АСА ЖОҒАРЫ САПА
Lexus-тің әр бөлшегі ең жоғарғы стандарттарға сай жасалған. Lexus автокөліктері өндірісінің артында не тұрғанын біліңіз.
Дәлдік. Әуестік. Кәсіпқойлық. Осы факторлардың барлығы Lexus-тің әр үлгісінен көрініс тапқан бірегей шеберлік негізінде жатыр. Қосымша ақпарат.
Lexus-тің әр бөлшегі ең жоғарғы стандарттарға сай жасалған. Lexus автокөліктері өндірісінің артында не тұрғанын біліңіз.
Біздің автокөліктеріміздің біріне отырғанда салонға сән беріп тұрған әсерлі тігістердің көрінісінен ләззат алу үшін бір-екі минут уақытыңызды бөліңіз. Олардың әсемдігі мен алдамшы қарапайымдылығының артында ауыр еңбек тұр.
Әр тігіс мінсіз тегіс болуға тиіс. Қолмен тігілген тігістер жоғары технологиялы құралдармен және аспаптармен айқын контраст құрады.
Біздің бояуларымыз күрделі және өзіндік сипатқа ие. Біз автокөліктің сыртқы көрінісін және оның күн сәулесіне төзімділігін толығымен өзгертетін көп деңгейлі процесті қолданамыз. Бес қабат жағылып, бояу төрт рет қыздырылады.
Инновациялар енгізуді жалғастыра отырып, Lexus LC 500 спорттық купе көлігі үшін Structural Blue түсін ұсынады. Бұл керемет жаңа реңк және инновациялық әрлеу 15 жылға жуық зерттеу жұмыстарының , сонымен қатар ғалымдар, инженерлер, дизайнерлер және бояу мамандары арасындағы тығыз ынтымақтастықтың шарықтау шегі болып табылады.
Көгілдір морфо көбелегінің жайнаған қанаттарына ұқсатып әзірленген Structural Blue бояуының қабатты наноқұрылымдары әлемдегі кез келген басқа көк түске қарағанда аса жарқын әрі қаныққан түсті қалыптастыра отырып, көрінетін жарықтың 100%-ға жуығын шағылыстыру (түстердің көпшілігі шамамен 50%-ын шағылыстырады) үшін жасалды.
Бір қарағанда мінсіз беткі бөлік көп күш жұмсауды қажет етпейтіндей көрінеді, бірақ бұл алдамшы әсер. Бояудың әр қабатын жаққаннан кейін автокөліктің сыртқы беттері қолмен өңделеді.
Алынған жабын білікті Такуми шеберлері тарапынан тексеріледі, сонымен қатар цифрлық сканерлер арқылы қаралады. Бір де бір ақау назарсыз қалмайды. Біздің жоғары стандарттарымыз мінсіз тегістікті талап етеді.
Біздің қозғалтқыштарымыз тек автоматтандырылған тексерістен өтіп қана қоймайды. Аса жоғары сатндарттарға сай болуды қамтамасыз ету үшін біз тек жаңа технологияларды ғана қолданбаймыз: қақпақ астына орналасқан әр бөлшекті сарапшы тексеріп қарайды.
Мұндай тексерістер медицинадан келген компьютерлік томография сынды заманауи әдістемелермен үндестікте үйлеседі. Дәстүрлі сканерлейтін құрылғылармен салыстырғанда, томограф әр қозғалтқышқа үңілуге мүмкіндік береді, бұл оның Lexus сапасының жоғары талаптарына сәйкес болуына кепілдік береді.
Такуми дәлдік пен сапаны бақылау үшін әдеттегі стетоскопты да пайдаланады.
Нағыз шеберлікке апаратын бір ғана жол бар және ол бөлшектерге ерекше мән беруді қажет етеді. Жұмысшылардың осы стандартқа жеткендігіне көз жеткізу үшін, олар тіпті автокөліктерге қасақана кемшіліктер мен таңбалар қалдырады. Ұшқыш-сынаушыларды мұқият дайындау мен болашақ Такуми шеберлері өз қабылдау сезімін жаттықтыратын бөлмелер – бұл эпизодтар неліктен ештеңенің де Lexus орындауының деңгейіне тең келмейтіндігін баяндайды.
Маңдай алды Lexus шеберлігі - бұл адамдар мен машиналардың үндестіктегі жұмысының нәтижесі. Біз шеберлеріміздің бірегей сезіну шеберлігін роботтардың бірізді әрі тиімді қимылына бағдарламаладық және бұл Lexus орындауының бірегей деңгейін мүмкін етті.
Мыңдаған сағаттық тәжірибе мен жаттығудан өткен Такуми шеберлері шамамен адам қабілетінен тыс сезіну шеберлігін жетілдіреді. Олардың көзі қарапайым адамға көрінбейтін бөлшектерді байқайды, құлақтары қозғалтқышты хирургиялық дәлдікпен баптауға, ал сезінуі көлемі миллиметрге де жетпейтін мінді байқауға мүмкіндік береді.