2018 lexus technology hero

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Кеңістіктің дыбысы

Дыбыс өзінің күрделілігі және көркемдігімен – біздің күнделікті тіршілігіміздің ажырамас бөлігі, ал тамаша ойластырылған акустикалық шараларды бағалаушылар үшін шынымен де керемет дыбыстан әсерлі ештеңе жоқ. Сондай адамдардың бірі дыбыстың әрдайым оның "қиялдау әдісі" болғандығын айтқан голландиялық композитор және инженер Пол Омен.

Бала кезінде көптеген дүниелерді естуге болатынын түсінуі оның дыбысқа қызығуына себеп болды және Пол бүкіл мансаптық жолын адамдар мен олар түйісетін дыбыстар әлемі арасындағы күрделі көп деңгейлі қатынасты зерттеуге арнады.

        2018 lexus technology quote landscape 1920x1080 V2
        2018 lexus technology quote portrait

«[БАЛА КЕЗІМДЕ] МЕН ЕРІКСІЗ ОЙҒА КЕЛГЕН ӘУЕНДЕРДІ СЫБЫРЛАП ӘНДЕТЕТІНМІН ЖӘНЕ БҰЛ МЕНІҢ ҚИЯЛЫМДА СОЛ ӘУЕНДЕРДЕН ТЫС ЖАТҚАН ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІН ОЯТАТЫН», — ДЕЙДІ ОЛ.

Пол Омен, композитор және инженер

«Мен дыбыстар мен кеңістіктің және дыбыстар мен менің денемнің арасында болып жатқанды тыңдаймын», — дейді ол. «Кеңістікте жаңғыратын және шағылатын дыбыстарды неғұрлым көп ажырата алатын болсаң, сен қабылдаған дыбыстардың толықтай өзара әрекеттесуден – қоршаған орта қайтаратын дыбыстарға әсер ететінін түсінесің».

Омен Будапешт қаласында тұрады және сол жерде жұмыс істейді, мұнда ол 2015 жылы бастапқыда дбыстық композициялар – театр мен операға арнап шығарма жазу мақсатында Кеңістіктік дыбыс институтын құрды. Алайда 2007 жылы ол өзінің 4DSOUND компаниясында кеңістікті, дыбыс пен қабылдауды зерттеуге бет бұрды: қазіргі таңда оның командасы 70-тен аса – жүзге жуық кеңістіктік дыбыстық жобалар жасап, тыңдау тәжірибесін жетілдіруге қызығушылық тудырды.

        2018 lexus technology1 landscape 1920x1080 v2

«Біз өзіміздің тыңдау тәжірибемізді қаншалықты жетілдірсек, айналаны соншалықты естиміз», – дейді ол. "Тыңдаудың тамаша тәжірибесі өзіне емес, қоршаған ортаға назар аудартатын дыбыстық жүйенің бар екендігін білдіреді: мұндай жүйе дыбыстарды қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде естуге және ортада орын ауыстыруға мүмкіндік береді. Дыбыстық жүйе – элементтердің тек бірі ғана; тыңдау тәжірибесінің бәрін тегіс қамтитын өзгерісі үшін барлық элементтердің – кеңістік дизайнының, оның ішкі әрлеуінің, қоғамдық аспектілердің және дыбыстық контенттің бір-біріне сәйкес болуы қажет".

Омен тең дәрежеде тыңдау тәжірибесі тыңдаушының белсенді қатысуы мен жабдықтардың сапасына байланысты деп ойлайды.

        2018 lexus technology3 landscape 1920x1080 v2

«Біздің назар аударуымыздың ұзақтығының кемігені соншалық, адамдарға расымен де"тыңдауды" қажет ететін дүниелер үшін санасынан орын тауып, соған мән беру үшін үлкен күш салу қажет», – дейді ол. "Егер біз тыңдаудан анағұрлым нәзік әрі әсем әсер алуды қаласақ, онда айналадағы шуылды бәсеңдетуден бастауымыз керек, әйтпесе біз ештеңе де ести алмаймыз".

Пол әлі де жас кезінде өзі жазған музыкаға құштар, күн сайын жұмыста да, жеке өмірде де оны көп өлшемді дыбыстардың көптеген жиынтығы қоршайды, бірақ ол бәрінен де жайлылық пен тыныштықты тыңдағанды ұнататынын мойындайды.

«Күнделікті өмірде мен көбіне тыныштықты естігім келеді», – дейді ол. "Әрине, үнсіздік – салыстырмалы ұғым, сондықтан "үнсіздіктің" орнына, шамасы, "аз шуыл мен көп кеңістік" деп айтқан дұрыс болар, менің сезім мүшелерім ашылып, тыныстаған кезде мен көбірек ести бастаймын".

        2018 lexus technology2 landscape

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

ЖЕТІСТІКТІҢ ДЫБЫСТАЛУЫ

Тамаша дыбыс бәрін өзгерте алады. Динамиктердің орналасуы мен дыбыстың сапасына дейін – Lexus автокөліктеріндегі акустикалық шешімдердің барлығы мұқият ойластырылған және нәзік те әсерлі дыбыспен қамтамасыз етеді. Кесудің көне дәстүрге негізделген жаңа көркем үлгісі