Байланысу
LEXUS ЖАҢАЛЫҚТАР

LFA ОН ЖАСТА

Lexus суперкардың мерейтойын атап өтуде

Lexus-тің жаңа аспектісін әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы автокөліктердің сенімді және көреген өндірушісі ретінде танытқан LFA өндірісі басталғаннан бері он жыл өтті.

Барлық ерекшеліктігі мен сирек кездесетіндігін ескере отырып – басынан бастап өндіріс тек 500 данамен шектелген болатын – LFA Lexus компаниясының сол кезден бастап шығарған әр көлікке әсер еткен мұра қалдырды. Ол жаңа трансмиссия мен материалдардың жаңа технологияларын әзірлеуде ізашар болып, Lexus брендінің айқындаушы сапасына айналған өндіріс пен дизайнға қатысты Такуми қолмен өндіру тәсілінің үлгісі болды.

LFA тарихы 2000 жылы мінсіз суперкарды құру бойынша ғылыми-зерттеу жобасы ретінде басталды. Lexus бас инженері Харухико Танахашиге толық еркіндікпен және жаңа материалдар мен технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Бұл «таза парақ» тәсілі Lexus-тің 10 жыл бұрын осы брендті шығарған LS флагмандық седанымен сәнді автокөліктерге арналған ережелер жиынтығын қайта жазғанына ұқсайды.

2001 жылы командаға мастер-пилот Хирому Нарусе қосылып, оның дағдылары LFA-ның басқарушылық пен өндірушілік бойынша қойған мақсаттарына жетудің кілті болды. Ерте кезеңдерде аспаның құрылымнан руль пішініне дейінгі 500 негізгі актив анықталды; әр бөлшек мінсіз болуы керек. Алғашқы прототип 2003 жылы құрылды, ал бір жылдан кейін ол кейіннен LFA дамуының алтын бесігі болған, аты аңызға айналған Нюрбургринг Нордшляйфе трассасын алғаш рет айналып өтті.

2005 жылы Детройтта өткен Солтүстік Америка Халықаралық автошоуда техникалық әзірлемелерді ұсынған кезде Lexus компаниясының жоспарлаған істеріне бүкіл әлемнің алғаш рет көзі жетті, ал екі жыл өтісімен өндіріске жақынырақ болатын концептуалды жеңіл автокөлік пайда болды. 2008 жылы LFA, құрылуы әлі толық аяқталмаған, жыл сайынғы төрт көріністің біріншісінде Нюрбургрингтің қатаң 24 сағатында өнер көрсетті. Бұл Lexus 2009 жылы Токиодағы Мотошоуда шығарылғанын растағанға дейін автокөліктің өнімділігі мен сапасының ең қиын сынағы болды.

Өндіріс Lexus компаниясының заманауи Motomachi зауытында 2010 жылдың соңында басталды. Дәл машина жасауға бейімділіктің болғаны соншалық, өндіріс күніне бір ғана машинаны жасалып шығарылған, әр қозғалтқыш жиналып, оған тек бір ғана техник қол қоятын, сонымен қатар машинаның зауыттық нөмірі ойып жазылған тақтайша шығарылады.

LFA ғажайып әрі түбегейлі өзгерістерге толы функцияларға толы болды. Оның негізінде көлемі 4,8 литр, Yamaha мамандарымен бірге бірлескен кәсіпорында өндірілген мүлдем V10 жаңа атмосфералық қозғалтышы алынды. Ол суперкардың кейбір бәсекелестерімен салыстырғанда кішірек және цилиндрлер саны аздау болғанына қарамастан, оның сипаттамалары ерекше болып, 8700 айн./мин. болғанда 560 а.к. ең жоғары қуатты қамтамасыз ететін. Алдыңғы бөлігінде орнатылып, артқы осьте орналасқан алты сатылы автоматтандырылған секвентальды беріліс қорабы арқылы артқы дөңгелектерді қозғалысқа келтіре отырып, ол автокөлікті не бары 3,7 секунд ішінде 100 км / с жылдамдығына дейін жеткізіп, 325 км / с максималды жылдамдығына дейін үдейте алады.

Автокөліктің салмағын азайту оның өнімділігі үшін маңызды болды, бұл бастапқы тұжырымдамаларда қолданылатын алюминийден көміртекті талшықпен нығайтылған пластик – CFRP-ге ауысу арқылы қол жеткізілді. Бұл берік әрі жеңіл, заманауи өрілген композициялық материал шанақтың басым бөлігі, жолаушылар бөлімі және трансмиссия туннелі үшін қолданылып, содан бері Lexus-тің басқа модельдерінде, соның ішінде Lexus-тің эксклюзивті F-өнімділігі тобына кіретін GS F және RC F жеңіл көліктері үшін де қолданылатын болды. Тежегіштен түсетін күш жетек сияқты тиімді болуы керек еді, сондықтан жоғары сапалы керамикалық тежегіш дискілері қолданылды.

LFA автокөлік әлеуетін барынша бақылау үшін эксклюзивті Nürburgring Package пакеті сияқты одан да артығын, жетілдірілген нұсқасын ұсына алады. Автокөліктің жарыс тәжірибесіне тікелей сүйене отырып, ол қаттылау аспаға, өнімділігі жоғары болатын шиналар орнатылған жеңіл соғылған жеңіл қорытпалы дискілерге және, жаңа алдыңғы спойлерді, алдыңғы қанаттар мен максималды қысым күші үшін GT стиліндегі бекітілген жоғары артқы қанаттарды қоса алғанда, қосымша аэродинамикалық сипаттамаларға ие болды. Жол саңылауын 10 мм азайтылғанына байланысты автокөлік те жерге жақынырақ жайғасатын болды. Қосымша қарсылықты өтеу үшін қозғалтқыштың қуаты 570 а.к. дейін ұлғайтылды.

Өндіріс тек 50 автокөліктен тұруы керек еді, әр иесіне кәсіби Нұсқаулық және Нюрбургрингке жылдық жолдама берілді. Оның сапасы 2011 жылы расталды, бұл кезде ол Акира Иданың басқаруымен Нордшляйфедегі сериямен шығарылатын автокөлікке арналған жаңа айналым рекордын орнатты.

LFA жөніндегі сөз түйінін осындай арманға қол жеткізген адам – Харухико Танахаши шығаруы тиіс. Ол мынадай түсініктер берді: «Мен жүргізушіні қозғалтқыштың дыбысы, оның жылдамдығы, басқарылуы және тұрақтылығы сияқты оның бөліктерінің бірлігі арқылы осындай күйге келтіретін суперкар құруды көздегенмін.» «Осындай күй» дегеніңіз нені білдіреді деген сұраққа ол: «эйфория» деп бір сөзбен жауап берді.