1. Self-Charging Hybrid
  2. Benefits
Байланысу

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Lexus-тің автоматты зарядтау гибридті технологиясы тек қоршаған ортаға ғана емес, сіздің қалтаңызға да көп зиян тигізбейді. Одан бөлек, тамаша үнемділік пен шығарындының азаюы сіздің қызмет көрсету мен пайдалану барысында аз шығындалуыңызға мүмкіндік береді.

ЖАҚСАРТЫЛҒАН ЭКОЛОГИЯЛЫЛЫҚ

Біздің зарядталатын гибридті жүйелер экологиялық жағынан таза және зиянды заттардың шығарылуын 2014 жылғы Еуро 6 стандарты бойынша дизельді қозғалтқыштар үшін рұқсат етілген мөлшердің оннан біріне дейін төмендетеді

ЕО-тың көптеген ірі қалаларында экологиялық аумақтар бар, бұл ЕО-тың климатқа жағымсыз әсер етуді азайту бойынша стратегиясының элементтерінің бірі болып табылады.

Ондай аумақтарға шығарындылар көрсеткіші жоғары көліктердің кіруіне не тыйым салынған, не қосымша ақы төленеді. Lexus гибридтері сияқты шығарындылар көрсеткіші төмен автокөліктер тегін кіре алады.

ШЫҒЫНДАРДЫ АЗАЙТУ

Әдеттегідей, дизельді үлгілермен салыстырғанда, өздігінен зарядталатын гибридті автокөліктерге сатып алуда, иелік етуде және пайдалануда үлкен экономикалық тиімділік тән.

Анағұрлым төмен қызмет көрсету шығындары

Гибридті жүйеде ілініс, ГТМ белдігі, стартерлік қозғалтқыш, генератор және т.с.с болмағандықтан, қызмет көрсетуде ұзақ мерзім бойы айтарлықтай үнемдеуге болады.

Одан бөлек, Lexus автокөліктері тежеуіш қалыптары мен шиналардың тозғыштығының төмендігімен ерекшеленетіндіктен, қосалқы бөлшектерге кететін шығындар кәдімгідей азаяды, бұл қосымша үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сіздің Lexus гибридті автокөлігіңіздің жұмысқа барынша жарамдылығын кепілдендірудің тағы бір тәсілі гибридті күштік құрылымның жыл сайынғы диагностикасы болып табылады. Бұл арнайы процедура тегін және сіздің Lexus автокөлігіңіздің жүйелі техникалық тексерісі кезінде өткізіледі. Ал егер жүйелі техникалық тексерістің уақыты әлі келмесе, өз тыныштығыңыз үшін гибридті күштік құрылымның жеке диагностиксына жазылуыңызға болады.

ҚОЛДАНУ ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҒЫ

Өздігінен зарядталатын гибридті Lexus автокөлігі зарядтауды қажет етпейді. Дизельсіз. Ымырасыз. Сізге гибридті Lexus автокөлігін розеткаға қосудың қажеті мүлде болмайды, себебі ол сізді қалаған жағыңызға жеткізуге дайын.

ЫҢҒАЙЛЫЛЫҚ ПЕН ЖАЙЛЫЛЫҚ

Lexus-тің өздігінен зарядталатын гибридті автокөліктерінің барлығы автоматты трансмиссияға ие, бұл оларды басқаруды анағұрлым қарапайым әрі бірқалыпты етеді. Одан бөлек, олар Euro NCAP қауіпсіздік рейтингінде 5 жұлдыз бағасын алды және сіздің тыныштығыңыз үшін 5 жылдық кепілдікке ие.