Байланысу
LEXUS NX АРНАЙЫ ЖОБАСЫ:

«ӘСЕР ШЕБЕРЛЕРІ». ЖАСАМПАЗДЫҚ ӨНЕРІ

Lexus Kazakhstan NX кроссовері

жаңа буынының нарыққа шығарылуына арналған бірегей арнайы жобаны ұсынады.

«Әсер шеберлері»

Арнайы жобаның жүргізушісі Lexus Kazakhstan брендінің елшісі, актер, ұлттық киноның жұлдызы, дарынды және тартымды Санжар Мади болды.

Төрт шығарылым бойы Санжар сізді жаңа NX-тің сипаттамалары мен ерекшеліктерімен таныстыратын болады, оларды ашып көрсетуге оған заманауи Қазақстанның шығармашылық ортасы мен бизнес-салаларында еңбек ететін кейіпкерлер көмектеседі.

Жаңа Lexus NX – ол қандай? Сенімді, әсерлі, технологиялық па?

Біздің заманның қаһармандары мен жобаның кейіпкерлері – олар қандай? Жарқын, қызықты, жан-жақты ма? Дәл осы сұрақтарға «Әсер шеберлері» жауап беретін болады.

Lexus-тың ерекше тарауы

Жаңа дизайн тілі, жаңа қуат агрегаттары, жақсартылған динамикасы және басқарылушылығы – NX жаңа генерациясы бұрынғыдан да ақылдырақ, тартымдырақ және өз иелеріне зейіндірек болды.

Кроссовердің жоғары технологиялық жарақтандырылуы автокөлікті пайдаланудың жайлылығы, қауіпсіздігі мен ыңғайлылығының ерекше деңгейін қамтамасыз етеді.

Мәнерлі сызықтармен көмкерілген экстерьер көліктің қуаты мен динамикасына көңіл аудартады, ал Tazuna жаңа дизайнерлік фәлсафасына сәйкес жасалған салоны ғажайып эмоциялар мен көлік айдау драйвының әлеміне кіру билетін сыйлайды.

Судай жаңа NX шығарылымы – Lexus-тың ерекше дәуірі басталғанының белгісі. Сондықтан бұл туралы біз ерекше тәсілмен – табыстың не екенін жақсы білетін «NX: Әсер шеберлері» арнайы жобасының кейіпкерлерінің сезімдері арқылы айтып бергізіміз келеді.

1-ТАРАУ. СТИЛЬ МЕН ДИЗАЙН

«Әсер шеберлері» бірінші шығарылымының қонағы белгілі фотограф, портреттік суретке түсіруден гуру, таспалы фотографияның жанкүйері және білгірі Баурджан Бисмильдин болды.

Осымен көп жылдар бойы Баурджан таңғажайып әдемі кадрларды жасап, ірі әлемдік басылымдармен, соның ішінде: L'Officiel, Harper's Bazaar, Esquire, Vogue және The New York Times басылымдарымен бірлесіп жұмыс істейді. Қазіргі таңда біздің кейіпкеріміз режиссерлікпен шындап әуестеніп жүр.

«Әсер шеберлері» жобасында Баурджан NX тест-драйвымен рахаттана алды, автокөліктің экстерьері мен интерьеріне баға берді және жаңа Lexus үшін жасампаздық түсірілім жүргізіп, студиядағы жұмыстан бастап зертханада таспаны айқындауға дейінгі бүкіл үдерісті егжей-тегжейлі көрсетіп берді.

Қозғалыстардың дәлдігі, сәтті қағып алу қабілеті, мәнерлі қарапайымдылық және ұсақ-түйекке назар аудару – Баурджанның жұмысы Lexus стилі мен жаңа NX рухын дәл бейнеледі.

Баурджан Бисмильдин: «Мен үшін мәнерлі қарапайымдылық – бұл минималистік сұлулық пен функционалдылықтың жиынтығы. Сондықтан жаңа NX-те бұл толығымен бейнеленген.

2-ТАРАУ. КӨҢІЛ-КҮЙ МЕН ДРАЙВ

Екінші эпизодтың кейіпкері, диджей Мадияр Оналдин, оның әйгілі Femme Like U француз хитына жасаған ремиксі ондаған елдердің топ-чарттарын бағындырды және Apple Music және Spotify сияқты стримингтік қызметтерде миллиондаған тыңдаулар жинады, Санжармен электронды музыка жазу құпияларымен бөлісті, жаңа Lexus NX премиалды сынып аудиожүйесін және салонының бірегей дыбыс оқшаулауын жоғары бағалады және кроссоверге жарқын және динамикалық трек арнады.

Мадияр Оналдин: «Маған Lexus-тың әрқашан дыбысқа ерекше көңіл бөлетіні және дұрыс дыбыс шығару туралы көп білетін Mark Levinson-мен 20 жыл бойы бірлесіп жұмыс істеп келе жатқаны ұнайды. Ал дұрыс дыбыс – бұл шабыттың бір бөлігі!»

Санжар Мади жаңа трек туралы былай деді: «Мен жазғы салқын кешкі Алматыны көрдім. Сіз айналма жолмен терезелерді ашып келе жатырсыз, музыка дыбысы барынша жоғары, күн батып келеді және кептеліс жоқ...»

3-ТАРАУ. ЭРГОНОМИКА ЖӘНЕ ЖАЙЛЫЛЫҚ

«Әсер шеберлерінің» үшінші эпизоды Қазақстан мен Жапонияның қонақжайлылық дәстүрлеріне, жекелеп айтқанда Lexus бренді қызметінің негізін құрайтын және қамқор көңіл бөлу мен жалықтырмаудың тамаша теңгеріміне қол жеткізетін, жоғары құрмет көрсету арқылы клиентке өз маңыздылығын сезіну мүмкіндігін беретін, қонақтарды қабылдауға толық риясыз көзқарасты білдіретін Омотенаши фәлсафасына арналған.

Санжармен бірге осы мәселелерді фэшн-блогер, аспаздық шеберліктің білгірі және қонақжай үй иесі Гаухар Жексен талқылады. Өз блогында Гаухар стиль сабақтарын береді, қызықты рецепттермен бөліседі және үлкен қала кейіпкерінің өмірін құрайтын барлық нәрселер туралы жазады. Бұны әрдайым талғаммен және оқырмандарына деген қамқорлықпен жасайды.

Гаухар Жексен: «Мені көптен бері жапондық Омотенаши қонақжайлылық фәлсафасы қызықтырады. Жапондықтар «қонақтарға немесе клиенттерге ұлы нәрселер жасаудың қажеті жоқ, аздап, бірақ шын жүректен жасасаңыз болғаны» деп санайды. Мен мұнда қазақстандық салт-дәстүрлерге көп ұқсастықты байқаймын».

Lexus құрметіне Гаухар жаңа кроссовермен танысудан шабыттанып ойлап шығарған рецепті бойынша тағамдар дайындады. Ал оның күйеуі, автоблогер және сағат шолушысы Максат Ажигалиевпен NX жаңа буынының дизайны мен эргономикасы, стилі мен технологиялығын талқылады.

4-ТАРАУ. ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЫРҒАҚ

«Әсер шеберлерінің» төртінші шығарылымында Санжар отандық бизнес-олимпты бағындыра білген бойжеткенмен бірге сапарға аттанады. Қазақстандағы Lamoda-ның бұрынғы басшысы, қазіргі уақытта ТМД-дағы ең ірі маркетплэйстердің бірі OZON Kazakhstan-ның бас директоры Мольдер Рысалиева өзінің мансаптық өсудің басты құпиясымен бөлісті: «Мен әрқашан нәтижеге көп мән беремін және ешқашан өзімнің тікелей функционалыммен шектелмеймін».

Ал Санжар жаңа кроссовердің функционалы туралы қуанышпен айтып берді, кез келген жол төсемінде жүргізуші мен автокөліктің ажырамас байланысын жариялайтын Tazuna архитектурасы туралы, сонымен қатар мақсаты көлік жүргізуден табиғи сезімдер сезіндіру болып табылатын Lexus Driving Signature фәлсафасы туралы жеткізді.

Іскер ханымның және қамқор ананың өмір ырғағы мен салтына мінсіз сәйкес келетін жаңа Lexus NX динамикасын, стилін және технологиясын Мольдер жоғары бағалады.

Мольдер Рысалиева: «Мен Lexus-тың бар екенін жас бала кезімнен білдім. Ал бұл тамаша көлік. Маған сыртқы қарапайымдылық көрінісінің артында ішкі күш пен драйв жасырылғаны ұнайды.

NX ЖОБА КЕЙІПКЕРЛЕРІН ЖАҢА КӨЛІККЕ АРНАЛҒАН БІРЕГЕЙ ТУЫНДЫЛАР ЖАСАУҒА ШАБЫТТАНДЫРДЫ

  •  

    LEXUS NX feat. DJ MONALDIN біртума трегін тыңдаңыздар. 

    «Әсер шеберлері» жобасы Қазақстанның дарынды және жасампаз адамдарының өмірі, мансабы және жоспарлары туралы айтып қана қоймай, DJ Monaldin жаңа жазғы трегіне өмір сыйлады.

    Жаңа тректі естіген Санжар Мади «жазғы салқын кешкі Алматыға» сүңгіп кеткендей болды. Ал сізде бұл трек қандай эмоцияларды тудырады?

Баурджан Бисмильдиннің «Әсер шеберлері» түсірілімі кезінде жасаған фотосуреттерін қараңыздар

Ұсынысты сұрату