Retrofit Hero image

LEXUS RETROFIT: МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖАҢАРТУ

МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖАҢАРТУ

Lexus компаниясының ресми дилерлері NX, UX және ES модельдерінің мультимедиалық жүйесінің бағдарламалық құралын ең жаңа нұсқасына дейін жаңарту науқанын бастады. Жаңарту бағдарламасы ертерек жылдарда шығарылған автокөліктер иелеріне ең заманауи функционалға – автокөлік пен смартфонның мүмкіндіктерін ыңғайлы, толық және қауіпсіз пайдалануға – қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мультимедиалық жүйе бойынша БҚ-ның жаңа нұсқасының негізгі айырмашылықтарының бірі Apple CarPlay® және Android Auto® смартфондарын біріктіру платформаларын қолдау болып табылады, бұл мобильді құрылғыларды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді.



APPLE CARPLAY® ЖӘНЕ ANDROID AUTО® ФУНКЦИЯЛАРЫ БАР ЖАҢА БУЫННЫҢ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

Сапарға шыққанда жайлы пайдалану үшін оңтайлы орналастырылған дисплей маңызды ақпаратқа бір уақытта қол жеткізуді қамтамасыз ететін көпэкранды бейне функциясын ұсынады: мысалы, навигация, аудио басқару немесе климатты басқару. Apple CarPlay® және Android Auto® смартфондарын интеграциялау платформаларын қолдаудың пайда болуы арқылы мобильді құрылғыларды пайдалану мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейтілді. Музыканы қосу, маршрутты қадағалап, қоңырау шалу оңай әрі ыңғайлы. Қолданбалар бейімделген, сіз автокөлікті басқара отырып, бақылауды жоғалтпайсыз.


ЖАҢАРТУ ПРОЦЕСІ

Жұмыстарды жүргізу үшін Lexus ресми дилеріне хабарласуыңыз қажет. Жұмыстарды жүргізу жалпы 30 минуттан 1 сағатқа дейін (навигация жүйесі жоқ автокөліктерде) және 2 сағаттан 4 сағатқа дейін (навигациясы бар автокөліктерде) уақыт алады. Жұмыс тегін жүргізіледі.

2020 жылғы қаңтардан бастап жаңарту тек келесі автокөліктер үшін ғана қолжетімді:

  • 2018 жылғы маусымнан бастап 2019 жылғы қыркүйекке дейін (қоса алғанда) шығарылған Lexus ES;
  • 2019 жылғы қаңтардан бастап 2019 жылғы қыркүйекке дейін (қоса алғанда) шығарылған Lexus UX;
  • 2017 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы желтоқсанға дейін (қоса алғанда) шығарылған Lexus NX.