ADAPTIVE HIGH-BEAM SYSTEM (AHS)
Adaptive high-beam system (AHS) алысқа түсетін жарықты бейімді басқару жүйесі (AHS). Lexus-тің жақсартылған қауіпсіздік жүйесі.
Алысқа түсетін жарықты автоматты басқарудың жетілдірілген концепциясы – алысқа түсетін жарықты бейімді басқару – жолды сезінеді және соған қатысты әрекет етеді. Алысқа түсетін жарықты бейімді басқару көріну деңгейі мен өзге жүргізушілерге қамқорлық таныту арасындағы тамаша теңгерімді табады және тәуліктің қараңғы мезгілінде жүру жайлылығын жаңа деңгейге көтереді.
АЛЫСҚА ТҮСЕТІН ЖАРЫҚТЫ БЕЙІМДІ БАСҚАРУ
Алысқа түсетін жарықты бейімді басқару жарықтың таратылуын дәлдікпен бақылай отырып, шамдардағы жарықдиодтың интеллектуалды жануы мен өшуін қамтамасыз етеді. Жүйе алда келе жатқан автокөліктердің жарығын байқап, жолды қарсы бетте не сіздің алдыңызда келе жатқан көліктерді шағылыстырмай, біркелкі жарықтандыру үшін автокөліктің үстіңгі камерасын пайдаланады.
Бұл жүргізушілердің қараңғы уақытта жүрген кезде мінсіз, барынша көру мүмкіндігінен ләззат алуына мүмкіндік беріп, жолда жайлы жағдай жасайды, сізге алысқа және жақынға түсетін жарықтарды қайта-қайта ауыстырудың қажеті жоқ.
АЛЫСҚА ТҮСЕТІН ЖАРЫҚТЫ ЕКІ САТЫЛЫ БЕЙІМДІ БАСҚАРУ
Алысқа түсетін жарықты екі сатылы бейімді басқару – алысқа түсетін жарықтың басқарылуын арттыратын тағы бір жетілдіру. Шамдардың екі қатарының әрқайсысындағы 24 тәуелсіз жарықдиодты кристалл өшіп-жанып, жарықтандырылған және жарықтандырылмаған жол бөліктерін дәлдікпен бақылай отырып және автокөліктің айналасындағы жарықты бәсеңдетсе де, жол белгілеріне жарық түсіреді.
АЛЫСҚА ТҮСЕТІН ЖАРЫҚТЫ БЕЙІМДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ИЕ ҮЛГІЛЕР
POST https://dxp-webcarconfig.lexus-europe.com/v1/model-filter-results/kz/kk?model=nx%2Ces%2Cux
ЕКІ САТЫЛЫ АЛЫСҚА ТҮСЕТІН ЖАРЫҚТЫ БЕЙІМДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ИЕ ҮЛГІЛЕР
POST https://dxp-webcarconfig.lexus-europe.com/v1/model-filter-results/kz/kk?model=ls%2Ces