1. Safety
  2. Front cross traffic alert
Байланысу
LEXUS ҚАУІПСІЗДІГІ

ТІК ҚОЗҒАЛЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН КӨЛІК ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ ФУНК

Lexus Safety System +A жақсартылған қауіпсіздік жүйесі

Өз автокөлігіңізді әр бұрылыста сіздің қозғалысыңыздың траекториясын кесіп өтіп келе жатқан көлікпен соқтығысудан қорғаңыз. Тік қозғалып келе жатқан көлік туралы ескерту функциясы алдан автокөліктер мен велосипедтерді анықтап, жүргізушінің проекциялық дисплейіне ескерту шығарады, сонымен қатар, егер соқтығысу мүмкіндігі пайда болса, дыбыстық сигналды қосады.

Тік қозғалып келе жатқан көлік туралы ескерту функциясы алдыңғы бүйірлік радардың көмегімен сіздің қозғалыс траекторияңызды кесіп өтіп келе жатқан автокөліктер мен велосипедтерді 50 м қашықтықтан анықтайды. Мұндай әлемдегі ең алғашқы технология өзге көлік құралының орналасқан жері туралы ескертуді проекциялық дисплейге қозғалыс траекториясын кесіп өту мүмкін сәтке дейін 2-4 секунд ішінде шығарады.

Егер жүргізуші тік қозғалып келе жатқан көлікке жақындауын жалғастыратын болса, дыбыстық белгі беріледі де, жүргізуші автокөлікті дер кезінде тоқтата алады. Сезімталдықтың үш деңгейі — Far (Алыс қашықтық), Mid (Орташа қашықтық) және Near (Жақын қашықтық) — тік қозғалып келе жатқан көлік туралы ескерту функциясын сіздің жүргізу стиліңізді ескере отырып оңтайлы баптауға мүмкіндік береді.

Бұл көліктер көп жүретін жол қиылыстарын жылдам, сенімді және жақсартылған шолумен кесіп өтуге мүмкіндік береді. Жылдам қозғалған көліктер ағынында, тәуліктің қараңғы мезгілінде жүрген кезде немесе көріну нашарлайтын басқа да жағдайларда тік қозғалып келе жатқан көлік туралы ескерту функциясы сізге қозғалып келе жатқан барлық автокөліктер мен велосипедшілер туралы ескертіп, жүргізушіні қосымша қолдауды қамтамасыз етеді.

Жауапкершілікті шектеу: Ешқандай жағдайда Lexus-тің қауіпсіздік жүйесін әдеттегі жүргізу қағидаларына балама ретінде пайдаланбаңыз; жүйені басқаруға кіріспес бұрын, мына нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз. Қауіпсіз жүргізу үшін тек жүргізуші жауапты.

ОСЫ ТЕХНОЛОГИЯҒА ИЕ ҮЛГІЛЕР

POST https://dxp-webcarconfig.lexus-europe.com/v1/model-filter-results/kz/kk?model=ls

Read timed out