2018 lexus lfa hero

06 / 08 / 2018

БІРЕГЕЙ АРТ-КАР LFA LEXUS ҮШІН АЛҒАШҚЫ «24 САҒАТ СПА» САЙЫСЫН ӨТКІЗДІ

29-29 шілдеде жетпісінші рет аңызға айналған (Lexus үшін дебюттік) төзімділікті сынайтын «24 сағат Спа» марафоны өтті.
Emil Frey Lexus Racing командасының бұл сайысқа қатысуына оның франциялық Поль Рикар автодромындағы чемпионаттың бесінші кезеңіндегі әсерлі жеңісін қоса алғанда, Blancpain GT премьер-сериясының толық маусымына алғаш қатысып, жақсы нәтиже көрсетуі мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, команда жуырда Спа-Франкоршам («24 сағат Спа» сайысы дәл осында өтеді) тас жолында құрғақ және дымқыл жол төсемінде реттеу мен баптаудың түрлі параметрлерін сынау арқылы, тестілеуден сәтті өтті.
Бұдан бөлек, Emil Frey Lexus Racing экипажы өткен жылы RC F GT3 автокөлігінде тек поул-позицияны иеленіп қана қоймай, International GT Open сериясының аясындағы кезеңдердің бірінде сенімді жеңіске жетті.
Команда жетекшісі Лоренц Фрейдің айтуынша, соңғы тестілік жарыста Lexus RC F GT3 жеті шақырымдық бағытта өзін өте жақсы көрсеткендіктен, команда өзін сенімді сезінеді. "Бұл тас жол шұғыл бұрылыстарымен біздің Lexus RC F GT3-ке сай келеді. Біз жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын, – деп мәлімдеді ол. – Спадағы жарыс – бұл шамасы GT3-тің ең тартымды жарыс жолындағы ең күрделі сайысы шығар. Біздің команданың барлық мүшелері толқу үстінде, себебі бұл біздің Lexus-пен қатысатын алғашқы 24 сағаттық марафонымыз.
 
 
 
 
        text space quote
        2018 lexus lfa portrait

БҰЛ ТАС ЖОЛ ӨЗІНІҢ БҮКІЛ ШҰҒЫЛ БҰРЫЛЫСТАРЫМЕН БІРГЕ БІЗДІҢ LEXUS RC F GT3-КЕ САЙ КЕЛЕДІ. ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТЕМІЗ ДЕП ОЙЛАЙМЫЫН, – ДЕП МӘЛІМДЕДІ ОЛ. – СПАДАҒЫ ЖАРЫС – БҰЛ ШАМАСЫ GT3-ТІҢ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАРТЫМДЫ ЖАРЫСТЫҚ ТАС ЖОЛДАРЫНЫҢ БІРІНДЕГІ ЕҢ КҮРДЕЛІ САЙЫСЫ БОЛАТЫН СИЯҚТЫ.

Лоренц Фрей, команда жетекшісі
Lexus RC F GT3-ті тәжірибелі Emil Frey Lexus Racing экипажы басқаратын болады, оның құрамында бұрын «24 сағат Спа» және «24 сағат Ле-Мана» жарыстарында жеңіске жеткен Стефан Ортелли бар.
 
 
 
 

АРТ-КАР LFA

 
Зор мәнге ие жарыстық дебют пен Lexus брендіне тән автокөліктердің F топтамасының 10 жылдығы құрметіне Lexus Europe бөлімшесі бірегей LFA арт-карын ел назарына ұсынады. Бұл бірегей автокөліктің жарыстық өрнегі португалиялық суретші Педро Энрикестің қолынан шыққан және өз бойына Lexus LFA культтік суперкарының таныс кескінін ғана емес, қозғалыс пен тұрақты даму сезімін беретін графикалық өрнекті де үйлестіре білген.
"Осы өрнекті салуға шабыт берген үнемі өзгеріп отыратындықтан нақты пішін беру қиындық тудыратын, қазіргі уақыттың көз ілеспес жылдамдықпен өтетіні туралы идея, – деп түсіндіреді Педро. – Сызбалардағы сызықтар тұрақты, үйреншікті және ешқашан тоқтамайтын қозғалысты көрсетеді. Бұл арт-карға шынайылық сыйлау үшін мен қолдан жасалған материалдарды пайдаландым және шанақтың барлық элементтеріндегі сызықтардың ырғақты болуына ұмтылдым. Сол арқылы мен автокөліктің пішіні аса анық болмайтындай әрі қозғалыста үнемі дамитындай сезім тудырғым келді".
 
 
 

МЕН АВТОКӨЛІК ПІШІНІНІҢ АЙҚЫНДЫҒЫ БӘСЕҢДЕП, ҚОЗҒАЛЫСТА ҮЗДІКСІЗ ДАМИТЫНДАЙ СЕЗІМ ТУДЫРҒЫМ КЕЛДІ.

Педро Энрикес
 
 
 
Lexus өнер мен дизайндағы шабыт беретін және батыл бағыттарды әрқашан қолдайды. Брендтің Миланда өткен Дизайн апталығындағы жыл сайынғы экспозициясы соған дәлел. Осы жазда Lexus Лиссабонда Lexus UX ART SPACE деп аталатын pop-up галереясын ашты, онда Педро Энрикесті қоса алғанда, бірнеше суретшінің жұмыстары ел назарына ұсынылды.