыстық белгі мен жарық сигналын алады, бұл оның маневр жасауына мүмкіндік береді. Бұған қоса, егер жүйе соқтығысудың мүмкіндігі жоғары не одан қашу мүмкін емес деп бағаласа, соғылудың алдын алу не зақымды жеңілдету үшін тежелу барысында көмек беру жүйесі тежеуіш күшін арттырып, тежеуіштерді автоматты түрде іске қосады.

PCS алдағы кедергіге дейінгі қашықтықты сезінуді анықтап, сізді тыныштандырып, жүргізушілік түйсігіңізді қолдайды. Таныс емес жолдар жағымды бола түседі, себебі PCS сізге жол қозғалысының басқа қатысушылары жайлы хабардар болуға мүмкіндік береді және сіз тынышталып, жүргізуден ләззат ала аласыз.

Жауапкершілікті шектеу: Ешқандай жағдайда Lexus-тің қауіпсіздік жүйесін әдеттегі жүргізу қағидаларына балама ретінде пайдаланбаңыз; жүйені басқаруға кіріспес бұрын, мына нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз. Қауіпсіз жүргізу үшін тек жүргізуші жауапты.

ОСЫ ТЕХНОЛОГИЯҒА ИЕ ҮЛГІЛЕР

POST https://dxp-webcarconfig.lexus-europe.com/v1/model-filter-results/kz/kk?model=rxl%2Cnx%2Ces%2Cls%2Cux%2Cll%2Cgx