LEXUS ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

LEXUS-ТІҢ АЛҒАШҚЫ ЭЛЕКТРОМОБИЛІ — UX 300E-НІҢ ӘЛЕМДІК ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

GUANGZHOU, CHINA (November 22, 2019)
ГУАНЧЖОУ, Қытай (2019 жылдың 22 қарашасы). 2019 жылдың 22 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Гуанчжоуда өтетін Халықаралық автосалонда Lexus өзінің алғашқы аккумуляторлы электромобилі – UX 300e-ні таныстырады.
2005 жылы RX 400h үлгісі жарық көрген сәттен бастап LEXUS көлік құралдарын электрлендіру технологияларын әзірлеу саласында жаңашыл болып табылады және тамаша динамикалық қасиеттерге ие экологиялық үлгілерді ұсына отырып, жетекші орынды иеленіп келеді. 2019 жылы Токио автосалонында Lexus эксплуатациялық көрсеткіштерді, басқарылуды, бағыттық тұрақтылықты және жүргізуден алатын ләззатты мүлде жаңа деңгейге шығаруға бағытталған Lexus Electrified электрлендірудің жаһандық стратегиясын ұсынды.
Нақтырақ айтсақ, Lexus Electrified электрлендіру технологиясы күштік берілістің, рөлмен басқарудың, аспаның және тежеуіш жүйесінің жұмысын біріктіре бақылауды қарастырады, бұл бастапқыда гибридті автокөліктерге арнап әзірленген жетілдірілген технологиялардың бар күш-қуатын ашуға мүмкіндік береді. Осы технологияның арқасында әр нақты жағдайда барынша оңтайлы сипаттамаларға қол жеткізу үшін тартым күшін бақылау мүмкіндігі пайда болады. Lexus әрі қарай да басқаруда қауіпсіз әрі жағымды автокөліктер жасауға ниетті.
Lexus Electrified стратегиясы аясында әзірленген алғашқы электрлі UX 300e жолда қозғалуға арналған тамаша сипаттамаларға ие. Lexus инженерлері UX кроссоверінің айқын дизайны мен ыңғайлылығын сақтай отырып, электромобильге тән артықшылықтарды қамтамасыз етуге зор мән берді. UX 300е үлгісінің қуатты электрлі қозғалтқышы қызуқанды, бірақ толық бақыланатын мінезге ие, ал еден астында орналасқан жоғары сыйымдылыққа ие аккумулятор батареялары төмендетілген ауырлық ортасы мен 400 шақырымға дейінгі жүріс қорын қамтамасыз етеді. Қосылудың жаңа технологияларын иеленген UX 300e электромобильге тән барлық артықшылықтарға, керемет эксплуатациялық сипаттамаларға және таңғаларлық ыңғайлылыққа ие. (YET философиясы — ағылш. тілінде «және сол ғана емес…»)
UX 300e-нің қытайлық және еуропалық нарықтардағы сатылымының басталуы 2020 жылға, ал Жапониядағы сатылымы 2021 жылдың алғашқы айларына жоспарланған.
Lexus-тің алғашқы электромобилі шуылдың төмен деңгейі мен қаттылығының есебінен жүргізуден ләззат сыйлайды және брендке тән керемет жайлылығымен ерекшеленеді.
Lexus әрдайым әсерлі динамикаға ие үлгілерді ұсынуға тырысады және аккумуляторлы электромобильді әзірлеу осындай амал-тәсілге толық сәйкестікте жүзеге асады. Lexus UX үлгісінің тамаша көрсеткіштерін негізге алған Lexus инженерлері электрлі күштік берілісті жолдағы қозғалыс үшін анағұрлым жетілдірілген сипаттамаларды ұсынатындай етіп іске асыра алды. UX 300e салонының өз класындағы ең тыныш салон болуы таңданатын нәрсе емес, себебі тамаша дыбыс изоляциясы Lexus бренді ДНҚ-ның ажырамас бөлігі болып табылады.
Drive Mode Select қозғалыс режимдері селекторы UX 300e жүргізушісіне нақты бір жағдайға байланысты екпін алу мен тежелу сипаттамаларын өзгертуге мүмкіндік береді. Акселератор педалін басқаннан кейін электрлі күштік берілістерге тән жылдамдық пен жоғарғы айналу сәтінің лезде артқаны бірден сезіледі. Тежелу параметрлері рөл астындағы ауыстырып қосқыштардың көмегімен төрт деңгей бойынша бапталады. Мұның барлығы автокөлік жүргізгенде шынайы сезімдерге бөленуге мүмкіндік береді.
Электрлі UX 300e төмен ауырлық ортасының арқасында тамаша динамикалық сипаттамаларымен қуантады, бұл электрлі қозғалтқыш пен аккумулятор батареяларының еден астында орналасуымен, массаның осьтер бойынша оңтайлы үлестірілуімен және инерция сәтімен байланысты.
Бастапқыда GA-C платформасының тамаша көрсеткіштері қосымша қиғаш тіреулерді енгізу мен электрлендіру нәтижесінде өзгеріске ұшыраған динамикаға сәйкес келу үшін демпфирлеу сипаттамаларын оңтайландыру арқылы жетілдірілді.
Жалпы электромобильдер өте тыныш болып табылады, бірақ UX 300e ауа ағынынан және іштен жанатын қозғалтқыш пен беріліс қорабы болмағанда анағұрлым жақсы сезілетін дөңгелектердің жол жабынымен байланысуынан пайда болатын шуыл деңгейін төмендетуге арналған қосымша шешімдерге ие болды. Lexus-тің барынша тиімді дыбыс изоляциясын қамтамасыз етуге деген ниеті жолаушылардың электромобиль салонындағы жайлылық пен тыныштықтан ләззат алуына мүмкіндік береді.
Одан бөлек, инженерлер жүргізуден шынайы әсер алуға ұмтылды. Мысалы, белсенді дыбыс басқару жүйесі (ASC) жүргізуші төңіректегі жағдайды бағалай алу үшін ал жолаушылар жайлы күйден рахат алу үшін айналадағы дыбыстардың салонға берілуін қамтамасыз етеді.
Lexus-тің әйгілі гибридті автокөліктерінен берілген аңызға айналған сенімділік
UX 300e-ні жасау барысында Lexus мамандары саладағы жетектің гибридті жүйелерін әзірлеудегі негізгі сараптамаға сүйенді. Нәтижесінде брендтің алғашқы электромобилі Lexus-ке тән жоғары сапасымен және таңғалдырар жайлылығымен ерекшеленеді. Lexus инженерлері аккумулятор батареяларының сенімділігіне қол жеткізді, сонымен қатар смартфондарды күнделікті қолданудың ыңғайлылығы мен олардың функциялық мүмкіндіктерін демеу үшін қосылудың жаңа технологияларын енгізді.
Электрлі қозғалтқыштың, инвертордың, редукторлар мен сыйымды аккумулятор батареяларының сипаттамалары бастапқыда гибридті автокөліктер үшін жасалған шешімдер есебінен жетілдірілді. Жетек жүйесінің жалпы тиімділігін арттырудың арқасында UX 300e электромобилінің жүріс қоры тіпті алыс сапарға да еш қиындықсыз шығу мүмкіндігіне кепілдік беретін 400 шақырымға дейін ұлғайды.
Аккумулятор батареялары қоршаған ортаның төмен және жоғары температураларында жұмыс істейтін термореттеу жүйесімен толықтырылған. Сенімділік деңгейі зарядтау процесін реттеп, шамадан тыс зарядталу сынды жағымсыз жағдайлардың алдын алатын көптеген бақылау жүйелерінің есебінен арттырылды.
UX 300e қосылудың жаңа технологияларына ие болды. Арнайы қосымша арқылы смартфон электромобиль жүйесіне қосылады да, жүргізуші аккумулятор батареяларының заряд деңгейі мен қалған жүріс қорын тексере алады. Зарядтау жүйесі көптеген ыңғайлы функцияларды ұсынады. Мысалы, таймер жүргізушіге электромобиль аккумуляторының қашан толық зарядталатыны жайлы ақпарат береді. Оның көмегімен келесі сапар уақытын ескере отырып, зарядтау кестесін жоспарлауға болады. Одан бөлек, арнайы қосымша көлік иесінің салқындату жүйесі, орындықтар мен әйнектерді жылыту сынды жайлылықты қамтамасыз етуге арналған түрлі функцияларды қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді.
Бірегей UX-тің жарқын дизайны мен тамаша ыңғайлылығы
UX 300e электромобилі Lexus UX шағын кроссоверінің жарқын дизайны мен тамаша ыңғайлылығын иеленіп, әрі қарай жетілу үшін тамаша негіз құрды.
Сенімді әрі белсенді қозғалыс мүмкіндігіне меңзейтін басынан жарқын әрі озық кескінді толықтыру үшін Lexus инженерлері арнайы UX 300e үлгісіне арналған аэродинамика тұрғысынан оңтайландырылған дөңгелек дискілері мен көлік астының қорғанысын жасады.
Ортаңғы консольдегі электронды басқару жүйесі (“сымдар арқылы басқару”) қарапайым әрі функционалды интерьердің кепілі болып табылады.
Lexus-тің негізгі басымдықтарының бірі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең озық технологияларын әзірлеу мен оларды сериялы автокөліктерге барынша жылдам енгізу болып табылады. UX 300e Lexus Safety System+ прогрессивті жүйесімен жабдықталады. Осылайша Lexus жол апаттары мен адам шығынының алдын алуға, сонымен қатар автокөлікті жүргізу барысында жүргізушіге түсетін жүктемені азайтуға ұмтылады. Одан бөлек, жүргізушіге көмек беру жүйелері көлік жүргізуді анағұрлым шынайы әрі қауіпсіз етуге бағытталған.