1. Discover Lexus
  2. Design
  3. Lexus Design Awards
  4. LDA finalists 2019
Байланысу

LEXUS МИЛАНДАҒЫ ОН ЕКІНШІ ДИЗАЙНЕРЛІК АПТАЛЫҚ ПЕН "ЖАРЫҚТАН ШАБЫТ АЛУ" ТАҚЫРЫБЫН ТАНЫСТЫРАДЫ

Lexus компаниясы өнер құдіретінің әлемді өзгертуге қабілетті екендігіне кәміл сенеді. Он жылдан астам уақыт бойы Lexus Design Event Миландағы сән апталаығына келушілерге Lexus дизайнының философиясын айқындайтын тамаша әсер алу мүмкіндігін береді.

2019 жыл да шарадан шет қалмақ емес. «Leading with Light» («Жарықпен бағыттай отырып») ұранымен өтетін шара үшін Lexus компаниясы серіктес ретінде әлемге танымал Rhizomatiks дизайнерлік студиясын таңдады. Өзінің технологияларды пайдаланудағы шабыт беретін және тәнті ететін амал-тәсілдерімен танымал Rhizomatiks компаниясы Lexus-пен 2014 жылы Media Ambition Tokyo концептуалды өнер мен технологиялар көрмесінде қызметтес болған еді.

«Leading with Light» — бұл Lexus-тің өз бойына сансыз жарық көздері адамның образымен өзара әрекеттесетінде басқарылатын, жарқын әрі қарқынды басқаруды үйлестірген ертеңгі күн технологиясынан шабыт алған иммерсивті дисплей.

Одан бөлек, келушілер Lexus Design Award 2019 байқауының алты финалистінің жұмыстарын көре алады. Алғаш рет 2013 жылы өткен бұл халықаралық байқау болашағы зор шығармашыл адамдарды қолдауға бағытталған. Оның мақсаты – қоғамға пайдасы тиетін идеяларды дамытуды қолдау және жұмыстары біздің болашағамызды жақсартатын жас авторларға көмек беру.

Биыл 1548 үміткер ішінен ақтық мәреге келесі қатысушылар шықты:

Алгоритмдік шілтер, Лиза Маркс

Сүт безінің обырын басынан өткерген әйелдерге арналған 3D шілтерен арнайы әзірленген бюстгалтер. Құрылымды алгоритмдік пішіндеуге негізделген бұл төс тартқышты әзірлеу барысында көлемді шілтер жасалады. Бұл әйел адамды отадан кейінгі жайсыздықтан арылтып, оны өз бастамаларында сенімді етеді.

Аренофил, Реззан Хасоглу

Бұл жобаны жасаушы шөл даладағы құм секілді кең тараған шикізатқа жаңа қолданыс табуға тырысады. Тәжірибелер мен зерттеулер құм мен улы емес толтырғыштар негізінде композитті материалдардан жаңа өнімдер жасауға мүмкіндік берді.

Балуто, Джеффри Е. Дела Крус

Жер сілкінісі мен су тасқынына төзімді модульдік үйлер салу жүйесі. "Балуто" жобасы құрлықта аяқ асты болған су тасқынына төтеп беруге қауқарлы, тұруға жарамды төменірек орналасқан жер телімдерін зерттеуге арналған, мұнда негізінен су тасқынынан қорғануға мән беріледі.

Энергияны тудыруға арналған эко құйын, Дмитрий Балашов

Ұшу барысында ұшақтың реактивті қозғалтқышының газдар ағынын жинап, электр энергиясына айналдыратын турбина. Бұл энергия әуежайдың түрлі қажеттіілктерін өтеу үшін қолданылады.

Гидрус, Шучжань Юань

Мұнай дақтарын шұғыл жинау жұмысының тиімділігін арттыратын құрылғы. «Гидрус» құрылғысы нақты бір мәселені шешуге көмектесіп қана қоймай, қоршаған ортадағы өзгерістердің жауабын іздеуге түрткі болады.

Солгами, Бен Беруик

Электр қуатын өндіретін және бөлменің жарықтандырылуын жақсартатын терезе пердесі. «Солгами» жобасы оригами геометриясын іске тартып, үй тұрғындарының жақсы жарық пен электр энергиясын өндіру арасында таңдау жасауына мүмкіндік бере отырып, оларды қоршаған ортамен тығыз байланыстырады.

Финалистердің барлығы прототиптер жасап, көрмеге қойылатын үлгілерді дайындау барысында әлем мойындаған дизайнерлердің жетекшілігімен жұмыс істейді. Биыл жеңімпазды өнеркәсіп саласындағы танымал дизайнерлер мен сарапшылардан тұратын қазылар алқасы анықтайды, байқау нәтижесі 8 сәуірде белгілі болады.