Жаңалықтар

Lexus Kazakhstan "Нәзік тепе-теңдік" атты казіргі жапон графика көрмесінің Бас серіктесі

Lexus Казахстан Т. Жүргенов атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы көмегімен «Осал тепе-теңдік» атты заманауи жапон өнер көрмесінің ашылуын хабарлайды. Ұйымдастырушылар шақыруымен халықаралық The Tolman Collections галереясы (Токио, Жапония) көпшіліктің назарына кең танымал тоғыз жапон суретшілерінің 75 туындыларын ұсынады.Олардың ішінде аңызға айналған, Жапония имперлаторлық отбасының сүйікті суретшісі Токо Шиноданың жауhарлары ерекше орын алады.
        header museum
Кит Симмонс, Lexus Казахстан басшысы
«Біздің өнерге деген құштарлығымыз бен қызығуымыз әсем автокөліктерді жасауға талабымызды түсіндіреді! Дәл сондықтан Lexus бүкіл дүние жүзі бойынша (Милан, Нью-Йорк, Москва, Дубай...) ұмытылмас арт-жобаларды өткізуге қолдау көсрсетеді». Lexus атынан мәдениетті уақиға өтетін әлем қалаларының қатарына Алматы да қосылуына қуаныштымыз. «Осал тепе-теңдік» – бүкіл дүние жүзіне кеңінен танымал жапон графика шеберлерінің көрмесі. Суреттерде кейіптердің табиғилығы, серпуі мен қарқыны дәстүрлі жапон беземесін ең жаңа шешімдермен және орындау техникасымен толықтыратын графиканың нағыз шеберлері жасаған «зергерлік» туындылары ұсынылады!»
        pic6
Токо Шинода - тушьпен жазатын жапон суретшісі (106 жаста). Ол дәстүрлі каллиграфия мен заманауи абстрактылы экспрессионизмді үйлестіреді. 1983ж. Time журналы жазды: «Оның ақылға сыймайтын жетістіктері Пикассоның жетістіктеріне ұқсас». Шиноданың туындылары көптеген жеке коллекция, галерея, мұражайларда жиналған: Нью-Йорк заманауи өнер мұражайы, Гуггенхайм мұражайы, Нью-Йорк Метрополитен мұражайы, Токиода Ұлттық заманауи өнер мұражайы, Лондонда Британ мұражайы, Чикаго көркемөнер институты, Вашингтонда Смитсондық Артур М. Саклер галереясы, Сингапур көркемөнер мұражайы, Сингапур ұлттық мұражайы және т.б.
        pic7
Көрме аясында Lexus өкілеттігі жапон өнері жайлы, атап айтқанда, жапон графика мектебі жайлы дәрістер циклін ұйымдастырды, оны танымал өнертанушы, Қазақ Ұлттық өнер академиясының прoфессорлары Ольга Батурина және Евфрат Имамбек өткізеді.

Көрмеде Тецуро Савада, Нишигава Йоширо, Вако Шужи, Тамекане Йошикацу және т. б. суретшілер туындылары көрсетіледі. Жапон графикасына мамандар, сарапшылар,өнерден алыс қарапайым адамдар да қызығушылық білдірді.
        pic1
Мысалы, суретші Тецуро Саваданың (1935-1999) жұмыстары Sosaku Hanga бағыттауына жатады. 1960 ж.ол абстрактылы туындыларын майлы бояумен салып, кейін литография, жібекбаспамен айналысты. 1980 ж.Норвегияда халықаралық биенналеде суретші кең танылды.Токио, Сиэтл, Рио-де-Жанейро, Буэнос-Айрес, Сан-Франциско көрмелерінде көрсетілді. Оны «аспан пейзаждар суретшісі» деп атайды. Жібекбаспада ол ең қиын көлеңкелеу техникасын қолданып, жұмыстарын өз қолымен басты. Оның туындыларымен Британ, Цинциннати, Кливленд көркем мұражайларында, Гонолулу көркемөнер академиясында сүйсінеді.
        pic2
«Осал тепе-теңдік» көрмесі құрамымен және қатысушылар кәсіби деңгейімен бірегей саналады. Бұл көнелік өзектілігін жоғалтпайтын, казіргі заман мәңгіліктің керемет сәті сияқты көрінетін жапон өнерінің өте күрделі, ерекше кызықты әлеміне көз салуға сирек мүмкіндік. Бұл жаңа мен ескі, дәстурлі мен заманауи, сыртқы мен ішкі арасындағы осал тепе-теңдік – таусылмайтын суретшінің ғарышпен сұхбаты».
        pic3
Ресми ашылуы 12 қыркүйекте болды.А. Кастеев ат. Мемлекеттік өнер мұражайының есігі алматылықтар мен кала қонақтары үшін 2019 ж.13 қыркүйегінен 6 қазанға дейін ашық болады.