1. Discover Lexus
  2. ST Regis hotel
Байланысу

LEXUS ПЕН THE ST. REGIS ASTANA ӘРІПТЕСТІГІ

Әріптестік аясында Lexus компаниясы The St. Regis Astana-ға трансфер мен іскерлік сапарларды ұйымдастыруға арналған премиумдық класстағы жайлы үлгілерін ұсынады.

The St. Regis Astana мейманханасы мен Lexus Kazakhstan компаниясы әріптестікті бастағанын ресми мәлімдеді. Бүкіл әлемге танымал екі брендті біріктірген бір мақсат – мейманхана қонақтарын ең жоғарғы жайлылықпен және жоғары сапалы сервиспен қамтамасыз ету.

Әріптестік аясында Lexus компаниясы The St. Regis Astana-ға трансфер мен іскерлік сапарларды ұйымдастыруға арналған премиумдық класстағы жайлы үлгілерін ұсынады.

The St. Regis Astana өз бөлмелерінде сыйлы қонақтар үшін ең жақсы жағдай жасауға ұмтылады. Бұл ретте мейманханаға барар жолда автокөлікке отырған сәттен басталған шексіз жайлылыққа саяхаттың клиенттерге ерекше әсер сыйлағаны маңызды. Автокөлік жәй көлік құралы ғана емес, одан да артық болуы тиіс. Осылайша әріптес ретінде аса сәнді, жоғары технологиялы Lexus брендін таңдау себебі түсіндіріледі.

Салтанатты шара Қабанбай батыр 1, Астана орталық саябағы мекенжайы бойынша қайта ашылған The St. Regis Astana мейманханасының кіреберісінде болды. Lexus Astana өкілдігінің директоры Руслан Камзин екі жаңа Lexus автокөлігінің кілтін қонақ үй директоры Лучано Соццоға табыстады.

"Біз тек еліміздің ғана емес, ТМД елдерінің аумағында да аса танымал және сыйлы люкстік автокөлік брендтерінің бірімен ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынасты бастағанымызға қуаныштымыз. Жақын болашақта біз күш біріктіре отырып клиенттерімізді нағыз эксклюзивті ұсыныстармен таңғалдыруды жоспарлап отырмыз. Жаңалықтарды бақылаңыздар", – деп атап өтті The St. Astana директоры Лучано Соццо.

 

О St. Regis Hotels & Resorts

Классикалық әсемдікті көркемдікпен үйлестіре отырып, St. Regis қонақтарға әлемнің ең жақсы жерлеріндегі сән-салтанатты 40 мейманхана мен курорттан да артық әсер сыйлайды. Бір ғасырдан астам уақыт бұрын Джон Джейкоб Астор IV Нью-Йоркте алғашқы St. Regis мейманханасын ашқан сәттен бастап, бренд St. Regis сарай қызметкерлерінің қызметімен қамтамасыз етілетін сервистің қонақтар күткеннен де жоғары деңгейіне деген бейілділігін сақтап келеді.

2018 жылға қарай ультра-премиум бренд өз желісін 50 мейманханаға дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ашылатын мейманханаларды қоса алғанда, анағұрлым толық ақпарат алу үшін stregis.com веб-сайтына немесе біздің Twitter, Instagram және Facebook-тегі парақшаларымызға кіріңіз. St. Regis қатысушыларының элиталы статусын бірден растап, жинаған баллдарын жіберудің шексіз мүмкіндіктеріне ие болу үшін Marriott Rewards® және The Ritz-Carlton Rewards® жүйелерімен байланысты аккаунттары болуы мүмкін Starwood Preferred Guest® ниеттестік бағдарламасына қатысады.

 

Marriott International, Inc.

(NASDAQ: MAR) – штаб-пәтері АҚШ-тың Мэриленд штатына қарасты Вифезда (Bethesda) қаласында орналасқан қонақ үй кәсібімен айналысатын әлемдегі аса ірі компания. Компания әлемнің 110 елінде 5 700 дана меншікке ие. Mariott мейманханалар мен курорттарды басқарумен және франчайзингпен, сонымен қатар курорттардың көп иелі меншіктерін лицензиялаумен айналысады. Компанияның ең үздік брендтерінің отыздығына Bulgari Hotels and Resorts®, The Ritz-Carlton® and The Ritz-Carlton Reserve®, St. Regis®, W®,EDITION®, JW Marriott®, The Luxury Collection®, Marriott Hotels®,Westin®, Le Méridien®, Renaissance® Hotels, Sheraton®, Delta Hotels by Marriottsm, Marriott Executive Apartments®, Marriott Vacation Club®, Autograph Collection® Hotels, Tribute Portfolio™, Design Hotels™, Gaylord Hotels®, Courtyard®, Four Points® by Sheraton, springhill Suites®, Fairfield Inn & Suites®, Residence Inn®, towneplace Suites®, AC Hotels by Marriott®, Aloft®, Element®, Moxy Hotels®, and Protea Hotels by Marriott® кіреді.

Компания сонымен қатар түрлі марапаттарға лайық деп танылған құрамында The Ritz-Carlton Rewards® және Starwood Preferred Guest® бар Marriott Rewards® бар ниеттестік бағдарламалары бойынша басқаруды жүзеге асырады. Анағұрлым толық ақпарат алу үшін www.marriott.com сайтына кіруіңізді өтінеміз. Соңғы жаңалықтармен танысу үшін www.marriottnewscenter.com және @marriottintl-ге кіріңіз.

 

Lexus Kazakhstan

Lexus маркасының Қазақстан аумағындағы ресми дилері «Тойота Мотор Қазақстан». «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС-і «Тойота Мотор Еуропаның» еншілес компаниясы болып табылады. 2008 жылдың 20 мамырында Алматы қаласында компанияның негізі қаланып, 2009 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастады. Маркетинг пен сату бойынша жергілікті компания бола отырып, «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС-і Toyota және Lexus маркаларына тиесілі автокөліктерді, түпнұсқалық қосалқы бөлшектер мен акссессуарларды сатумен және жеткізумен, сонымен қатар оларды Қазақстан мен Қырғызстан аумағында кепілдікпен қамтамасыз етумен айналысады.
Жергілікті нарық пен экономикалық жағдайды мұқият зерттеу оған өнім мен қызметтің тұтынушылардың сұранысына сай болуын қамтамасыз ететін маркетингтік белсенділік танытуға мүмкіндік береді.