Skip to Main Content (Press Enter)
LEXUS ҚАУІПСІЗДІГІ

ТҰРАҚ КӨМЕКШІСІНІҢ ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

Жүргізушіні қолдау

Тұрақ қауіпсіздікке қатысты айрықша талаптар қояды, әрі көлікті тұраққа қою барысындағы соқтығысулардың көбі төменгі жылдамдықта болады. Lexus-тің тұрақ көмекшісінің функциялары сіздің автокөлігіңіз бен басқа да жол қозғалысына қатысушыларды жан-жақты қорғау үшін әзірленген: сіз кедергі пайда болысымен ол туралы ескерту аласыз да, әрекет етіп үлгересіз.

Lexus-тің тұрақ көмекшісінің өзара әрекет ететін функцияларының үйлесімі тұрақта жан-жақты көмек беруді қамтамасыз етеді. Ультрадыбыстық хабарлағыштары бар тұрақ көмекшісінің ескерту функциясы (PKSA) автокөліктің айналасындағы кедергілерді анықтайды, жүргізушіге дыбыстық сигналдар беру арқылы ескертеді және кедергінің орналасқан жерін көп функциялы және ортаңғы дисплейден түйсікті түрде түсінікті етіп көрсетеді.

Сізді арт жақта жақындап келе жатқан автокөліктерден қорғау үшін тік қозғалып келе жатқан көлік туралы ескерту функциясы артқы жүріспен тұрақтан шығу барысында жүргізушіге дыбыстық сигнал беріп, сол уақытта қауіп көзін ортаңғы дисплей мен сәйкес сыртқы айнаның көрсеткішіне шығарады.

Тұрақ тежеуіші (PKSB) тұрақ көмекшісі функциясының (PKSA) және артқы жүріспен шығу барысында тік қозғалып келе жатқан көлік туралы ескертудің жарық және дыбыстық сигналдарын қолдап, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған жағдайда жүргізушінің автокөлікті тоқтатуына көмектеседі. Ультрадыбыстық хабарлағыштардың көмегімен тұрақ тежеуіші (PKSB) автокөліктің айналасындағы кедергілерді анықтап, тартым күшімен басқару мен төменгі жылдамдықта жақсартылған тежеуіш күшін іске қосады.

Кедергінің орналасқан жеріне қарамастан, тұрақ тежеуіші автокөліктің айналасындағы кең бөлікті анықтап, жүргізушінің толыққанды тыныштығына кепіл болады. Егер алда және артта қабырғалар сияқты тұрақты нысандар бары анықталса, жүргізуші дыбыстық сигнал алады, кедергі дисплейден көрсетіледі, ал тежеуіш күшін басқару тежеуіштерді іске қосады. Егер артқы жүріспен шығу барысында тік қозғалып келе жатқан көлік туралы ескерту кедергіні анықтайтын болса, тұрақ тежеуіші жүргізушіге ескертеді және соқтығысуды болдырмау үшін автокөлікті тоқтатуға тырысады.

Біздің жаңа үлгілерімізде автокөліктің артындағы кедергілерді анықтау үшін артқы камераны іске қосатын тұрақ тежеуіші де бар. Егер автокөлікке арт жақтан жаяу жүргінші жақындап келе жатса, жүргізуші қауіптің деңгейін бағалап үлгеру үшін жүйе оған дыбыстық сигналдар беру және түйсікті түрде түсінікті дисплейде жарық сигналдарын беру арқылы ескертеді. Егер жаяу жүргінші ЖКО оқиғасы болатындай, тым жақын жерде тұрса, тартым күші мен тежеуіш күшін басқару автоматты түрде іске қосылады

Жауапкершілікті шектеу: Ешқандай жағдайда Lexus-тің қауіпсіздік жүйесін әдеттегі жүргізу қағидаларына балама ретінде пайдаланбаңыз; жүйені басқаруға кіріспес бұрын, мына нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз. Қауіпсіз жүргізу үшін тек жүргізуші жауапты.

ОСЫ ТЕХНОЛОГИЯҒА ИЕ ҮЛГІЛЕР

RX
Қозғалтқыштардың бірнеше нұсқасы
RX petrol 2.4T Бензин
Бастапқы жинақтаманың ең жоғарғы қайта сату бағасы (ҚҚС қоса): 42 390 000 ₸
айына 496 681 ₸ бастап
LX
Дизель
Бензин
LX diesel 3.3Л, V6, Твин-турбо
Бастапқы жинақтаманың ең жоғарғы қайта сату бағасы (ҚҚС қоса): 79 890 000 ₸
айына 998 214 ₸ бастап
GX
Бензин
GX petrol 3.5L Turbo 35PT
Бастапқы жинақтаманың ең жоғарғы қайта сату бағасы (ҚҚС қоса): 59 890 000 ₸
айына 701 778 ₸ бастап
NX
Бензин
NX petrol 2.0Л
Бастапқы жинақтаманың ең жоғарғы қайта сату бағасы (ҚҚС қоса): 29 890 000 ₸
айына 350 183 ₸ бастап
ES
Бензин
ES petrol 2.5L Petrol 25P-
Бастапқы жинақтаманың ең жоғарғы қайта сату бағасы (ҚҚС қоса): 32 390 000 ₸
айына 379 483 ₸ бастап
LM
Гибрид
LM hybrid 2.5 TNGA HEV 25H-
Бастапқы жинақтаманың ең жоғарғы қайта сату бағасы (ҚҚС қоса): 76 290 000 ₸
айына 953 227 ₸ бастап

POST https://dxp-webcarconfig.lexus-europe.com/v1/model-filter-results/kz/kk?model=ls