ЛЕКСУС ДИЛЕРI БОЛУ 

Тойота Мотор Қазақстан ЖШС Қазақстандағы және Қырғыз Республикасындағы Lexus маркасының эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады.

Дилерлік желіні дамыту жоспарларына сәйкес Тойота Мотор Қазақстан ЖШС келесі шарттарға сай келетін компанияларды Lexus автомобильдерін сату және қызмет көрсету саласында ынтымақтасуға шақырады:

  • Автомобиль бизнесіндегі жұмыс тәжірибесі (шетелдік брендтермен жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады);
  • Компанияның тұрақты қаржылық жағдайы;
  • Тәжірибелі және тиімді басқарушы топ;
  • Lexus брендіне адалдық;
  • Lexus корпоративтік стандарттарына сай дилерлік орталық құруға дайындық.

Өтініш беру үшін «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС дилерлік желіні дамыту бөліміне электрондық пошта арқылы өтініш жіберу қажет: application@toyota-motor.kz. 

«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС барлық дилерлік компанияларда 3S концептін іске асырып жатқанын назарға алуыңызды сұраймыз. Бұл концепт автомобиль қоймасының, техникалық қызмет көрсету станциясының және қосалқы бөлшектер қоймасының бірыңғай кешенде болуын білдіреді. Осыған байланысты, дилер мәртебесін алуға ниет білдірген кандидаттардың тек қызмет көрсету немесе тек Lexus автомобильдерін сату туралы өтініштері қарауға қабылданбайды.