1. Discover Lexus
  2. UX press release
Байланысу

LEXUS ЖАҢА UX ШАҒЫН КРОССОВЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДА САТЫЛЫМҒА ШЫҒАТЫНЫН ХАБАРЛАЙДЫ

— Lexus шағын инновациялық Lexus UX кроссоверінің Қазақстанда сатылымға шығатынын хабарлайды.

— Жаңа Lexus UX — бренд тарихындағы премиумдық класстағы алғашқы шағын кроссовер.

— Lexus UX-тің батыл әрі тартымды дизайны жігерлі қала тұрғындарына арналған шағын автокөлік концепциясын көрсетеді.

— Lexus UX екі нұсқада қолжетімді: UX 200 және UX 250h. Кроссовердің бағасы 14 431 000 теңгеден 16 880 000 теңгеге дейінгі аралықта.

— 150 аттың күшіне ие 2.0 литрлік бензинді қозғалтқыш пен қуаттылығы 184 ат күшіне тең гибридті күштік құрылым керемет қырқын мен ерекше әсерге кепілдік береді.

— Әсерлі технологиялар қауіпсіздіктің аса жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, Lexus UX-ті жүргізуші мен жолаушының қорғаныс дәрежесі бойынша үздік етеді.

2019 жылдың 22 ақпанында Lexus жаңа шағын инновациялық UX кроссоверінің Қазақстанда сатылымға шығатынын хабарлайды. Алғашқы автокөліктер қолжетімді. Лексустің ел аумағындағы ресми дилерлерінде келісімшарт жасауға болады. Жаңа Lexus UX бренд тарихындағы Lexus-ке тән инновация, сән-салтанат пен қауіпсіздікті, сонымен қатар батыл дизайн элементтері мен аса тиімді күштік құрылымдарды үйлестірген алғашқы премиумдық кроссовер атанды. «UX» атауы шағын кроссоверді әзірлеу барысында инженерлер негізге алған негізгі концепцияны көрсетеді. Ол жаңа шағын кроссовердің екі іргелі сипаттамасын білдіреді: Urban (қалалық) + X-over (кроссовер) = UX. Сондай-ақ үлгі атауын Urban EXplorer — "қалалық зерттеуші" деп те түсіндіруге болады. Бұл жаңа кроссовердің негізгі сатып алушыларын, яғни сән-салтанатты өмір салтына жарқын әрі қарқынды тұрғыда қарайтын заманауи, жігерлі қала тұрғындарын білдіреді. Сонымен қатар, жаңа UX премиум сегментіне тиесілі алғашқы көлігін алуды жоспарлап жүргендер үшін тамаша таңдау болмақ. Жаңа Lexus UX шағын көлем мен кең салонның, жоғары отырыс қалпының және әсерлі басқарылу мен динамиканың бірегей үйлесімін ұсынады. Олар қуатты күштік құрылымдардан ең заманауи қауіпсіздік жүйелері мен мультимедиаға дейінгі инновациялық шешімдерден және әсерлі технологиялардан қуат алады. Мұның барлығы Lexus UX-тің тек премиумдық "шағын автокөлік" қана емес, ең инновациялық қалалық кроссоверлердің бірі болуына мүмкіндік береді.

Үлгінің негізінде Global Architecture — Compact (GA-C) жаңа жаһандық архитектурасы жатыр. Аса жеңіл және өте берік құрылымының, аса төмен ауырлық ортасының және аспасының дәл баптауларының арқасында, жаңа Lexus UX үлгілі басқарылуымен, жайлылықтың жоғары деңгейімен және ерекше ептілігімен ерекшеленеді.

Инновациялар – әңгіме автокөлік интерьері жайлы болғанда бос сөз емес. Lexus UX шағын кроссоверінің батыл әрі тартымды дизайны оның ең жақсы қасиеттерін толық көрсетеді. Lexus UX-тің келбетін жасауға дизайнерлермен, инженерлермен қатар Такуми шеберлері де атсалысты. Олар атқарған жұмыстың арқасында, беткі бөліктің 0.01 мм дәлдігін қамтамасыз ету мүмкін болды. Lexus UX-тің қарқынды, аса сәнді седанды еске салатын салоны Такуми шеберлерінің дәстүріне сай жасалған. Жаңа кроссовердің салонын әрлеуде тігудің жапондық техникасы, әсерлі перфорация мен дәстүрлі жапон қағазы "васи" құрылымына негізделген өрнектер пайдаланылған.

Lexus арнайы қала тұрғындары үшін UX үлгісінде ептілік пен жүрудегі жайлылықты үйлестірді, бұл GA-C платформасының аса берік құрылымын қолданудың арқасында мүмкін болды. Аса берік болат пен желімделетін материалдарды және лазерлі дәнекерлеуді қолдану құрылымның қаттылығын, шыңдалған басқарылуды және премиумдық жайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН UX НҰСҚАЛАРЫ

Қазақстанда жаңа Lexus UX екі нұсқада қолжетімді болады: UX 200 және UX 250h. Lexus UX 200-ге жұмыс көлемі 1987 текше см-ге тең бензинді төрт цилиндрлі қатарлы қозғалтқыш орнатылады. Бұл қозғалтқыштың қуаттылығы 150 ат күшін құрайды, ал ең жоғарғы айналу сәті – 205 Нм. Клапандарының енгізу ершігіндегі металлдың революциялық тозаңдатудың және жаңа енгізу каналының, жоғары сығу коэффициентінің (13:1), отынды бүркудің D4-S жүйесінің (тікелей және үлестірілген бүрку), газ үлестіру шамдарын реттеу жүйесінің және енгізу жағындағы VVT-iE электрлі жетегінің арқасында, 2.0 литрлік жаңа агрегат өз классындағы ең тиімді қозғалтқыштардың бірі болып табылады. Мотор өз бойына үздіксіз жұмыс пен отын үнемдеу және анағұрлым сергек кері байланысты үйлестірген жаңа Direct Shift CVT трансмиссиясымен жұптаса жұмыс істейді. Тұрған орнынан қозғалу және екпін алу үшін пайдаланылатын механикалық редукторды пайдалану есебінен трансмиссия жаңа Lexus UX-тің үнемділігі мен тамаша динамикасын қамтамасыз етеді.

Lexus UX 250h үлгісі көлемі 1987 текше см-ге тең бензинді төрт цилиндрлі қозғалтқышты, электронды сатысыз трансмиссияны және Lexus E-Four толық жетек жүйесін біріктіретін IV буындағы жаңа электрлі гибридті жүйемен жабдықталған. 184 ат күшіне ие күштік құрылым қуатының арқасында, Lexus UX 250h үлгісі тамаша динамикасымен, жоғары отын тиімділігімен және жүргізушінің әрекетіне жылдам жауап беруімен ерекшеленеді. UX-тің гибридті жүйесі жаңа қозғалтқышты алдыңғысынан жеңіл әрі ықшамды және алдыңғы жүйелермен салыстырғанда аз ішкі үйкелісімен ерекшеленетін екі электрлі мотор-генератормен біріктіреді. Гибридті жүйе бензинді моторды өшіруі мүмкін (мысалы, ұзақ уақыт еңіспен қозғалғанда) жылдамдық 115 км/сағ-қа дейін артты. Сонымен қатар UX 250h үлгісі E-Four толық жетек жүйесімен ерекшеленеді, ол артқы дифференциалмен біріктірілген және тек соған арналған электрлі мотор-генераторды іске қосады. Мұның барлығы кроссовердің кез келген жерде сенімді қозғалуын қамтамасыз етіп, оның тамаша динамикасы мен үнемділігіне кепілдік береді.

Сонымен қатар клиенттерге Lexus UX 200 үлгісі үшін қолжетімді F SPORT нұсқасы ұсынылады. F SPORT нұсқасы премиумдық кроссовердің аласа әрі жалпақ пішінін айқындайтын эксклюзивті дизайнерлік шешімдерімен ерекшеленеді. Lexus UX шағын кроссоверінің шанағының түстер палитрасы 13 түстен тұрады, оның ішінде екеуі – "ақ түсті металиик F SPORT" және "көк түсті металлик F SPORT" – F SPORT нұсқасы үшін эксклюзивті түс ретінде ұсынылады. Салонның әрлеуі мен түстерін үйлестірудің кең таңдауы ең талғампаз сатып алушылардың да көңілінен шығады. Жаңа Lexus UX орындықтарының қаптауышы матадан, былғарыдан не екеуін араластырып (F SPORT нұсқасы үшін) тігілуі мүмкін.

ЖАҢА LEXUS UX-ТІҢ БАҒАЛАРЫ МЕН ЖИЫНТЫҚТАРЫ

Жаңа Lexus UX 200 үш жиынтықта қолжетімді болады: Comfort, F-Sport және Premium. Инновациялық гибридті Lexus UX 250h Comfort жиынтығында қолжетімді

Бастапқы Comfort жиынтығында 14 431 000 теңге тұратын Lexus UX 200 бен 16 810 000 теңге тұратын Lexus UX 250h заманауи шағын қалалық кроссоверлерге қойылатын барлық талаптарға сай келетін құрылғылардың барлығымен жабдықталады. UX 200-ге арналған жиынтықта 215/60 R17 шиналарына ие 17 дюймдік жеңіл балқытылған дискілер орнатылған, ал UX 250h нұсқасында 225/50 R18 шиналарына ие 18 дюймдік жеңіл балқытылған дискілер орнатылған. Барлық нұсқалар көлік төбесіндегі рейлингтермен, жарықдиодты тұманға қарсы шамдармен жабдықталады.

Comfort жиынтығы кез келген жол жағдайында айналаны жақсы көрсететін заманауи оптикасымен ерекшеленеді. Жолдағы қауіпсіздікті бір линзалы алысқа және жарыққа түсетін жарықтың жарықдиодты шамдары, жарықдиодты күндізгі жүріс шамдары, шамдардың көлбеулену бұрышын автоматты түзеуіш және жарықдиодты артқы габаритті, тежеуіштік, тұманға қарсы шамдар мен нөмір белгісінің көмескі жарығы қамтамасыз етеді. Рөл колонкасы шығуы және көлбеуленуі бойынша реттеледі, ал жүргізуші мен алдыңғы жолаушы орындығы алты бағытта механикалық реттеледі, бұл отыру қалпын жайлы етеді. Сонымен қатар, үнсіз келісім бойынша жаңа Lexus UX-тің көп функциялы рөл дөңгелегі мен беріліс қорабының селекторы былғарымен қапталған.

Шағын кроссовер салонындағы жайлы атмосфераны Nano-e ауа иондағышы бар екі аймақтық климат-бақылау құрады. Салондағы қосымша жайлылықты орнатылған GPS-модулі бойынша уақытты автоматты түзету функциясына ие аналогтық сағат, автоматты әйнек көтергіштер, бүктеудің электрлі реттегіші мен электрлі жетегіне ие артқы көрініске арналған камералар, жарық бергіш, жауын туралы хабарлағыш, шинадағы қысымды бақылау жүйесі, круиз-бақылау қамтамасыз етеді. Салқын күндері автокөліктегі жайлылықты алдыңғы орындықтарды жылытқыш пен артқы жолаушыларға арналған ауа өткізгіштер қамтамасыз етеді. Одан бөлек, Lexus UX алдыңғы әйнектегі әйнек сүрткіштер аймағын жылытқышпен, кроссоверді қыста пайдалануды жеңілдететін жылытқышы және жуатын сұйықтықтың төмен деңгейін көрсеткіші бар бүйірлік айналармен жабдықталады.

7 дюймдік LCD-дисплейі мен Remote Touch сенсорлы панелі бар мультимедиалық жүйе WAV/FLAC/ALAC/OGG Vorbis/MP3/WMA/AAC форматтарын қолдайды, екі USB жалғағышымен, 1 AUX жалғағышымен жабдықталады, Bluetooth арқылы қосылады және 6 динамиктің көмегімен сенімді дыбыстаумен қамтамасыз етеді, сонымен қатар динамикалық белгісі бар артқы көрініске арналған камераға ие.

Клиенттердің қауіпсіздігі Lexus бренді үшін ең маңызды құндылықтардың бірі болып табылады. Жаңа Lexus UX-тің барлық нұсқалары сегіз: екі қарсы алды, екі алдыңғы тізелік, алдыңғы бүйірлік қауіпсіздік жастығымен және салонды бойлай орналасқан "қауіпсіздік пердешелерімен" жабдықталған. Одан бөлек, базалық жиынтығында Lexus UX бағыттық тұрақтылық жүйесімен (VSC), бұғаттауға қарсы жүйемен (ABS), тежеуіш күштерін үлестіру жүйесімен (EBD) және шұғыл тежелуді күшейткішпен (BAS) жабдықталады. Сонымен қатар, автокөлікте еңіспен көтерілгенде көмек беру жүйесі (HAC) мен тұрақ тежеуішін автоматты іске қосу функциясы бар. Артқы орындықтарда балалар орындығын орнатуға арналған ISOFIX бекіткіші қарастырылған.

PREMIUM ЖИЫНТЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА LEXUS UX 200 16 880 000 ТЕҢГЕГЕ ҰСЫНЫЛАДЫ

Жиынтық 225/50 R18 шиналарына ие 18 дюймдік жеңіл балқытылған дискілермен ұсынылады. Одан бөлек, Premium жиынтығындағы Lexus UX 200-дің рөл колонкасы барынша ыңғайлы отырысты іздеуді анағұрлым жеңілдететін шығуы және көлбеуленуі бойынша электрлі реттеумен жабдықталады. Автокөліктің алдыңғы орындықтары 8 бағытта электрлі реттеледі, ал жүргізуші орындығындағы бел тірегіш қосымша реттеледі. Мұндай Lexus UX 200-дегі қосымша жайлылықты қозғалтқышты Push Start батырмасы арқылы іске қосу функциясына ие кілтсіз ашу жүйесі мен электрлі жетегі бар және жанасымсыз ашу функциясына ие жүк бөлімінің есігі қамтамасыз етеді.

Premium жиынтығындағы Lexus UX 200 автокөліктері тұнық дыбыс пен тамаша дыбысталуды қамтамасыз ететін 13 динамигі бар және WAV/FLAC/ ALAC/OGG Vorbis/MP3/WMA/AAC форматтарын қолдайтын премиумдық Mark Levinson аудиожүйесімен жабдықталады. Жиынтық тізімінде ерекше орынды 16 337 000 теңге тұратын, шағын кроссовердің барлық артықшылықтары мен сән-салтанатын сақтаған, әрі жүргізуден ләззат алуға, қарқын мен әсерлі басқаруға барынша бағытталған Lexus UX 200 F-Sport алады.

Қозғалтқыш пен жетек типіне байланыссыз F-Sport нұсқасы 225/50 R18 өлшемді Runflat шиналарына ие бірегей дизайндағы 18 дюймдік жеңіл балқытылған F-Sport дискілерімен жабдықталады. UX-тің стандартты дискілерімен салыстырғанда, бірегей қорытпадан жасалған бес шабақты дискілер аса мықтылығымен ерекшеленеді, соның арқасында автокөліктің жүргізушінің әрекетін сезінуі жоғарылап, ептілігі артады.

Lexus UX 200 F-Sport эксклюзивті дизайн элементтерімен ерекшеленеді. Олардың қатарына алдыңғы бампер, радиатор торы мен алдыңғы қанаттардағы F-Sport логтиптері жатады. Салонда күшейтілген бүйірлік тірегіштері бар және арнайы былғары мен мата аралас қаптауышпен қапталған спорттық алдыңғы орындықтар орнатылған, F-Sport логотипі бар рөл, беріліс қорабының бірегей F-Sport селекторы, педальдегі алюминий қаптамалар және интерьердегі қосымшалар бар.

Көлік үлгілері мен жиынтық түрлері жайлы толық ақпаратты www.lexuskz.com ресми сайтынан алуға болады.